В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет138/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Кереге көз құрылымдар 
— негізінен созылу немесе сығылуды 
сынайтындай түйінге біріктірілген біліктер жүйесі. Кереге көз 
құрылымдарға фермалар, жақтаулар, діңгектер, арқалық торлар 
және қаңқалар жатады. 
Жақтаулар жеке бөлшектер мен механизмдерді біртұтас 
агрегатқа біріктіруге арналған көлемді кеңістіктік құрылым болып 
табылады. Жақтауларға қойылатын басты талаптардың бірі – 
құрылымның қаттылығы, сол себепті дәнекерленген жақтау 
құрамына кіретін арқалық дайындамаларды бір-бірімен тікелей 
немесе қосалқы қатты элементтердің көмегімен біріктіреді. 
Жақтау өлшемдері және олардың құрылымдық әрленуі, сондай-
ақ арқалық дайындамаларды алу әдістері де әртүрлі. Осылайша 
күшті илемделген орнақ торларының жақтауларын ауыр 
құймабұйым түрінде арқалық дайындамалардан құрастырады және 
пісіреді (11.2-сурет). Теміржол жылжымалы сотавы арбасының 
жақтауларындағы өте күрделі элементтер көбіне салыстырмалы 
жұқа қабырғалы болат құймалар түрінде жасалады. Түйіндерде сол 
немесе басқа қимасы бар бірнеше жеке біліктердің бірігуінің болуы 
кереге көз құрылымдарға ортақ болып табылады. 
Фермалар,
арқалықтар тәрізді көлденең иілімге жұмыс жасайды. 
Арқалықтардың 
құрылымдық 
пішіні 
қарапайым, 
алайда 
фермаларды айтарлықтай үлкен аралықтарда қолдану көбіне үнемді 
болып келеді.
Ферма торларына тән сызбалар 11.3 -суретте көрсетілген. 
Үшбұрышты (11.3, а-сурет) және қиғаш (11.3, б-сурет) сызбалар
негізгі болып табылады. Панель ұзындығын азайту мақсатында 
жоғарғы немесе төменгі белдікке күш қабылдайтын фермаларды 
11.3, 
в, г
суреттерінде көрсетілген сызбалар бойынша дайындайды. 
Кейде қатты түйінді қиғаш емес фермаларды қолданады (11.3, д-
сурет). Параллель белдікті немесе сынық сызықтан түзілген белдікті 
фермаларды белдіктер кескіндері бойынша ажыратады (11.3, е-
сурет). 
Фермалар тағайындалуы бойынша итарқалық және көпірлі 
болып бөлінеді.
Арқалық тордың түрлері 11.4 -суретте көрсетілген. 
283


11.2-сурет. Тік тордың жақтауының сызбасы
Мұнара
типті кеңістікті кереге көз құрылымдар (радиодіңгектер, 
радиомұнаралар, бұрғылау мұнарасы және т.б.) үлкен биіктік 
салдарынан айтарлықтай жел күшіне шалдығады, сол себепті 
оларды құбырлы элементтерден жасайды. Бұл құрылымдардың 
көлемі теміржол қозғалмалы составының көлемінен үлкен 
болғандықтан оларды заводта дәнекерленген бөлшектерден 
құрастырады. Мұнараның негізгі тіректері бөлшек қырларының 
бұрыштарында орналасқан және жалпақ фермалардың белдіктері 
болып табылады 
В
г ^
Г 
1
11.3-сурет. Ферма торларының сипаттама сұлбалары (а... е) 
284


a
б
11.4-сурет. Пісірілген арқаулық тор түрлері (а, 
б

Тіректер стандартты ұзындықтағы жеке құбырлардан құралады және 
олардың 
шетжағына 
пісірілген 
фланецтер 
арқылы 
өзара 
бұрандалармен біріктіріледі.
Қабықшалы құрылым — бұл артық қысымды сынайтын құрылым, 
оларға құрылым тұмшалылығы талабы қойылады. Мұндай 
құрылымдарға түлі сыйымдылықтар, сауыттар мен құбыр желілері 
жатады.
Қабықшалы типті құрылымдар жалпақ дайындамалардан құралады 
және 
герметикалық жіктермен 
дәнекерленеді. 
Сыртаумақтық 
өлшемге,құрылымдық әрлеуге, даярлаудың сипаттық ерекшеліктеріне 
және қолданысқа беруге сәйкес қабықшалы құрылым 
қысыммен 
жұмыс жасайтын құрылыстың аумақты емес сыйымдылығы, 
құбырлар мен құбырлар желісі
деп бөлінеді.
Сыйымдылықтар мен құрылыстарында көбіне қозғалмалы 
теміржол составының аумағынан асып түсетін өлшемдер болады. 
Мұндай бұйымдарды бөлшекпен зауытта жасауға және құрастыру 
орнына жеке бөлшектермен апаруға тура келеді.
Қысымда жұмыс жасайтын сауыттар жұқа қабатты, орташа 
қалыңдықтағы, қалың қабырғалары және көпқабатты қабырғаларды 
ажыратады.
Беріктігін есептеген кезде қабырғасының қалыңдығы басқа 
өлшемдерден айтарлықтай аз болса (20 рет және одан да көп), сауыт 
жұқа қабырғалы болып саналады. Жұқа қабырғалы сауыттарға ,әдетте, 
цилиндр, сфера немесе тор пішінін береді пішін таңдау түрлі 
пікірлермен анықталады. Берілген сыйымдылықтағы сфералық 
сауыттың массасы минималды.
Корпусты көліктік құрылымдар — бұл динамикалық күшке 
ұшыраушы құрылыс, сол себепті оларға минималды масса болған 
жағдайда жоғарғы қатаңдық талаптары қойылады. Негізінен мұндай 
типтегі құрылыстарға кеме корпустары, тұтас металды вагондар, 
автокөлік шанақтары, сондай-ақ жанармай және цемент тасу 
цистерналары жатады.
285


Бұл құрылымдарға оларды вибрациялық және динамикалық 
күштерді қабылдай алатын қатты кеңістіктік құрылысқа біріктіретін
жалпақ немесе иілген жалпақ элементтер мен ендерді қолдану ортақ 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет