Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет14/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

39
38
– Бірақ, мен туғаннан осы қабілеті асып-тасқан 
адамдарды білемін, – деп сенімсіздікпен қарсыласты Карл. 
– Иә, мен де ондай адамдарды білемін. Олардың 
артықшылығы да сонда. Дегенмен олар өзіне сенімді 
болып туылған жоқ. Олардың жолы болып, балалық шағы 
мен жастық шағындағы қоршаған ортасы өзіндік санасын 
дамытуға ықпал еткен. 
– Менде ондай орта болмаған болып тұр ғой. Сен бұл 
қабілетті әркім өзі дамыту керек дедің ғой. Бірақ қалай? 
– Сен оны менің фирмамнан біле аласың.
Олар заманауи, қарапайым болса да, керемет әсер 
беретін ғимаратқа жақындады. Елеусіз жерге «
ӨЗІНДІК 
САНА АКАДЕМИЯСЫ
» деп жазылған екен.
Фойеде оларды сымбатты әйел қарсы алды, Марк оны 
көмекшім Лиза деп таныстырды. Марк оған Лиза қамқор 
болатынын айтып жиналысқа кетті. 
Карл не айтарын білмей қысылды, түсіндіруге тырыса
бастады:
– Мен Марктің машинасын соғып кеттім, маған оның 
жағдайды реттегені қатты ұнады. Бұл жағдайда ол өзінің 
машинасының жайын емес, менің жағдайымды көбірек 
ойлады. Біз жақсы сөйлесіп кеттік, ол өзіндік сана бойын
-
ша сарапшы екенін айтты. Маған өте қызық болды, мен 
бұрын бұл туралы білген емеспін. 
Шамалы үнсіздіктен кейін Карл жалғастырды:
– Шынымды айтсам, мен қазір де ештеме түсініп тұр- 
ғаным жоқ. Әзірше үш сұрақ бар. Марк шақырғасын келіп 
тұрмын, бірақ мұнда не істейтінімді өзім де білмеймін. 
– Иә білемін, маған Марк айтқан, – деді Лиза. – Мен 
сені жақсы түсінемін. Мен Маркпен танысқанда тура 
осыны басымнан кешіргенмін. Бұл үш сұрақтың мәнін 
тек біршама уақыт өткеннен кейін ғана түсіндім. Мен де 
сен сияқты неден бастарымды білмедім. 
– Иә, дәл мен сияқты, – деп келісті Карл. 
– Мұнда көп нәрсе түсінесің. Әзірше бәрімен таны
-
са бер. Қалаған жеріңде жүре бер, кез келген қолы бос 
адаммен сөйлесе аласың. Ішкі түйсігіңді басшылыққа 
ал, жаныңа жақын адамды міндетті түрде табасың.
Ал сұрақтарың болса мен көмектесуге дайынмын. 
Лиза өзін қайдан табуға болатынын айтып, Карлды 
жалғыз тастап кетті. Ол жан-жағына сенімсіздікпен қарай 
бастады. Бұл не сонда, тағы бір сынақ па? Жоқ, мұндағы 
адамдар біртүрлі болғанымен мейірімді секілді. Көзіне 
қабырғада ілулі тұрған тақтайша түсті. Онда былай деп 
жазылыпты:
«Түсінікті. Ақылыңа болайын» деп кекесінмен мырс 
етті Карл. Дегенмен өзінің бұған дейін өзіндік сана тура
-
лы ойламағанын, оған назар аудармағанын есіне түсірді. 
Енді бірдеңе болса да естіп отыр. Алайда өзгеріп жатқан 
ештеме жоқ әзірге. Ол спорттан біледі, нәтижеге жеткің 
келсе, саналы түрде шешім қабылдауың керек. Мұнда да 
солай болып тұр ғой, бірінші кезекте шешім қабылдау 
керек сияқты. Шамалы ойлана келе, ондай шешім қабыл
-
дауға әлі дайын емеспін деген қорытындыға келді. Өзін
-
дік сана тіпті керек пе? Кім білсін!
Карл беті ауған жаққа жүре берді. Күңгірт әйнектің 
ар жағынан дауыстар естіп, тұра қалды. Бұл жер конфе
-
ренц-зал сияқты. Карл жақындай түсті, қай жерге барам 
десең де «рұқсат» деді емес пе, демек не айтып жатқанын 
тыңдаса да болатын шығар. 
Ол әйел дауысын естіді де, кенет өзін ток ұрғандай 
дір ете түсті. Қозғалуға шамасы келмей қатып қалған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет