В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет116/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

8.4.
СЫҒЫМДАЛҒАН ГАЗДАРҒА АРНАЛҒАН
БӘСЕҢДЕТКІШТЕР 
Газды бәсеңдеткіш баллоннан немесе газ құбырынан келіп түсетін, 
газ қысымын төмендету, және шығыс бұрандалы тетігінде оның 
шығыны мен қысымын тұрақтандыру үшін тағайындалған.
Тікелей әрекет етуші бәсеңдеткіштер
– келіп түсетін газдың 
қысымы бәсеңдеткіштің жұмыс камерасына газдың кіруі үшін қызмет 
ететін, қақпақшаны ашатындығымен, және 
кері әрекет ететін 
бәсеңдеткіштер
– келіп түсетін газдың қысымы бұл қақпақшаны 
жабуға жабатындығымен ажыратылады. Пайдалануға аса ыңғайлы 
және қауіпсіз кері әрекет ететін бәсеңдеткіштер болып табылады.
Газдың түрі бойынша бәсеңдеткіштер оттектік, ацетиленді, пропан-
бутанды және метанды болып бөлінеді.
Сыртынан қарағанда олар бояуымен, яғни аталған газ үшін 
баллонның түсіне сәйкес түсі болуы тиіс. Газ бәсеңдеткіштері баллонға 
бекітілетін құрылғының құрылғысына қарай бөлінеді: ацетиленді 
бәсеңдеткіштерде 
тірек 
бұрандасы 
бар 
қамыт, 
ал 
қалған 
бәсеңдеткіштерде – баллонның шұрасындағы бұрандасына сәйкес, 
салмалы сомыны болады.
Кеміту сұлбасы бойынша бірсатылы (біркамералы) бәсеңдеткіштер 
және екісатылы (екі камералы), онда қысым екі кезеңмен төменделетін 
болып бөлінеді.
Барлық бәсеңдеткіштердің ұстанымы бірдей. Оны кері әсері бар 
бірсатылы баллонды бәсеңдеткіш мысалында қарастырамыз (8.12- 
сурет).
Газ баллоннан (8.12, а- сурет) кірісінде манометр 1 орнатылған, 
жоғарғы қысым камерасына 11 түседі. Газ қысымы өзінің еріне 
серіппемен 2 қысылған, 10 қақпақшаның ашылуына кедергі келтіреді.
Газды жанарғыға беру үшін ретке келтіруші бұрандамен 8 серіппені 
қысу қажет 7, ол резеңке мембранаға әсерін тигізіп 6, сояуыш арқылы 
қақпақшаға 10 әсерін тигізетін болады.
Қақпақшаның күйі 10 серіппелердің 2 және 7 қысылу күштерінің
ара қатынасына қарай болады. Егер 7 серіппенің қысылу күші 2 
серіппенің қысылу күшіне қарағанда көп болса, 10 қақпақша ашылады
және газ 10 қақпақша кедергісінен өтіп, 9 төменгі қысым камерасына 
өтеді.(8.12, б- сурет).
227


8.12-сурет Жабық (а) және ашық (б) күйлерінде кері әсер ететін бірсатылы 
баллонды бәсеңдеткіштің сұлбасы:
1 — жоғарғы қысым манометрі; 2, 7 — серіппелер; 3 — төменгі қысым манометрі; 4 — 
сақтандырғыш қақпақша; 5 — шұра; 6 — резеңке мембрана; 8 — ретке келтіруші бұранда; 
9 — төменгі қысым камерасы; 10 — қақпақша; 11 — жоғарғы қысым камерасы. 
 
Сонымен бірге байланыстырушы резеңке тармақтары бойынша 
дәнекерлеуші жанарғысына 5 шұрасы арқылы өтетін газ бойынша, 9 
камераның шығысында орнатылған, 10 қақпақша ашық болған 
сайын, төменгі қысымды манометрмен 3 өлшенетін, 9 камерадағы 
жұмыс қысымы көп болады. 
Осылайша, жұмыс қысымын ретке келтіру 8 бұрандамен 
жүргізіледі: оны бұрау кезінде 7 серіппенің күші мен 10 
қақпақшаның өтетін қимасы арттырылады, сәйкесінше 9 
камерадағы қысым азаяды және керісінше кемиді.
Орнатылған жұмыс қысымын тұрақтандыру келесі жағдайда 
жүзеге асырылады. 8 бұранданың күйі шығынды теңдестіру мен 
бәсеңдеткішке газдың түсуі тұрақты жұмыс қысымын қамтамасыз 
етеді. Егер газ шығыны, оның балоннан келіп түсуінен көп болған 
жағдайда, 9 камерадағы қысым төмендейді, 7 серіппе 
жаздырылады, 10 қақпақша көбірек ашылып, 9 камераға газдың 
түсуі арттырылып, ондағы қысым жұмыс күйіне дейін артады және 
керісінше болады. 
228


Егер қандайда бір себептермен тұрақтандыру жүргізілмесе және 
9 камерадағы қысым қауіпті шегіне дейін арттырылса, 4 сақтандыру 
қақпақшасының серіппесін қысу қажет, қақпақша ашыладыжәне 
артық газ атмосфераға лақтырылады.
Бәсеңдеткішті баллонға, оны 1...2 ашып, бәсеңдеткіштің шұғасы 
мен бұрандасында ластану мен май іздері жоқтығына көз жеткізіп,
алдын ала балонның шұға саңылауын үрлеп, 8 бұранданы соңына 
дейін бұрап жалғау қажет.
Бәсеңдеткіштің таңбасында келесі әріптік белгілер қолданылады: 
Б — баллонды; С — жүйелі; Р — рампалы; А — ацетилен; В — 
сутегі; К — оттегі; М — метан; П — пропан; О — серіппелі ретке 
келтіргіші бар бір саты; Д — серіппелі ретке келтіргіші бар екі саты; 
З — бір саты пневматикалық белгісі бар бір саты.
Таңбадағы 
сандар 
бәсеңдеткіштердің 
м
3
/ч 
аса 
өткізу 
қабілеттіліктерін көрсетеді. Бәсеңдеткіштердің әрбір типіне бір 
немесе бірнеше таңба сәйкес келеді. Бәсеңдеткіштерді әртүрлі 
климатикалық жағдайларда жұмыс істеу үшін МемСТ 6268-78 
сәйкес әзірлейді. 
Бәсеңдеткіштердің корпустары газ баллондардың түстеріне 
сәйкес боялады: оттекті – көк, ацетиленді – ақ, пропанды – қызыл.
Ацетиленді бәсеңдеткіштер оттекті ұқсас іс-әрекеттер 
ұстанымына сәйкес. Олардың айырмашылығы баллон шұрасына 
қарай жалғау әдісінде болады. Бәсеңдеткішті балонның бұрасына 
жалғамас алдын шұра келтеқосқышын үрлеп, бәсеңдеткіш 
келтеқосқышының 
төсемесінің 
және 
салмалы 
сомынының
дұрыстығына, сондай-ақ онда ластанудың болмауына көз жеткізіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет