Белсенді элементтер қоспа металдың құрамына енгізілуі мүмкін.
Жауапты емес аз жүктелген құрылымдарды пісіру үшін қоспа металл
ретінде ашытқышсыз мысты қолдануға ұсынуға болады. Мысты газбен
пісіру барысында флюстар қолданылады. Бірақ жұқа металды (3 мм-ге
дейін) пісіруде оларды қолданбауға да болады. Бу тәрізді, ұнтақталған
қалыпта немесе паста түрінде қолданылатын флюстар металды газдың
тікелей әсерінен қорғап қана қоймай, сондай-ақ пісіру ваннадағы еріген
мыстың оксидтерін байланыстыруға және кетіруге тиіс. Әдетте мұндай
пісіруге негізінде бор қосылыстарынан
тұратын қышқылды флюстар
қолданылады.
1,5-2,0 мм дейінгі қалыңдықтағы түйіс жалғастарды негізінде
қоспа металсыз пісіреді. Жиектер арасындағы саңылау арқылы металл
ағып кетпеуі үшін олардың астына асбестті немесе графитті төсейді.
Қалыңдығы 3 мм басталатын жалғастарды пісіруде V-тектес жиектердің
қиғаштығын қолданады, бұл пісіру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік
береді, демек, металдың қышқылдануын азайтады. Мұндай өңдеудің
ашылу бұрышы металл қалыңдығынан алғанда 1/5 тең, бірақ 1,5-2,0 мм
кем емес, мұқалтумен 90° құрайды. Қалыңдығы 10 мм астам жалғастар
үшін және жіктің екі жағынан тік бағытта пісіруді атқаратын екі
пісіруші қатар жұмыс жасағанда, Х-тектес жиектің өңдеуін қолданады.
Мысты пісіруде ацетиленді алмастырғыштар (пропан-бутан, табиғи
газ және т.б.) ацетиленоттекті жалын мен газ жалынын қолданады, бұл
ретте термиялық әсер аймағы көбірек, демек өзгеріске ұшырауда
көбірек болады. Ацетиленді алмастырғышпен жұмыс жасау барысында
пісірушіге жалындың қажет етілетін сипатын көзбен мөлшерлеу
қиындау, ал бұл пісіру сапасының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Бір жанарғымен пісіруде жалынның қуаттылығы (ацетилен
шығыны, л/сағ)
V
a
= (150-200) s,
(7.5)
мұнда
s
— мыстың
қалыңдығы, мм.
Жалын сипаты р = 1,1-1,2 сәйкес бекітіледі, яғни қатаң түрде
қалыптағы.
Мысты пісіруде жалын жұмсақ болуы және болатты пісіру
барысындағы бұрыштан үлкен болып табылатын бұрыш астынан
бағытталуы тиіс.
Қоспа пісіру ваннасы суымау үшін оның үстінде болуы тиіс,
сонымен бірге балқытылатын сым пісіру ваннаның үстіңгі бетіне жақын
болуы міндетті, бұл оның тотығуын азайтады.
204
Қалыңдығы 5 мм дейінгі табақ мысты сол әдіспен, ал көбірек
қалыңдықтағыны мүмкіндігінше оң әдіспен пісіреді.
Мысты бір
қатардан пісіреді, өйткені бірінші қабаттың өзі қатты тұтасып, оның
үстіне екінші қабатты орнатса (мыстың ыстықтай сынғыштығы 250-
500°С температурасында) жарықшақтың пайда болуы әбден мүмкін.
Жай жезді пісіру үшін маркасы негізгі металл сияқты жез сымды
және пісіру ваннадан мырыштың буға айналуын болдырмайтын БМ-1
маркалы флюсты қолдануға болады.
Жезді пісіруде флюстарды әрқашан дерлік қолданады. Бұл ретте
ерекшелікті өзі флюстанатын ЛКБ062-0,2-0,04-0,5 маркалы қоспа
металды қолдану жағдайы құрайды. Жезді пісіру барысында, әдетте,
негізгі оксидтер түзіледі, мәселен, CuO, ZnO, MnO, сондықтан оны
пісіру барысында қолданылатын флюстар құрамына қышқылды негізге
ие қосындылар кіреді. Қышқыл
флюс ретінде негізінде В
2
О
3
борлы
ангидридті қосындыларды қолданады. Металл оксидтері борлы
ангидридпен өзара әрекеттесе отыра боратты түзеді, мысалы, ZnO-B
2
O
3
,
CuO-B
2
O
3
, MnO-B
2
O
3
және т.б.
Пісіру кезінде жанарғы жалыны оның ядросы ваннаның үстіңгі
бетінен 10-15 мм қашықтықта болатындай бағытталады. Жалынның
ядросын қоспалайтын шыбықша мен пісіру ваннасының бетіне жанауға
болмайды, өйткені бұл балқытылған металдың қатты қызып кетуі мен
оның сутекті сіңіруіне соқтырады. Қоспалайтын шыбықшаның ұшы
балқытылған ваннаға батырылуы мүмкін. Жанарғы мүштігінің
пісірілетін
металдың
бетіне
көлбеулену
бұрышы
металдың
қалыңдығына байланысты 30-90° құрайды, сонымен қатар өнімді
қыздыру дәрежесіне байланысты ол өзгеруі мүмкін. Мүштіктің
көлбеулену бұрышына тәуелді пісіру процесінің өнімділігі осы бұрыш
неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жоғары.
Жезді газбен пісіру кезінде, мысты пісірудегі сияқты,
негізінен
алғанда түйіс жалғастар қолданылады, анағұрлым сирек— бұрыштық
және өте сирек — айқасқан жалғастар. Пісіру астындағы жиектерді бір
рет жүргенде пісіру металдың барлық қалыңдығына толық пісірілім
болатындай етіп дайындайды.
Жезді, әдетте, сол әдіспен металдың барлық қалыңдығындағы
жиектердің пісіруімен бір қабатта пісіреді. Бірақ та салыстырмалы
үлкен қалыңдықтағы жезді пісіру барысында бір жүргенде толық
пісіруді қамтамасыз ету қиын. 3 мм астам қалыңдықтағы жезді пісіруде
толық пісірімді кері жағынан пісірім жігінің
қосындысын сала отыра
алса, 5 мм бастап және жоғары қалыңдықтағы жезді пісіру үшін
технологиялық төсенішті қолданады. Мұндай төсеніш жез бен мыстан
(қалатын) немесе тотықтануға төтеп беретін болаттан (алынбалы)
дайындалады.
205
Қоланы пісірудегі негізгі қиындық, әсіресе, 5
%
астам алюминийлі,
А1
2
О
3
қиын балқитын алюминий оксидін түзуге байланысты, оның
балқу температурасы негізгі металдың балқу температурасына
қарағанда жоғары, және ол пісіру барысында сұйық ваннаның түбіне
шөгіп қалады.
Газбен пісіру барысында алюминий оксидін жалын арқылы
қалпына келтіру мүмкін емес. Пісіру ваннасынан оксидті арнайы
флюстардың көмегімен ғана кетіруге болады. Неғұрлым тұрақты және
сапалы нәтижені көмірлі электродпен сондай-ақ аргон-доғалы пісіру
қамтамасыз етеді.
Газбен пісіру тұрақты нәтижені бермейді,
сондықтан да сирек
қолданылады. Алюминийлік қоланы газбен пісіру барысында
жиектерді қалайылы қоланы пісірудегі сияқты дайындайды. Р = 1,2-
1,3 қатынасын сақтай отыра қалыптағы жалынмен оларды пісіреді,
бұл ретте жалын жұмсақ болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: