В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет121/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

 
 
9-
ТАРАУ
 
 
ҚОРҒАЙТЫН
 
ГАЗДАРДАҒЫ
 
АВТОМАТТЫ
 
ДӘНЕКЕРЛЕУ
 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
 
 
9.1.
ҚОРҒАУШЫ ГАЗДАРДА 
БАЛҚЫМАЙТЫН
 
ЭЛЕКТРОДПЕН ПІСІРУ
 
 
Қорғаушы газдарда пісіру өндірісте кеңінен қолданыс тапты. 
Осы әдіспен түрлі кеңістік қалыпта қалыңдығы он бірліктен ондаған 
миллимертрлерге дейін жартылай автоматты және автоматты түрде 
әртүрлі металдарды және қорытпаларды біріктіруге болады. 
Қорғаушы газдарымен пісіру кезінде (9.1- сурет) 

доға аймағына 

оттық шүмегі арқылы 3 қорғаушы газы үздіксіз беріледі. Доғаның 
жылумен 

негізгі металл балқиды, сондай-ақ егер пісіруді балқитын 
электродпен жасаса, онда электродты сым балқиды. Пісіру 
ваннасының балқыған металы кристалдана тігісті құрайды. 
Балқымайтын электродпен пісіру кезінде электрод балқымайды, ал 
оның шығындалуы металдың булануымен немесе жоғары пісіру 
кезінде жартылай ерумен беріледі.
Жіктің пайда болуы негізгі металдың шетінің немесе қосымша 
енгізілген қоспа металдың балқуынан болады.
Қорғаушы газдары ретінде инертті (аргон және гелий) және 
белсенді (көмірқышқыл газы, сутек, оттегі және азот) газдары, 
сонымен қатар орталықтан немесе бүйірінен берілетін электродқа 
қатысты оның қоспалары қолданылады.
9.1-сурет. Қорғаушы газдарында пісіру сұлбасы:
1
— доға; 
2
— жанарғы шүмегі; 
3
—қорғаушы газ
ағыны ; 
4
— негізгі металл
239


Вольфрам электродын қорғаныш ретінде пайдаланған кезде 
инертті газ немесе олардың қоспалары және тұрақты немесе 
ауыспалы тоқтар қолданылады. Көптеген металдарды балқытып 
біріктірудің үздік нәтижелері иттрийленген немесе лантанданған 
вольфрамды электродтарын қолданғанда қамтамасыз етіледі. 
Электродты дайындауда вольфрамға 1,5-2,0% иттрий немесе лантан 
оксидтері қосу олардың төзімділігін арттырады және пісіру тоғын
15 % -ға көтеруге мүмкіндік береді. Пісіру алдында электродтың 
жұмыс жасайтын жағын әдетінше екі- үш диаметр ұзындықпен 60°
бұрыштағы конуста ұштайды. Электродтың ұшталған түрі тігістің 
түрі мен мөлшеріне әсерін береді. Ұштау бұрышын және мұқалған 
диаметрді азайтумен балқыту тереңдігі мөлшері біршама артады.
Бұйымға тікелей қарама- қарсы тоқ кезінде негізгі металдың 
тереңдей балқуын қамтамасыз ететін доғаның жылуы 70 % -ға дейін 
бөлінеді. Бұл ретте анодта (электродта) оның барынша қызуына 
және жұмыс жасайтын жағының еру мүмкіндігіне әкелетін көп 
энергия бөлінеді.
Ауыспалы тоқты пайдалану кезінде электрод пен мүлік қарама- 
қарсылығы тоқ жиілігінің өзгерісімен бірге өзгереді, сондықтан 
электрод пен мүліктегі бөлінетін жылудың мөлшері шамамен бірдей 
болады. Ассиметриялық ауыспалы тоқпен доғаны қуаттандыру 
арқылы алюминий қорытпаларын балқымайтын электродпен пісіру 
өте тиімді. Пісірудің аталған тәсілі кезінде доғаны қуаттандыру 
үшін өндірістік жиіліктегі арнайы тоқ көздері пайдаланылады, әрі 
тік және кері қарама- қарсы тоқтар айтарлықтай ерекшеленеді. (9.2-
сурет). Доғаның тиісті мәндегі тоқтарын таңдау пісіру ваннасын 
қажетті катодтың өңделуін кері қарама- қарсы тоқтың әрекеті 
кезінде қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді, әрі тік қарама- қарсы 
9.2-сурет.Балқымайтын электродпен пісіру кезіндегі асимметриялық айнымалы 
тоқтың осциллограммасы
240


тоқтың күшейтілген импульсының әсері есебінен доғаның балқыту 
қасиетін арттырады. 
.
Бұл ретте жіктің түріне белсенді әсер ету 
мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, әрі балқымайтын вольфрамды 
электродтың төзімділігінің қанағаттанарлық үйлесімі және мүлік 
үстін катодты тазарту дәрежесі сақталады. 
Жұқа табақты металды пісіру үшін импульсты доға 
қолданылады. Бұл жағдайда тұрақты тоқтың күшті импульстерімен 
қуатталған доғамен негізгі металл балқытылады. (9.3, а-сурет). 
Доға жанғандағы үлкен үзіліс кезінде (£
п
) доғалық аралық 
ионсызданады, бұл оның қайталай жануының қиындығына әкеледі. 
Бұл кемшілікті жою үшін негізгі импульсты доға салынатын, 
екінші, әдетте, дербес нәрлендіру көзіндегі кезекші, қуаттылығы аз 
доға тұрақты демеп отырады. Электродтан термоэлектронды 
эмиссияны үнемі сүйемелдейтін кезекші доға негізгі пісіру 
доғасының тұрақты шығуын қамтамасыз етеді. 
Бұл реттегі алынатын пісіру доғасы жіктің бір- бірін жекелей 
жабатын нүктелерден тұрады (9.3, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет