Цин императорының әскери уәзірлеріне түсірген және бір жарлығында:
«Және де қазақтар жөнінде, қазақтың Абылайына жіберген жарлықты оған
түсіндіру керек. Қазір жоңғар жері тыныштандырылды, олардың барлығы
бізге бағынған пақыр болды. Осыған дейін олардың сендерге жасап келген
зиянкестіктері қазірден бастап мәнгі тоқтатылды. Сендер бізге шын
ниеттеріңмен қарасаңдар, сөзсіз патшаның мейір шапағатқа бөленесіңдер.
Егер өз алдымызға ел боламыз десеңдер, тек тыныштықпен шекараны
сақтайсыңдар, сұғанақтық жасап бізді әуре-сарсаңға салмасаңдар болғаны.
Осы жарлықты түсіндіріп айтыңдар, олардың аңысын - ракциясын байқап, тез
мәлімдеңдер» [2, 15- б.] деп жазылған.
Бұл жарлықтардан Цин империясының басты мақсаты - қазақтарды өзіне
бағындыру емес, олардың «жоңғар жеріне» баруын шектеу және жаңа
шекарасының тыныштығын сақтау болғаны айдан анық байқалады. Өйткені
Цин империясы Әмірсана арқылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы басты
мәселе - жер иелігі екенін жақсы білген. Сондықтан қазақтар жер мәселесін әлі
де көтеруі мүмкін деген оймен алдын-ала Абылай ханға ескертіп отырған
жайы бар.
Достарыңызбен бөлісу: