10-
тарау
ФЛЮСПЕН
ЭЛЕКТРҚОЖДЫ
ПІСІРУ
10.1.
ФЛЮСПЕН
ЖАРТЫЛАЙ
АВТОМАТТЫ
ПІСІРУ
Флюспен жартылай автоматты пісіруді өндірісте кеңінен
қолдану, жоғары сапа және пісіру жалғасының тұрақтылығы,
пісірушілердің
жұмыс
жағдайының
ыңғайлылығы,
пісіру
жабдықтарының және электр қуатының төмен шығысының
нәтижесіне деп түсіндіруге болады.
Көбінесе флюспен пісірудің бір электродты қолдану,
яғни бір
доғалы түрі кеңінен тараған. Бұл жағдайда пісіру доғасы (10.1-
сурет) электродты сым
1
және флюс қабаты астындағы бұйымның
арасында орналасады. 5 Балқытылған флюспен 5 газбен флюс
булары және балқытылған металл қуыс құрайды – газды көпіршік 4,
бұл жерде пісіру доғасы болады. Доға жаратқан газды көпіршіктегі
газ қысымы мен механикалық қысым доға астынан сұйық металды
ығыстыру үшін жеткілікті болады, бұл процесс доғадан негізгі
металға жылу бергіштікті жақсартады. Пісіру тоғының жоғарылауы
доғаның механикалық қысымын және негізгі металдың Л
пр
балқыту
тереңдігін арттырады.
10.1-сурет. Флюспен балқыту сұлбасы:
1
— сым;
2
— беру механизмінің
доңғалақшасы;
3
— флюс;
4
— газды
көпіршік;
5
— балқытылған флюс;
6
—
пісірілген жік;
7
— пісіру ваннасы;
8
— қож
қабыршығы
256
Пісіру ваннасындағы 7 балқытылған металдың кристалдандыру
процессі нәтижесінде пісірілген жік 6 пайда болады. Қатып қалған
флюс қож қабыршағын 8 құрайды, ал балқытылған флюс көпіршік
құрайды да, пісіру ваннасының үстін жабады, ол
балқытылған
металды ауамен өзара әрекеттесуіне бөгет жасайды. Балқытылған
металл және қождың металлургиялық өзара әрекеттестігі жіктегі
қажетті химиялық қоспасы болатын және легирлеуші элементтердің
күйіп кетуін алдын алатын металдың пайда болуына жағдай
жасайды.
Беру тізбегіндегі доңғалақша 2 арқылы электродтық сымға тоқ
жеткізу жүзеге асырылады, ол доғадан шағын арақашықтықтағы (70
мм дейін) болуы тиіс (электрод шағын ғана ұшып шығу керек), бұл
жоғары деңгейдегі пісіру тогын (2000 А дейін) қолдану барысында
электродтың қатты қызудың алдын алуға мүмкіндік береді. Пісіру
тогының тығыздығы 200-250 А/мм
2
жетуі мүмкін.
Нәтижесінде
негізгі металды балқыту тереңдігі көбейеді және электрод
сымынының балқу жылдамдығы өседі, яғни аталмыш процестің
өнімділігі жоғарылайды.
Флюспен пісіру ауыспалы және тұрақты тоқ қолданып жүзеге
асыруға болады. Доғаға электродты сым беру және доғаны түйіс
жаққа қозғалту арнайы механизмдердің көмегімен жүзеге
асырылады.
Флюспен пісірудің бірнеше түрі бар, мысалы, кейбір жағдайда
екі доғалы немесе көп доғалы флюспен пісіруді қолдану абзал. Бұл
жағдайда доғалар бір немесе бірнеше нәрлендіру көзінен қоректенуі
мүмкін. Қосарланған (жарықшақтанған) электродпен (10.2-сурет)
пісіру барысында, ортақ пісіру ваннасын
құрайтын доғалар бір
нәрлендіру көзінен қоректенеді.
Екі доғалы пісіру барысында (10.2,
б-сурет)
екі электрод
қолданылады. Бұл жағдайда доғалар жалпы немесе бөлек пісіру
ванналарын құрауы мүмкін (бірінші доғадан кейінгі металл
толықтай кристалдандырылған кезде). Егер доғалар бөлек пісіру
ванналарын құраса, әдетте екі электрод пісірілнген бұйымның
жазықтығына перпендикуляр орналасу керек.
Доғалар арасындағы
ара қашықтықты өзгерту арқылы пісірудің қызулық кезеңін
реттеуге мүмкіндік туады, бұл шыңдалған болатты біріктіру кезінде
өте маңызды.
10.2 в - суретте көрсетілген сұлба бойынша ауыспалы тоқпен
пісіру барысында үш доға пайда болады, біреуі – электродтардың
арасында, ал қалған, екеуі – әр электрод пен бұйым арасында пайда
болады. Бұл жағдайда әр доға бір балқытатын кеңістікте жанады.
257
10.2-сурет. Флюспен біріктіруді орындау барысында жік жасау сұлбасы (нұсқалар
пісіру бағытын көрсетіп тұр):
а
— қосарланған электродпен пісіру барысында;
б
— екі доғалы пісіру;
в
— «үш фазалы
доғамен» пісіру барысында
әр
доғадағы тоқ реттеледі, балқытылатын электрод металлының
мөлшерін өзгерту мүмкін немесе негізгі металды балқытуды реттеу
мүмкіндігі пайда болады.
Пісірудің бұл әдісінің кемшіліктеріне, пісірудің бұл түрін тек
төменгі қалыпта орындау мүмкін, өйткені жіктің жалпақтығы
көлденең 10-15° ауытқыса балқытылған флюс металға ағып кетуі
мүмкін.
Пісіру
режимдерінің
параметрлері
жасалатын
жіктің
құрылымымен өлшемдеріне әсері әдетте, параметрлердіңм біреуінің
өзгеруіне және екіншісінің тұрақты сақталауы жағдайында
қарастырылады.
Пісіру жігінің тілімшеге балқыған металды балқытып қаптауды
орындау барысында пайда болатын
кейбір заңдылықтарын
қарастырып көрейік, балқу тереңдігі бұйым қалындығыны 0,7
бөлігінен аспау керек (егер балқыту тереңдігі одан асып түссе пісіру
ваннасының төменгі жағындағы жылуды әкету төмендеуі мүмкін
және пісіру ваннасының пішіні мен жік көлемі өзгеруі мүмкін).
Пісіру тогының қуаты жоғарлаған сайын (сурет-10.3,а)
металдың балқу тереңдігі де біршама сызыққа дейін өседі. Бұл
пісіру ваннасының жалпақтығына жасалған қысымның өсіумен
түсіндіріледі, оның нәтижесінде балқытылған металл доғалардың
астына ығыстырылаы. Бұл жағдайда жіктің жуандығы аз мөлшерде
ғана өсуі мүмкін.
Пісіру тогы тығыздығының өсуі (тұрақты тоқпен қуаттандыру
нәтижесінде электрод диаметрінің азаюы) балқыту тереңдігін
біршама көбейтуге мүмкіндік
туғызады, бұл доға қозғалуының
азаюымен түсіндіріледі. Ал жік жуандығы бұл жағдайда азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: