Бұйым сызбасы, техникалық талаптар және оның шығуына
жоспарланған бағдарламасы дәнекерлеу құрылымын дайындаудың
технологиялық процесін жобалауға арналған бастапқы деректер
болып табылады.
Сызбаларда
дайындама
материалдары,
олардың
конфигурациясы, өлшемі, пісіру жалғастарының түрлері, яғни
технологтың орындауға қабылдауы тиіс бұйымды жобалау
процесінде құрастырушының қабылдаған шешімі туралы деректер
бар. Технологтың сызбаға енгізуге құқы жоқ, сол себепті сызбадан
кез келген ауытқуды технолог қайта түзеуі тиіс.
Шығару бағдарламасы нақты мерзім ағымында (мысалы 1
жылда)
дайындалуы
қажет
бұйымдар
саны
туралы
мәліметтерден тұрады. Бұл сандар талап етілетін құрылғыларды,
технологиялық
жабдықтауларды,
механизация
және
автоматизация заттарын таңдауға негіз болып келеді.
Шартты түрде барлық құрылымдарды үш топқа бөлуге болады:
1-топ — аса жауапты құрылымдар, оларды жою адамдар
шығынына әкелуі мүмкін (қысым астында жұмыс жасайтын
сауыттар, жүк көтергіш машиналар, көліктік құралдар және т.б.);
2-топ — жауапты құрылымдар, оларды жою көбіне материалдық
шығын әкеледі (технологиялық желілер құрылғысы, олардың істен
шығуы барлық желінің тоқтап қалуына әкеледі);
3-топ — жауапкершілігі жоқ құрылымдар, яғни басқалары.
Құрылымды
пайдалану
талаптары
мен
оны
сапасыз
дайындаудың болуы мүмкін салдарларын бұл құрылымды
дайындау технологиясына деген техникалық талаптар анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: