Қытай цин империясының абылай хан жөніндегі саясаты


Цин империясы Қазақ еліне дербес мемлекет ретінде саясат



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата26.10.2023
өлшемі418,11 Kb.
#188360
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
86-Текст статьи-394-1-10-20210627
30-54-1-SM, ТС ОШ ИА Алгебра 11 ЕМН каз, канцерогенез, 8-9 сынып экстремумге берілген есептер (копия), ММОК-221 экстремумға берілген қолданбалы есептер (түзетулер) (копия) (копия) (1) (копия), 3-тоқсан 9-сынып тжб
Цин империясы Қазақ еліне дербес мемлекет ретінде саясат 
қолданды.
Цин империясы шығысындағы Кореяға, Оңтүстік-шығысындағы 
Въетнам сияқты елдерге сюзеренді мемлекет ретінде үстемдік жүргізді. Ол 
елдерге саяси шонжарларын жіберді, әскер ұстады және салық алып тұрды. Ал 
қазақ сияқты Орталық Азия елдеріне ондай үстемдік орнатқан жоқ немесе 
орната алған жоқ. 
Абылай ханның этнотерритория ұғымы тарихи негізде қалыптасқан.
Абылай ханда ұлттық аумақтың кеңістігі жөнінде анық ұғым болған. Цин 
империясы жоңғарларды бағындырған соң, жоңғарлар бізге тәуелді 
болғандықтан олардың атының тұияға жеткен жерлер - Қытайдың аумағына 
енуі керек деп санады. Ал, Абылай хан Цин империясының бақылауында 
қалған қазақтың шығыстағы ежелгі атамекені қазақтарға қайтуы тиіс деген 
ұстанымда болды. 
Сондықтан Цин императоры «жерімізге қазақтар кимелеп кіріп кетпейді 
деуге болмайды» деген болатын. Тіпті, Цяньлун патшаның өзі: «Іле бұрыннан 
жоңғар бұратаналарының кіндік жері болып келген. Егер онда әскер ұстап, тың 
игермесек, жақын жерде тұрған қазақтар мен бұраттар (қырғыздар –Н.М.) 
орайдан пайдаланып онда келіп мал бағатын болады, онда біз оларды қуып 
әуіре боламыз» [2, 9-10-б.] деген. Сондай-ақ ол шекара шонжарларына: «Егер 
Абылай ойраттар жеріне еніп келіп мал бағуды талап ететін болса, оған 
олардың шекарадан асып келулеріне болмайды деп айтыңдар» [2, 9-10-б.] деп 
тапсырма берген.


Абылай хан Цин империясына алғаш жіберген елшісінен территория 
талабын қойды.
Цин империясының оған қайтарған жауап хатында: «... Ал 
сен (Абылайды меңзеп отыр – Н.М.) талап қойып отырған Тарбағатайға келсек, 
сен ол жерді бұрынғы біздің ата жұртымыз – мал бағатын жеріміз еді, ол жерді 
патша мейірімділікпен жарылқап бізге беруін өтінемін депсің. Ол өңір енді 
ғана тыныштандырылды. Қазірше иен жатыр. Патша ол жерді сендерге қиып 
бере салушы еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірген жоқсыңдар. Сондықтан ол 
жерді сендерге жарылқап беріп жіберу – мемлекеттің жүйесіне қайшы келеді» 
[2, 9-10-б.], деп жазылған. 
Абылай хан Цин империясына жіберген және бір елшісінен Іле аймағын 
талап етеді. Соған орай 1760 жылы 8-маусымда Цин патшалығының Абылай 
ханға жолдаған жауап хатында: «Сенің елшілерінің айтуынша, ойрат жері қазір 
иен жатыр екен. ... Сен және де патша жарылқағанның үстіне жарылқай түсіп, 
қазақтардың Ілеге барып мал бағуына рухсат берсе депсің. Тарбағатай сияқты 
жерлер ежелден жоңғарлардың жайылым жері, патша қалың қолмен ол жерді 
тыныштандырды. Сен қазақтар, бұраттар (қырғыздар – Н.М.) ташкентдіктер, 
әндіжандықтар, бадақшандықтар барлықтардың өз ықыластарыңмен ішке 
(бізге – демекші – Н.М.) қарадыңдар. Қазақтар сендердің жерлерің ұлан-қайыр 
кең дала. Қазір Іле және басқа жерлерге ішкеріден әскерлер бірінен соң бірі 
келіп тың жер игеріп жатыр. Абылай хан сен бұрын Тарбағатай сияқты 
жерлерді сұрап, мал бақсақ деп өтінген едің, патша оған да рухсан бермеген 
болатын. Бүгінгі талабың тіпті артық» [Бұл да сонда] деп, қазақтардың ежелгі 
атамекенін өзіне қайтарудан бастартады.
Алайда Абылай хан қазақтың шығыстағы атамекеніне оралуды жұмсақ 
тәсілмен, яғни біртіндеп жылжып көшіп бару саясатын жүргізу арқылы іске 
асырды. Соның нәтижесі - бүгінгі таңда Қытайда өмір сүріп отырған екі млн-
дай этникалық қазақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет