10.3-сурет. Пісіруді әртүрлі параметрлерінің көлденең
кесудің жасалатын жік
өлшемдеріне тигізетін әсері:
а
— пісіру тогы;
б
— доға кернеуі;
в
—пісіру жылдамдығы;
г
— электрод шығуы;
h
„p
—
балқу тереңдігі;
е
— жік ені;
g
— жік шығынқылығының биіктігі
Тура кереғарлықтағы тұрақты тоқпен пісіру барысында балқу
тереңдігі 40-50% көбейеді, ал кері кереғарлықтағы тұрақты тоқпен
пісіру барысына қарағанда ауыспалы тоқпен пісіру 15-20% азаяды.
Доға кернеуін арттыру барысында (доға ұзындығы) (10.3,б-
сурет) оның қозғалтқыштығы жоғарылайды.
Бұл жағдайда, жік
жуандығы өседі, ал оның тереңдігі аз ғана өзгереді. Пісірудің бұл
параметрі тәжірибеде жік енін реттеу үшін қолданылады.
259
Пісіру жылдамдығы өсумен қатар, доға астындағы балқытылған
металдың
қабаттау ені азаяды, нәтижесінде негізгі жіктер де азаяды
(10.3,
в-сурет).
Пісіру жылдамдығы мен пісіру тогы шамадан тыс жоғары болса
жіктерде тілікшелер пайда болуы мүмкін.
Электродтың ұшып шығуы көбейген сайын (10.3, г-сурет) оның
жылыту қарқындылығы да артады, бұл балқу жылдамдығының
арттырады. Нәтижесінде доға
астындағы балқыған металдың
қабаттау жуандығы да артады, бұл балқыту тереңдігінің азаюына
әкеп соғады. Бұл әсер 1-3 мм диаметрлі электродтар сымдарымен
пісіру
барысында қолданылады, нәтижесінде жік жасау кезіндегі
балқымалы электрод металдың көбеюіне алып келеді, яғни бұл
жағдайда металдың өсуі қосымша
металдың әсерінен болады
(электродтың шамадан тыс ұшып шығу әдісі қолданылады).
Электродтың және бұйымның кеңістіктік қалпы электрқожды
пісіру барысындағы жіктің пішіні мен өлшеміне қолмен пісіру
кезіндегідей әсер етеді. Пісірудің бұл тәсілі тек төменгі қалыпта және
бұйымның еңкіш бұрышы 15° жоғары
болмаған жағдайда іске
асырылуы мүмкін. Жіктің пішіні мен өлшемін бұйымды еңкейту
арқылы өзгерту тәжірибеде айналма қосылысқан жерлерді пісіру
барысында ғана қолданылады, себебі
жалпақ конструкцияларды
еңкіш қалпына орналастыру қиынға соғуы мүмкін. Электродты
еңкейту көп доғалы пісірудің жылдамдығын арттыру үшін
қолданылады. Негізгі металлды 100 °С немесе одан да жоғары
температураға дейін жылыту жіктің енімен балқыту тереңдігінің
артуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: