Қытай цин империясының абылай хан жөніндегі саясаты


Цин империясы 1755 жылы Абылайды Қазақ елінің басшысы деп



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата26.10.2023
өлшемі418,11 Kb.
#188360
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
86-Текст статьи-394-1-10-20210627
30-54-1-SM, ТС ОШ ИА Алгебра 11 ЕМН каз, канцерогенез, 8-9 сынып экстремумге берілген есептер (копия), ММОК-221 экстремумға берілген қолданбалы есептер (түзетулер) (копия) (копия) (1) (копия), 3-тоқсан 9-сынып тжб
Цин империясы 1755 жылы Абылайды Қазақ елінің басшысы деп 
таныған. 
1755 жылдың қаңтар айнда император Цияньлун жариялаған 
жарлықта бірінші рет Абылайдың аты аталады. Онда император «қазақтың 
Абылайы» [2, 3-б.] деп сөз бастайды. Бұдан Цин империясының Абылайды 
қазақ елінің басшысы деп танығанын білуге болады. Өйткені олар «Абылай 
қатарлыларды [Пекинге] бастап келіп, патшамен диларластыруды» 
жоспарлайды. Осыған байланысты император Цияньлуньның 1755 жылы 
ақпан айында түсірген жарлығында: «... қазақтар жөнінде жоңғарлар 
тыныштандырылған соң Бан Ди, Саралы нақтылы ұсыныс жолдасын деген 
жарлық Әмірсанаға айтылды» [2, 482 т., 20 б.] делінген. Бұл құжаттар Цин 
империясының жоңғарға жорық жасаған кезде қазақтар жөнінде нақты жоспар 
құрмағанын көрсетеді. 
 
Мұнда, Цин империясы Абылайды қалай білді? – деген сұрақ тәбиғи 
түрде туындайды. Өйткені соған дейін бір-біріне мүлде атізін салмаған 
қытайлар қазақтарды соншалықты терең біліп кетуі мүмкін емес еді. 
Бажайлап бақсақ, Цин империясына қазақтарды және оның Елбасы болып 
тұрған Абылайды таныстырған адам, ол - Жоңғар князы Әмірсана екен. 
Әмірсана қазақтардың қыр-сырын өте жақсы білетін адам. Ол кезінде 
Ғалден Серен өлкеннен кейінгі хандық таққа таласқан күрес барысында 
Абылай ханнан көп көмек алған. Ал Абылай хан ол кезде өзара қырқысқан 
жоңғар ақсүйектерінің әлсіздерін қолдап, мықтыларын әлсірету саясатын 
қолданған болатын.
Алайда Әмірсана Цин империясының қолдауы арқылы Жоңғар ханы 
болуды көздеп, 1754 жылы өз жақтастарын бастап барып Цин империясына 
берілді. Цин империясы Әмірсана арқылы жоңғанрдың да, қазақдың да жалпы 
саяси әлеуметтік жағдайын жақсы иеледі. Мысалы, 1755 жылы ақпан айында 
хатталған орда күнделігінде, «Бан Ди және Әмірсанаға ұқтырылсын: ұлы іс 
сәтті аяқтаған соң, қазақ және басқалар адалдықпен алдымызға келіп берілетін 
болса, онда олардың басшыларын лайығымен астанаға ертіп келіп патшамен 
дидарластырып, шен-мәртебе беру керек.... Егер олардың бізге берілгісі 
келмесе, онда оларды әскери шабуылмен алудың да қажеті жоқ. Олардан қалай 
қорғануымыз керек немесе орайы келіп тұрғанда бітіріп алатын жұмыстарды 
істеп алайық. Әмірсана қазақтардың жағдайын терең біледі, ол Бан Димен 
ақылдасып шешсін» [2, 23- б.], деп жазылған. 
Цин империясының Жоңғар хандығын жойғаннан кейінгі, яғыни 1755 
жылы мамырдағы патша жарлығында «...Жоңғарлар бұрыннан бері қазақтарға 
өш. Патша оларды тыныштандырған соң жарлық түсіріп: жоңғарлардың өз 
беттерімен әркет жасап, қазақ халқын талан-таражылауына қатаң тиім салды. 
Ал сен қазақтар бізге өз еріктеріңмен берілесіңдер ме, жоқ па, ол өз 
еріктеріңде. Алайда әрқайсыларың өз шекараларыңды сақтаңдар, өз 
беттеріңмен жоңғарларды барымталауларыңа болмайды. Осы жарлықты 
жеткізгеннен кейін, олардың жағдайын екжей-текжейлі мәлімдеңдер» [2, 24- 
б.] делінген.


 Цин императорының әскери уәзірлеріне түсірген және бір жарлығында: 
«Және де қазақтар жөнінде, қазақтың Абылайына жіберген жарлықты оған 
түсіндіру керек. Қазір жоңғар жері тыныштандырылды, олардың барлығы 
бізге бағынған пақыр болды. Осыған дейін олардың сендерге жасап келген 
зиянкестіктері қазірден бастап мәнгі тоқтатылды. Сендер бізге шын 
ниеттеріңмен қарасаңдар, сөзсіз патшаның мейір шапағатқа бөленесіңдер. 
Егер өз алдымызға ел боламыз десеңдер, тек тыныштықпен шекараны 
сақтайсыңдар, сұғанақтық жасап бізді әуре-сарсаңға салмасаңдар болғаны. 
Осы жарлықты түсіндіріп айтыңдар, олардың аңысын - ракциясын байқап, тез 
мәлімдеңдер» [2, 15- б.] деп жазылған.
Бұл жарлықтардан Цин империясының басты мақсаты - қазақтарды өзіне 
бағындыру емес, олардың «жоңғар жеріне» баруын шектеу және жаңа 
шекарасының тыныштығын сақтау болғаны айдан анық байқалады. Өйткені 
Цин империясы Әмірсана арқылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы басты 
мәселе - жер иелігі екенін жақсы білген. Сондықтан қазақтар жер мәселесін әлі 
де көтеруі мүмкін деген оймен алдын-ала Абылай ханға ескертіп отырған 
жайы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет