ӘӨЖ 346
DOI 10.48371/ISMO.2021.44.2.001
ҚЫТАЙ ЦИН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ АБЫЛАЙ ХАН ЖӨНІНДЕГІ
САЯСАТЫ
Мұқаметханұлы Н.
1
1
т.ғ.д., профессор
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
nabizhan.muhametkhanuly@gmail.ru
Аңдатпа.
Мақалада Цин империясының "Цин Шилу"Тарихи күнделіктерінде
жарияланған мәліметтер негізінде 1697 және 1750 жылдардағы қазақтар туралы алғашқы
білімдердің тарихы талданады. Мақалада сонымен қатар Цин әулетінің Аблайға қатынасы
және оның қазақтарға қатысты саясаты талданады, сонымен қатар бірқатар жаңа
тұжырымдар жасалады. Автор Цин империясы Әмірсана арқылы қазақ хандығын және
оның көсемі Абылайды танығанын айтады. 1755 жылы Жоңғар хандығына жорық кезінде
Цин империясы қазақтарды бағындырғысы келді. Қазақ жеріндегі Цин империясы
Әмірсанды басып алуға тырысқан кезде Абылай хан Цин жауынгерлеріне тойтарыс беріп,
Абылай хан әскери қақтығысты дипломатиялық жолмен шешіп, Цин империясының
назарын экономикалық саудаға аударды. Ол сондай-ақ 1758 жылы Үрімшіде, 1760 жылы
Қорғаста және 1763 жылы Тарбағатайда арнайы базарлар ашып, "жылқыны жібекке
ауыстыру"деген екі жақты сауда-саттықты кеңейтті. Мақалада Қазақ хандығы олардың
орталық хаттамаларына сәйкес Цин империясының вассалы болмағаны, мысалы, Корея мен
Вьетнамға қарағанда дәлелденеді. Мақалада Цин империясы мен Абылай ханның аумақтық
мәселелер бойынша қарама-қайшы ұстанымдары баяндалады.
Тірек сөздер:
Цин империясы, Жоңғар хандығы, Абылай хан, территория, саяси
дипломатиялық қатынас, эконмикалық сауда, қазақ қоғамының дамуы.
Цин (Чиң) империясы – манчжур ақсүйектері құрған Қытайдағы ең соңғы
(1644-1911 ж.) абсолюты феодалдық патшалық. Цин империясы тұсында,
Абылай хан кезінде Қазақ хандығы мен Қытай Цин династиясы арасында
тікелей қарым-қатынас орнаған. Цин империясының сол кездегі Абылай хан
жөніндегі таным-түсінігі, олардың қазақтарға қолданатын саясатын
қабылдауға негіз болды.
Сондықтан бұл мәселеге талдау жасаудың маңызы зор
деп санаймыз. Осы жағдай мақаланың өзектілігін көрсетеді.
Мақалада қолданылған әдістер: императорлардың күнделігінің неізінде
сипаттамалық әдіс қолданылған.
Цин империясы «Қазақ» («Hasake -
哈
萨克
») деген халықты ХVII
ғасырдың соңында ғана естіген. 1697 жылдың сәуір айында Цин патшалығы
ордасына келіп түскен мәліметте: «Ғалдан Түрпан, Яркен, Самархан, Қазақтың
мыңдаған руларын бағындырды» делінген. Оған император Канци:
«патшалығымыз бұл іске араласпайды» [1, 4-б.] деп жауап қайырғаны орда
күнделігінде хатталған. Осы деректен Цин империясының қазақтарды алғаш
естігені және ол кезде қазақтарға назар аудармағанын аңғаруға болады.
Алайда Цин империясы Жоңғар хандығына жорық жасау қарсаңында
қазақтарға қатты назар аударды. Өйткен олар жоңғарларға шабуыл жасағанда
қазақтардың аңысы – ракциясы қандай болатынын білгісі келді. Сондықтан
олар қазақтар жөнінде жан-жақты ақпарлар жинай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |