ғасырды Қазақ хандығының нығаюы мен өрлеуінен, халқымыздың
этнотерриториясының қалпына келуімен сипатталады. Демек, Абылай хан
өзінің алдына қойған мақсаттарын негізінен іске асырған, тарихи миссиясын
жоғары деңгейде орындаған тұлға.
Жапонияның Орталық Азияны зерттеуші белгілі тарихшы ғалымы Сакуш
Тору: «Цин патшалығы үкіметі шекара өңірінің саяси тұрақтылығын сақтау
үшін, қазақ хандарын өзіне сәлемге келіп тұратын саясат қолданды.
Абылайдың қойған талаптарының барлығын қабылдады» [3,345-б.] деген,
тұжырымы негізсіз емес.
Егер, біз жоғарыда пайымдалған тарихи шындықты мойындайтын болсақ,
онда отан тарихында қалыптасқан бірқатар қасаң қағидаттарға өзгеріс
жасауымыз керек.
Көріп отырғанымыздай, Цин империясы Абылай ханды 1750-жылдары
Қазақ елінің басшысы – ханы деп таныған. Сондай-ақ олар қазақтар жөнінде
тек Абылаймен санасып отырған. Саясатта болсын, саудада болсын, әлде
шекара мәселесінде болсын, бәрінде тек Абылаймен сөйлесіп, келісімге келіп
отырғаны бұлжымас тарихи шындық. Қазіргі уақытта,
өкінішке орай, Қытай
көші-қоны туралы келісімдерге қол жеткізу қиын [4].
Мен осы негізде, Ресей деректері негізінде Абылайды 1771 жылы ғана
жалпы қазақтың ханы болды деген көзқарас, тарихи шындыққа жанаспайды
деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: