8.16-сурет газоттекті кескішердің жүйелі (а) концентрлік (б) орналасуы:
1
— кескіш оттегіге арналған арна;
2
— жылытқыш қоспаларына арналған арна
Жылыту жалынының қоспаларына арналған арналардың
концентрлік орналасуы мен оттегінің кесу ағыны (8.16, б -сурет)
айтарлықтай ыңғайлы. Жылыту жалынының арналары концентрлік
орналастырылған кескіштерде отты түтік пішінін алады, олар осі
бойынша оттектің кескіш ағыны болады. Мұндай кескіштер кесуді
кез келген бығытта жүргізуге мүмкіндік береді: оттекті кесу ағыны
әрқашан жеткілікті жылытылған металға түседі, ол айтарлықтай
ыңғайлы, ал үдеріс бағыты өзгеріп отыратын, пішінді кесу үшін ол
әрқашан қажет болып табылады. Арналар
концентрлік орналасқан
кескіштерінің артықшылықтарының салдарынан кең қолданылымда
болып табылады. Жанар ретінде шығарылатын қол кескіштері үшін
ацетилен, оны алмастырғыштар мен керосин пайдаланылады.
8.17-суретте Р2А-02 қол әмбебап кескішінің құрылымы
ұсынылған. Мұндай кескіштің корпусында 9 оттегі мен жанғыш
газды өткізуге арналған саңылауы бар, сондай-ақ жылытқыш және
жанар газдардың шығынын ретке келтіруге арналған шұралар
орнатылған. Оттегі 7 мен жанар газды 8 беруге арналған
келтеқосқышы бар түтіктер кескіштің ұстағышына 6 жалғанған.
Корпусқа 9 салмалы сомынмен 11 инжекторы бар 10 камера 12
жалғанған, ол жерде жылытқыш оттегі мен жанар газының
араласуы жүргізіледі. Инжекторды
қолдану орташа және жоғарғы
қысымы бар жанар газының желісінен (0,98 кПа дейін) мұндай
кескішпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
233
8.17-сурет Р2А-02 қол әмбебап кескішінің құрылымы:
1, 2
— сәйкесінше сыртқы және ішкі мүштік;
3
— басы;
4, 13
— сәйкесінше кескіш оттегі
мен жанар қоспаларына арналған түтіктер;
5
— шұра;
6
— ұстағыш;
7, 8
— сәйкесінше
оттегі мен жанар газды өткізуге арналған келтеқосқыш;
9
— корпус;
10
— инжектор;
11
—
салмалы сомын;
12
— алмастырғыш камера
Жылытқыш оттегі инжектор арқылы өтіп, араластыру камерасында
сұйылтуды қамтамасыз етеді, оның арқасында жанар газдың сорабы
жүргізіледі. Бұдан әрі жанар қоспа түтік бойынша 13 кескіштің
басына 3 түседі, ал одан ішкі мүштікте 2 орналастырылған,
оймакілтек арналарына түседі. РЗП-02
кескіші ацетиленді
алмастырғыш газдарында жұмыс істеуге арналған ұқсас құрылымы
бар және Р2А-02 үлкен көлемдегі инжекторлар мен шығыс
оймакілтектерімен ерекшелінеді.
Құрылыс алаңдарында және далалық жағдайларда оттекті
кесу үшін төмен көміртекті және төмен легирленген болат оттекті
кескіші үшін РК-02 (8.18-сурет) керосин кескіштері қолданылады,
олар сұйық жанарда (керосинде) жұмыс істейді. Мұндай кескіш
шұралар 8 мен жалынды ретке келтіргіштері, ұстағышы 10 бар,
оның сыртқы бетінде асбестпен
толтырылған араластырғыш
камерасы, жылытқыш шүмегі 17, ішкі 1 және сыртқы 2 мүштігіні
монтаждалған. Керосин кескішке қысымы 20-200 кПа қысымымен
арнайы шланг бойынша қол сорғысымен күбешеден беріледі. Оттегі
бұрандалы түтік 11, шұра 8, түтік 4 және инжектор арқылы
камераға 16 түседі, ол жерде буландырғыштың 15 асбестті
қоспасымен толтырылған жанар газдың буымен араластырылады.
Керосин кері қақпақша 12 және түтік 6 арқылы буыландырғышқа
түседі, жұмыс істеу барысында керосинкескіші шүмегінің
жалынмен 17 қыздырылады. Жанар газ буының шығыны инжектор
түтігімен қатты байланған сермермен 13 жалғанады.
234
2
3
1
8.18-сурет РК-02 керосин кескішінің құрылымы:
1, 2
— сәйкесінше ішкі және сыртқы мүштік:
3
— басы;
4
...
6
— сәйкесінше жылжытатын,
оттекті және керосинді кесетін түтіктер;
7
—оттекті кесуге арналған бекіткіш шұра;
8, 9
—
жалынды ретке келтіруші шұралар;
10
— ұстағыштар;
11
— оттекті беруге арналған
бұрандалы түтік;
12
— кері қақпақ;
13
— сермер;
14
— үш айыр;
15
— буландырғыш;
16
—
араластырғыш камера;
17
— жылытатын шүмек.
Керосин кескішпен жұмыс істеу кезінде жалынның оттекті
шлангына соққысын алдын алу
мақсатында жанар бөшкесінің
қысымы, оттегінің жұмыс қысымынан әрқашан аз болу қажет, ол
керосиннің оттекті ұстағышына ағуын алдын алады.
Оттекті кесуге арналған машиналар ауыр қол еңбегінің көлемін
қысқарту, өнімділікті арттыру мен кесу сапасын жақсарту
мақсаттарында қолданылады. МЕСТ 5614-74 сәйкес оттекті кесуге
арналған машиналар екі негізгі типтерге бөлінеді: стационарлы
және жылжымалы.
Оттекті кесуге арналған стационарлы
машиналар келесі
жағдайда бөлінеді:
■
құрылымдық орындалуы бойынша — порталды (П), олар
кесілетін бөлігінің тікелей астында орналастырылады, порталды
– консольді (Пк), кесілетін бөлігінде тек қана консоль және
топсалы (Т) болып орналастырылады;
■
қозғалту әдісі немесе контурды басқару жүйесі бойынша –
сызықты (С) тік сызықты кесу үшін, магнитті (М) фотокөшірмелі
пішінді кесуге арналған құрыш көшірмесі үшін.
Достарыңызбен бөлісу: