В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет129/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

10.4.
ФЛЮСПЕН ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ 
-
ЖАБДЫҚТАР
АДФ-1002 автоматы (ТС-17) флюспен қосылысқан жерлер мен 
бұрыш жіктері электродтың тік немесе еңкіш қалпында ауыспалы 
тоқпен пісіру үшін қолданылады (10.6-сурет). Осындай пісіру 
аппараты екі негізгі түйіннен тұрады: пісіру тракторы және 
ТДФЖ-1002УЗ басқару блогы орнатылған нәрлендіру көзінен 
тұрады. Бұл автомат пісіру электродты сымды тұрақты 
жылдамдықпен жеткізетін жүйелерге жатады, оғаның өздігінен 
реттелу қағидасы негізінде жұмыс жасайды.
Аталған 
автоматтың 
сымды 
жеткізу 
механизмдерінің 
бәсеңдеткіштер және пісіру трактордың жүрістік арбасы ауыспалы 
тоқпен жұмыс істейтін ортақ электр қозғалтқышпен іске қосылады. 
Бұл автоматтардың ерекшелігі, олардың тек бір электр 
қозғалтқышы болады. Электрод сымды жеткізу және пісіру 
жылдамдығы пісіру доғасының кернеуіне тәуелді емес және 
ауыспалы тісті доңғалақтардың көмегімен сатылы реттеледі.
Пісіру тракторының тұрқысында мүштік пен басқару 
құрылғысы, дұрыс және тізеткіш құрылғалары, сымға арналған 
кассета, флюсқа арналған шанақ бар кронштейн бекітілген.
263


10.6.-сурет. АДФ-1002 (ТС-17) автоматының сұлбасы:
1
— флюсқа арналған шанақ; 
2
— сымға арналған кассета; 
3
—басқару құрылғысы; 
4
—арба; 
5
—пісіру бастиегі
АДФ-1002 автоматының электр сұлбасы электрод сымының 
қосымша әрекеттер жасағанда (пісірудің алдында сымды қысқарту, 
пісіруден кейін сымды қождан көтеріп алу, сымды бастиекке салу) 
көтермелеуін және түсіруін қамтамассыз етеді. Сонымен қатар, 
пісіру тогын қосу, доғаны жандыру, пісіру аумағына электрод 
сымын жеткізу, автоматтын пісіріліп жатқан бұйым бетімен 
қозғалуын және кратерді пісіріп бітеу сияқты әрекеттерді 
орындайды.
АДФ-1002 
автоматының 
артықшылықтарына 
келесідей 
белгілерін 
жатқызуға 
болады: 
құрылымының 
оңайлығы, 
шағындылығы, аспаптың аз габариттік өлшемдері мен салмағы, 
жоғары деңгейдегі сенімділігі. Автоматтың шағын өлшемдері 1м 
аспайтын бұйымдардың ішкі жіктерін пісіруге мүмкіндік береді.
АДС-1000-2 автоматы электродты жеткізу жылдамдығын 
өзгерту негізінде доғаны автоматты реттеу қағидасы негізінде 
жұмыс жасайды (10.7-сурет). Электрод сымын жеткізу және 
арбаның жылжу механизмі тұрақты тоқпен қамсыздандыратын 
бөлек электр қозғалтқыштармен жабдықталған. Пісіруді және оны 
жеткізу жылдамдығын жаттық реттеу аталған қозғалтқыштардың 
айналу жиілігіне байланысты. Сымды жеткізуге арналған бөлек 
қозғалтқыштың 
бар 
болуы 
доға 
кернеуіне 
байланысты 
автоматтандырылған реттеуді қолдануға мүмкіндік туғызады. Егер 
доға тым кернелген болса (доға ұзындығы артса) қозғалтқыш 
айналымының артуы салдарынан сымды жеткізу жылдамдығы да 
артады. 
264


10.7-сурет. АДС-1000-2 автоматының сұлбасы:
1
— арба; 
2
— сымға арналған кассета; 
3
— басқару құрылғысы; 
4
— пісіру бастиегі; 
5

флюсқа арналған бункер 
АДС-1000-2 құрылымы төрт дөңгелекті арба болып табылады, 
бұл арбада сымды жеткізуге арналған механизмі бар пісіру бастиегі, 
сымға арналған кассета, флюсқа аранлған бункер және басқару 
құрылғысы орналастырылған. Арба қозғалысы рельс тартылған 
жолмен немесе тура бұйым үстімен жүзеге асырылады. Пісіру 
тракторының жоғарғы бөлігі бұралмалы болады, бұл рельстік 
жолдан түрлі қашықтықтағы автоматты жіктерді пісіруге икемдеуге 
мүмкіндік береді.
А-1416 автоматы флюспен бір доғалы пісіруге арналған, оның 
төмендегідей негізгі түйіндері болады:

Пісіру бастиегі, оның сымды жеткізуге арналған тізу жабдығы 
бар механизмі, тоқөткізгіш мүштігі және флюсты инжекторлы 
сору және жеткізу құрылғысы болады; 

Аспалы пісіру бастиегін тік қарнағы бойымен жылжытуға 
арналған көтеру механизмі;

велосипед тәрізді өзі жүретін арба, оның үстіне пісіріліп жатқан 
бұйым үстімен жылжуға арналған автомат түйіндері қыстырылады, 
бұл түйіндер жұмыс және жорық жылдамдығымен жұмыс жасайды. 
Пісіру және электрод сымын жеткізу жылдамдықтары бұл 
автоматта ауыспалы тегершіктің іріктелу арқылы реттеледі. 
265


А-1412 өздігінен жүретін автомат (10.8-сурет), флюспен 
айнымалы тоқ қолдану арқылы екі доғалы пісіруге арналған, 
ТДФЖ-2002 трансформаторларымен жабдықталады. 
А-1412 
автоматының 
құрылымы 
А-1416 
автоматымен
сәйкестендірілген және екеуінің негізгі түйіндері бірдей болады.
Жорық жылдамдығымен жүретін арба асинхронды электр 
қозғалтқыштың көмегімен қозғалады, ал жұмыс жылдамдығымен 
жүретін арба тұрақты тоқпен жұмыс жасайтын электр қозғалтқыш 
көмегімен 
істейді. 
Оның 
жұмыс 
жылдамдығы 
электр 
қозғалтқышының 
он 
мәрте 
диапазонындағы 
тиристорлық 
реттеуіштің көмегімен жылжу жиілігіне байланысты болады. 
Бұл автомат аударылмау үшін арнайы екі пісірілген 
кронштейнге және доңғалақшаға негізделген тіреудің көмегімен 
ұсталады. Пісірудің кеңістік орналасуына және электродтардың 
қажетті шығуына байланысты мүштіктердің қалпын реттеу 
қызметін бәсеңдеткіш пен электрқозғалтқышы орналасқан пісіру 
бастиегін көтеру механизмі атқарады. 
10.8.-сурет. Екі доғалы пісіру А-412 автоматының сұлбасы:
1
— беру механизмдері; 
2
— тіреуші дара рельс; 
3
—басқару құрылғысы; 
4
— сымға 
арналған кассеталар; 
5
— флюс бункері; 
6
—беру механизмдерін бекіткіш ілмек; 7 —
өздігімен жүретін арбаны жылжытуға араналған электр қозғалтқыш; 
8
— өздігімен жүретін 
арба; 
9
— аударылу фиксаторы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет