В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет123/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

 
ҚОРҒАУШЫ ГАЗДАРДА
БАЛҚЫМАЛЫ ЭЛЕКТРОДПЕН ПІСІРУ 
243


автоматтың жылжымайтын арбасына орналастырылады, ал 
екіншісінде - қозғалмайтындай етіп орнатады. 
Автоматты доғалы пісірудің кез келген тәсілінің негізгі 
параметрлеріне пісіру тоғы, доға кернеуі және пісіру жылдамдығы 
жатады. Үрдістің қосымша параметрлері автоматты пісіру тәсілімен 
анықталады. 
Балқымалы электродпен пісіру кезінде электродты балқыту 
үдерісінің және пісіру ваннасына электродты металды көшірудің 
үш негізгі түрін анықтауға болады: қысқа тұйықталулар,тамшылық
және бүріккіш.
Мерзімді қысқа тұйықталулары бар үрдістерге 15-22 В.
кернеулі қысқа доға кезінде 0,5-1,6 мм диаметрлі электродты 
сымдармен пісіру тән. Кезекті қысқа тұйықталудан соң (1 және 2 
кезеңдер 9.6, а- суретте) сыртқы тартылыс күшімен электродтың 
қапталына тамшылай жиналады. Нәтижесінде доғаның ұзындығы 
мен кернеуі максималды болады. 
Барлық үрдіс ішінде электродты сымды беру ұзақтығы тұрақты, 
ал оның еру жылдамдығы 3 және 4 - кезеңдерде оның беру 
жылдамдығынан аз бола бастайды, сондықтан тамшысымен 
электрод қапталы қысқа тұйықталудың 5 - кезеңіне дейін пісіру 
ваннасына (бұл ретте доға ұзындығы мен оның кернеуі азаяды) 
жақындай түседі. 
9.6-сурет. Балқыту үрдісінің және электродты металды көшірудің негізгі түрлері: 
а
—қысқа тұйықталулармен; 
б
— тамшылық; 
в
— бүріккіш; 1...5 — үдеріс
кезеңдері 
244


Қысқа тұйықталу кезінде пісіру тоғы күрт өседі де, нәтижесі 
ретінде электрмагнитті күштердің сығылысу әрекеті артады, 
олардың біріккен әрекеті электрод пен бұйым арасындағы сұйық 
металдың бөгетін бұзады. Қысқа тұйықталу кезінде балқыған 
электродты металл тамшысы пісіру ваннасына өтеді. Бұдан әрі 
үрдіс қайталанады.
Доғалық аралықтың мерзімдік тұйықталуы секундына 90 – 450 
рет жиілікпен іске асырылады. Электродты сымның әр диаметрі 
үшін (материалға, қорғаушы газына және т. б. байланысты) қысқа 
тұйықталуыларымен бірге пісіру үдерісі бар пісіру тоқтарының 
диапазондары болады. Үрдістің оптимальды параметрлері кезінде 
пісіру кеңістіктің түрлі қалпында болуы мүмкін, ал электродты 
металдың шашырау шығыны 7 %- дан аспайды.
Пісіру тоғының тығыздығы мен доға ұзындығының артуы 
электродты металдың балқу сипатының және электродты металл 
ауысуының өзгерісіне, қысқа тұйықтаулары бар қысқа доғаны 
пісіруден жиі қысқа тұйықтаулары бар немесе олары жоқ үрдіске 
көшуге әкеледі. Бұл жағдайда пісіру ваннасына электродты метал 
түрлі мөлшерде жекелей ірі тамшылар (9.6, 
б-сурет), анық жақсы 
көрінетіндей жүйесіз 
тасымалданады. Бұл ретте доғаның 
технологиялық қасиеті төмендейді, төбе қалпында пісіру 
қиындайды, электродты металдың қалдық шығыны және 
шашырауы 15 %- ға дейін артады.
Доғаның технологиялық қасиетін арттыру үшін оның лездік 
қуаттылығының мерзімдік өзгеруін қолданады, яғни импульсты 
доға пісіруі (9.7-сурет). Бұл жағдайда тоқтың импульсы әрекетінен 
электродтың ұшына тамшыны қалыптастыруды қамтамасыз 
ететіндей жылдам балқыту жүзеге асады. Электрмагнитті 
күштердің күрт артуы осы тамшының түп жағын тарылтады да,
оны кез келген кеңістік қалыпында пісіру ваннасы бағытына 
лақтырады. Кері қарама – қарсы пісіру тоғының тұрақты мәні 
бойынша (импульстермен немесе импульссіз) жеткілікті жоғары 
тығыздықтар кезінде және инертті газдардағы доғаның жануы 
кезінде электродты металдардың өте ұсақ тамшылы ауысуын 
бақылауға болады. Осындай 
ауысу ағыс
деп аталады, себебі оны 
бақылау кезінде балқыған металл пісіру ваннасына электрод 
қапталынан үздіксіз ағыспен ағатындай әсерді айқын байқауға 
болады (9.6, 
в-сурет). 
Электродты металдың тамшыдан ағысқа 
ауысу сипатының өзгеруі пісіру тоғының электродтың аталған 
диаметрі үшін сындық мәнге дейін артуы кезінде жүзеге асады.
245


J _______________________ L
t
9.7-сурет. Доға кернеуінің және пісіру тоғының импульсты доға пісіруі кезіндегі 
өзгерісі: 
1
п

и
п
— кідіріс уақытындағы тоқ және кернеу; 1
и

и
и
— импульс уақытындағы тоқ 
және кернеу;;t
n

Ь
и
— кідіріс және импульс ұзақтығы
Қорғаушы газы құрамының өзгеруі де сындық тоқтың мәніне 
әсерін береді. Мысалы, аргонға 5 % - ға дейін оттегі қоспасы 
сындық тоқтың мәнін азайтады. Арнайы шараларды қолданбастан 
көмірқышқыл газында пісіру кезінде электродты металдың ағысқа 
ауысуын алу мүмкін емес.
Электродты металдың ауысу сипатын басқару мақсатында 
жұмыс тоқтарының диапазонын кеңейтуге мүмкіншілік беретін, 
оның ішінде қысқа тұйықталулармен пісіру кезінде, электродты 
сымдардың импульсты берулерін пайдалану талпыныстары 
қолданылады. Қысқа тұйықталуларды бұл ретте сымды үздіксіз 
берумен салыстырғанда 3 - 5 рет арттыруға болады. Алайда бұл 
тәсілді өндірістік қолдану сымды импульсты берудің сенімді 
механизмдерінің жоқтығынан қиындық туғызады.
Балқымалы электродпен пісіру кезінде сыртқы магнитті өрістер 
доғаны қабылдамайды. Сыртқы магнитті өрістердің әсер ету 
ықпалы ұзын доғаны пісіруде байқалады, ал электродты металдың 
ағысқа ауысуы кезінде барынша көзге түседі. Бұл жағдайда 
балқыған электрод қапталы сыртқы магнитті өріс жиілігімен 
синхронды ауытқиды. Оның көлденең ауытқуы кезінде тігістің ені 
кеңиді және балқу тереңдігі азаяды. Пайда болған жіктердің 
нәтижесінде өзінің осі бойынша балқудың айтарлықтай тереңдігі 
болмайды. 
246


Доғаның технологиялық сипаттамаларының өзгеруі жоғары 
жылдамдықтағы қорғаушы газын орталықтан беруді пайдаланудан 
болуы мүмкін. Газдың дағдылы шығындар кезінде жоғары 
жылдамдықпен бітуі шығатын тесіктері азайтылған шүмектерді 
қолданғанда жетуге болады. Доғаны газбен үрлеу оның үстін 
азайтуға, яғни сығылуына мүмкіншілік береді. Нәтижесінде 
бұйымға доға жылуының енуі барынша шоғырланған түрде болады. 
Газ ағынының кинетикалық қысымымен балқытылған металл 
доғадан ығысады да, доға металға енеді. Нәтижесінде балқыту 
тереңдігі 1,5 - 2 есеге өседі. Алайда бұл ретте жіктерде ақаулардың 
болу мүмкіндігін де арттырады. 
Автоматты пісіру үшін түрлі типтегі аппараттар қолданады. 
Автоматты доғалық пісіру үшін негізгі құрал ретінде (балқытып 
қаптау) пісіру автоматтары, білдектер және қондырғыларды 
пайдаланады.
Доғалы пісіруге арналған автоматтар балқымалы, сондай- ақ 
балқымайтын электродтарын қолданылады. Өндірісте балқымалы 
электродтармен пісіруге арналған автоматтар барынша кең өріс 
алды. 
Балқымалы электродтармен доғалы пісіруге арналған автоматтар 
тікелей адамның қатысуынсыз механизмдердің, оның ішінде 
берілген бағдарлама бойынша, төмендегі операциялардың 
орындауын қамтамасыз етеді:

пісіру алдындағы доғаның дайындығы;

доға үрдісінің сүйемелдеуі;

пісіру материалдарының (электродтың немесе қоспа 
материалының, қорғаушы газының немесе флюстың) доға 
аймағына берілуі;

пісіру автоматы немесе бұйымның орнын ауыстыру арқылы 
пісіру жалғасының желісі бойымен доғаның салыстырмалы орын 
ауыстыруы;

доға үрдісін тоқтату.
Доғалы пісіруге (балқытып қаптау) арналған автоматтар құрамына:

пісіру құралы (пісіру мүштіктер немесе жанарғылар);

электродты немесе қоспа материалын беру механизмі;

қосылыс желісі бойымен орын ауыстыру механизмі;

баптауыш, қосалқы және түзетуші орын ауыстырулар механизмі ;

электродты немесе қоспа материалын орналастыруға арналған 
қондырғы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет