Мақалада түркі тілдеріне ортақ жануарлар атауы қарастырылды. Жануарлар атауының түркі тілдері лексикасы жүйесіндегі орны ерекше



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата24.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#188239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Хабаршы №2, 2022-48-57

 
Зерттеу әдістері
 
Мақалада тілдік деректерді жинақтау, жүйелеу, сипаттау, этимологиялық талдау 
тәсілдері қолданылды. Зоонимдердің этимологиясына қатысты түркітанушы ғалымдардың 
талдаулары мен ой-пікірлері салыстырылды, тілдік деректер бойынша тұжырымдалды. 
Әдебиетке шолу
 
Зоонимдерді зерттеу жалпы тіл тарихының дамуы үшін, сонымен қатар тілдің жекелей 
класстары мен лексикалық модельдерінің дамуы үшін аса қажет. Адамзаттың өзін тануы мен 
қоршаған ортаны тануы қатар жүретін құбылыс болғандықтан хайуанаттарға қатысты атау 
сөздер түркі лексикасының көне қабаттарын құрайды. Профессор М.Қ.Ескеева түркі 
тілдеріндегі зоонимдерді құрылымдық тұрғыдан да, антропоөзектік тұрғыдан да терең 


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

№2 (124), 2022
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
51 
зерттеудің өзектілігін былайша тұжырымдайды: «түркі лексикасының тереңгі қабаттарын 
жан-жақты зерттеу қазіргі түркі тілдерінің барлық деңгейлік салаларының (фонетика, 
морфология, лексика, синтаксис) даму жолын анықтауға мүмкіндік берумен қатар түркі 
халықтарының фауналық білім қорын анықтауға, олардың этноболмысына тән даралықты 
айқындауға ықпал етеді» [1, 47-б.]. 
Жалпы зоонимдерді лингвистикалық зерттеу XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 
басында бастау алған. Жануарлардың атауын зерттеудегі ерекше қызығушылық славян, түркі 
тілдері және фин-угорлық зоонимдер бойынша барлық жұмыстар тізімі жарияланған кезде 
пайда болды.
Зоонимдердің құрылымдық жағынан зерттеу жұмыстарын К.Н. Бурахов, Н.К. 
Дмитриев, З.Г. Ураксин, Г.А. Архипов, В.И. Иванов, В.В. Кочнев, О.М. Жаринова, Л.В. 
Баирова, Р. Рис, Э. Дикенманн, П.П. Чучка, Е.С. Отин, П.Т. Поротников және т.б. ғалымдар 
зерттеді.
Зоонимдердің құрылымдық ерекшеліктерін зерттеудегі алғашқы еңбектердің бірі ғалым 
Н.К. Дмитриевтің
 
«О тюркских элементaх русского словaря» деген еңбегі және 
«Собачьи 
клички у башкир» 
атты мақаласы болып табылады. Ғалым аталған
 
мақаласында
 
КСРО ҒА 
1928 жылғы лингвистика-фольклорлық экспедициясының материалдарына сүйене отырып, 
талдау жасайды. Ғалым зоонимдік атаулардың басым көпшілігі түркі түбірлерінің негізінде 
жасалады деген қорытынды жасайды. 
Түркітануда зоонимдердің этимологиялық, тілдік талдауға қатысты ғылыми 
тұжырымдар А.М. Щербактың «Историческое развитие лексики тюркских языков» (М., 
1961) атты зерттеу жұмысында қарастырылады. Аталған зерттеу жұмысының негізгі мақсаты 
«жануарлар» деп аталатын тақырыптық топтың тарихи-этимологиялық, лингвогеографиялық 
және сөзжасамдық-семантикалық талдауын жасау болды. Ғалым үй және жабайы 
жануарлардың атауының түркі тілдеріндегі ерекшеліктерін және сол атаулардың басқа да 
этимологиялық сөздіктердегі сипатына салыстырмалы талдау жасайды (Щербак,1961). 
Басқа да түркі тілдеріндегі аналогиялық зерттеулер бойынша зоонимдік лексика 
Т. Дүйшенәлиеваның 
«Киргизское 
народные 
термины 
животноводства» 
(1969), 
Э.Ф. Ишбердиннің «Некоторые названия животных и птиц в башкирском и монгольском 
языках» (1975), Т. Ходжамбердиевтің «Животноводческая лексика узбекского языка» (1975), 
З.Р. Садыкованың «Зоонимическая лексика татарского языка» (1994), Т. Бегжановтың 
«Заметки об этимологии некоторых скотоводческих терминов каракалпакском языке» (1980) 
атты зерттеулерінде арнайы қарастырылды. Мәселен, ғалым З.С. Садыкованың 
«Зоонимическая лексика татарского языка» атты монографиялық зерттеуінде зоонимдік 
лексика мен омарташылық атаулар синхрондық және диахрондық тұрғыда жан-жақты 
талданған. Автор еңбекте көне татар ескерткіштері мен говорларындағы көптеген 
материалдарды жинақтап, оларды басқа түркі тілдерімен салыстырады (Садыкова, 1994). 
Аталған бағыттағы зерттеу жұмыстары қазақ тіл білімінде де сексенінші жылдардан бастап 
жарық көре бастады. Атап айтқанда, 1983 жылы Ә. Жақыповтың «Термины 
верблюдоводства казахского языка» атты зерттеуінде қазақ тілінде түйе шаруашылығына 
байланысты атаулардың лексика-семантикалық классификациясы, сонымен қатар 
атаулардың этимологиясы мен варианттылығы да қарастырылған. Зерттеу жұмысында 
зоонимдердің араб, иран, моңғол тілдерімен байланысы да сөз болады, жалпы аталған 
еңбекте түйе шаруашылығына қатысты 800 сөз және сөз тіркесіне талдау жасалған 
(Жакыпов, 1983). Сонымен қатар ғалым Е. Жанпейісовтің қазақ тіліндегі төрт түлік мал 
атауларының этимологиясына қатысты әр жылдары жарияланған зерттеу мақалаларының 
маңызы ерекше. Ғалымның төрт түлік мал атауларын жеке-жеке талдаған ғылыми 
мақалалары кейінгі зерттеулерге бағыт-бағдар болды. Жалпы қазақ тіл білімінде зоонимдік 
лексиканы одан әрі зерттеу мәселесі С.К. Сәтенова, Б. Тлепин, Б.С. Тоқтағұл, 
Ж.Д. Байтелиева сынды тілші ғалымдардың зерттеулерімен толықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет