В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет125/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

251


 
 
 
 
 
 
252
 
9.11-сурет. Трактордың пісіру бастиегінің 
сұлбасы: 
1
— пісіру бастиегінің шүмегі; 
2
— газ 
жеткізу құрылғысы; 
3
— тоқөткізгіш; 
4

механизмді беруші; 
5
— электродты сым 
9.4.
ҚОРҒАУШЫ ГАЗДАҒЫ ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН ГАЗ
ЖАБДЫҚТАРЫ 
Қорғаушы газдағы пісіруге арналған газ жабдықтары пісіру барысында 
газды беру және беруді басқару үшін қолданылады. Бұл газ редукторлары, 
газ жылытқыштары мен құрғатқыштары, шығын өлшегіштері, газ 
қатынастырғыштары, электромагниттік газ қақпақтары т.б. болуы мүмкін.
Бәсеңдеткіштер 
(9.12-сурет) баллон немесе газ үлестіруші құбыр 
желісінен газ жанарғысына жіберілген газ қысымын төмендетуге және 
берілген тұрақты жұмыс қысымын автоматты түрде сақтауға бағытталған.
Аргонда пісіру барысында АР-10, АР-40 немесе АР-150 редукторлары 
қолданылады. Көмірқышқыл газ немесе оның қоспаларында пісіру 
барысында қайырыла әрекет жасау редукторларын қолданылады, бұл 
редукторлар шығын өлшегіштердің (У-30 және ДЗД-1-59М) қызметін 
атқарады.
АСТ типті автоматтар монтажды (ACT-II) және цех (ACT-I) жағдайында 
20 мм дейін қабырғасының қалыңдығы бар 220 мм дейінгі диаметрлі 
құбырлардың бұрмасыз жіктерін пісіруге арналған. Пісірілетін материалына 
байланысты олар тұрақты және ауыспалы тоқпен жинақталады, қоспаларды 
беру, электродтың көлденең ауытқу және доға кернеуін реттегіштер 
механизмдері бар. 
Жалғағыш корпусының арқасында осындай автоматтарды құбырға 
орналастыруға болады. 
АДГ-502 және АДГ-602 автоматтары— трактор типті, бөлігі бар және 
бөлігі жоқ жиектердің жік жалғастарын, сонымен қатар бұрыш және 
айқасқан жалғастарын көмірқышқыл газының ортасында доғаның тұрақты 
тоғымен балқымалы электродымен пісіруге арналған. Бұл автоматтар екі 
бөліктен тұрады: пісіру тракторы және доғаның нәрлендіру көзі- түзеткштен. 
Пісіру тракторының сұлбасы 9.11-суретте көрестілген.


Сонымен қатар, РК -53, РКД-8-61 сияқты қарапайым оттегілік 
редукторларды қолдану мүмкін. 
Жылытқыштар (
9.13-сурет) редукторға баллоннан келетін
көмірқышқыл газды көп мөлшерде қолдану жағдайында қатып 
қалуын алдын алуға бағытталған. Жылытқыш баллонға салмалы 
сомынмен бекемделеді. Нәрлендіру көзі тұрақты 20 В тоқпен 
немесе 36 В айнымалы тоқпен қамсыздандырылады.
Жоғары қысымды көмірқышқыл газды құрғатқыштар
(9.14, а-
сурет) түсіруші редуктордың алдына орналастырылады.
Жоғары 
қысымды көмірқышқыл газды құрғатқыштар
(9.14, 
б-сурет) 
ортақтандырылған 
газ 
ажыратылуы 
болған 
уақытта 
қолданылады. 
Бұл құрғатқыштарда ылғалжұтқыш ретінде
силикагель немесе алюмогликоль, кейде көк дәрі мен кальций 
хлоридің қолданылады. Силикагель мен көк дәріні ылғалдандырып
250...300°С температурасында 2 сағат бойы қатты қыздырады. 
Құрғатқыштардың бір зарядтары шамамен 30...33 м
3
көмірқышқыл 
газды кептіруге есептелген. 
 253
9.12-сурет. Бәсеңдеткіштің құрылымы: 

мембрана; 
2
— бүркеншіксіз шегесі 
бар ауыстыратын диск; 
3
—газды 
енгізу келтеқосқышы; 
4
— жоғары 
қысым манометрі; 
5
қосалқы 
серіппе; 
6
— жоғары қысым камерасы; 
7
— тұжыру қақпақшасы; 
8
— қорғап 
қалушы қақпақшасы; 
9
— төмен 
(жұмыс) қысым манометрі; 
10
— төмен 
қысым камерасы; 11 — негізгі қысқыш 
серіппе; 
12
— реттеу бұрамасы
9.13-сурет. 
Көмірқышқыл 
газды 
жылытқыштың құрылымы: 
1
— корпус; 
2
— былғары киімі (кожух); 
3
— жылан түтік; 
4
— жылуоқшаулағыш 
қабат; 
5
— қыздырғыш элемент; 
6
— 
салмалы сомын


1
9.14-сурет. Жоғары (а) және төмен (б) қысымды көмірқышқыл газды құрғатқыштардың 
құрылымы:
1
— төлке; 
2
— салмалы сомын ; 
3
— серіппе; 
4, 9
— торлар; 
5
—сүзгі; 
6
— тор шайба; 
7
— корпус; 
8
— келтеқосқыш 
 
Қорғаушы газдың шығынын өлшеуге арналған шығын өлшегіштер
қалтқылы (қалқыма өлшеуіш) және дроссельді болып бөлінеді. 
 
Қалқыма өлшеуіш жеңіл қалқыма орналасқан шыны тетіктен тұрады. 
Газ шығыстары қаншама көп болса, қалқыма да соншама жоғары 
көтеріледі. Қалқыма өлшеуіштің межелігі болады, ол ауа шығысы 
бойынша теңестірілген. Қорғаушы газдын шығысын санау үшін тиісті 
кесетелерді қолданылады. 
Дроссель типті шығын өлшегіштің әрекеті дроссельді диафрагма 
алдындағы және артындағы аумақтағы қысымның өзгеруін өлшеу
қағдатына негізделген, бұл құбылыс газ шығысына байланысты, газ 
шығысын манометрлер өлшейді. Бұл қағиданы қолдану мысалы ретінде
У-30 редукторын айтуға болады, бұл жағдайда манометр жұмыс 
камерасында қысымды көрсетудің орнына газ шығысын көрсетеді.
Қатынастырғыштар 
СО
2
+ О
2
и СО
2
+
А
Г 
+
О

газ қоспаларын алу 
үшін қолданылады. 
254


Бекет қатынастырғыш УКП -1-71, СО
2
+ О
2
газ қоспасын алу 
үшін қолданылады, бұл қоспа баллондардан алынады. Бұл газ 
қоспасы алдын ала берілген құрамын сақтайды және оның 
шығысын бақылайды, құрамында ДКП-1-65 редукторы, қысым 
реттегіші және газ араластыру түйіні болады. Алынған қоспаны 
түрлендіру үшін қатынастырғыштағы шүмектер ауыстырылады.
Рампалы қатынастырғыш УКР-1-72 баллон рампаларынан 
оттегіні іріктеу арқылы СО
2
+ О
2
газ қоспасын алуға, ал 
көмірқышқыл газын құрамында сұйылтылған аса суытылған 
көміртегі диоксиді бар изотермикалық сыйымдылықтан алуға
мүмкіндік туғызады. Бұл қатынастырғыш 10-50 дейін пісіру
бекетін газбен қамсыздандырады.
Газ қақпақшасын қорғаушы газын үнемдеу үшін қолданылады. 
Оны 
мүмкіндігінше 
пісіру 
жанарғысына 
жақынырақ 
орналастырады, доғаны қосудың алдында жағып, доға үзіліп жік 
кратеріндегі темір толықтай қатқан кезде сөндіреді. 
Электромагниттік газ қақпақшалары кеңінен қолданылуда.
 
Қайта өткізу рампасы пісіру цехына қорғаныш газды жеткізу 
үшін қолданылады. Егер қорғаныш газы едауір көп қолданылса, 
кезек қосылатын екі баллон тобынан, газ жабдықталған 
коллектордан және пісіру бекеттеріне қорғаныш газ жеткізетін
құбыр желісінен тұрады. Көмірқышқыл газ және оның қоспаларын 
жеткізетін құбыр желілерін қара түске бояйды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет