Қытай цин империясының абылай хан жөніндегі саясаты


Цин империясы өздігінен берілген Әмірсанаға сенбеген



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата26.10.2023
өлшемі418,11 Kb.
#188360
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
86-Текст статьи-394-1-10-20210627

Цин империясы өздігінен берілген Әмірсанаға сенбеген. 
Цин 
империясы Жоңғар хандығын жойған соң Әмірсананың іс-әрекеттерін 
жасырын бақылады. 1755 жылы шілде айында генерал Бан Дидің патша 
ордасына жолдаған мәліметінде: «Естуімше, қазақтардың басшысы ноян 
Абылай жасырын түрде Әмірсанамен кеңес өткізіпті. ... Олар мәнгі тату 
боламыз деп келісіпті. ... Әмірсана әртүрлі қарама-қайшы істерді істеп жүр, 
оны тұтқындап жазалау керек» [2, 10- б.], деп жазылған.
 
Бұл мәлімет шындыққа жанасады. Себебі, Әмірсана Цин империясының 
оны Жоңғар хандығының ханы етіп тағайындамағаына қатты наразы болып, 
қарулы көтеріліс жасағаны және соғыста жеңіліп Абылай ханға қашып барып 
паналағаны тарихтан белгілі.
Әмірсананың себебінен қазақтар мен Цин империясы арасында 
күрделі саяси-әскери жағдай қалыптасты.
Цин империясы Әмірсананы 
қазақ жерінен тұтқындап келуге үш бағытпен қалың қолын аттандырады. Ал 
Абылай хан қазақ жеріне баса-көктеп келген қалың қолға қарумен тойтарыс 
жасады. Алайда ол мәселені дипломатиялық жолмен шешті. Сондықтан Цин 
империясы өзінің қол бастаған сардарына түсірген жарлығында: «Қазір 
сұмұрай Әмірсананы тұтқындасаңдар дереу әскерлерді кері шегіндіріңдер. 
Егер оны әлі ұстай алмаған болсаңдар, онда Далдаңа сияқтылар Абылай хан 
бабаға (қытайша түпнұсқада «Abulai han baba - 
阿布
赉汗巴巴
» деп жазылған 
– Н.М.) айтсын: қалың қолымыз тек сұмұрай Әмірсананы тұтқындау үшін 
келген еді, сендер қарсылық көрсетіп, біздің әскерлерден жеңілдіңдер. Егер 
сендер Әмірсананы тұтқындап берсеңдер, дереу ұлы патшаға мәлімдейміз, ол 
сендерге зор мейір-шапағатын көрсетеді. Қазір күн суытып келеді, қалың қол 
уақытша кері шегінеді, келер жылы тағы келеді. Әмірсананы тұтқындамай 
тоқтамаймыз, екі жыл немесе он, жиырма жыл келе береміз, онда сенің 
жеріңде тыныштық болмайды - деп айтыңдар да, әскерлеріңді кері шегіндіре 


бенріңдер. Бұл жарлықты Чжао Хуэй Далдаңаға тез жеткізсін» [2, 8-б.] деп 
бұйырады. 
1757 
жылы 
шілде 
айында 
Цин 
империясының 
шекараны 
тыныштандырушы генералдың орынбасары Чжао Хуэй мен кеңесші уәзір Фу 
Дэның патша ордасына жолдаған мәліметінде: «Қазақ ханы Абылай қарсылық 
көрсеткеніне өкініп, адалдық танытып тарту-таралғы жіберген елшісі лагерьге 
келді» [2, 12-б. ] деп жазған.
Тарихи ақиқатты айту керек, Цин империясында Жоңғар хандығын 
жойған кезде, қазақтарды бағындырайын деген мақсат болған жоқ. Керісінше, 
Қазақ хандығын дербес ел ретінде мойындап, Абылай ханды сол елдің 
басшысы - ханы деп таныды. Сондықтан Цин патшалығының императоры 
Цяньлунның 1757 жылы 31 қыркүекте Абылай ханға жолдаған ресми 
грамотасында: «... өзің бұрын хан екенсің, патша хандығыңды бекітті» [2, 16-
б. ] дегені, - соған дәлел болады. Цин империясының қазақ хандарына 
жолдаған грамоталары, іс жүзінде олардың қазақ хандарын танығанын, 
мойындағынының симболы ғана болатын. Ал, қазақ хандары үшін айтқанда – 
ол ұлы елдің оны хан деп танығанын білдіретін айғақ іспеттес дүние еді. 
Жоғарыдағы құжаттар, Цин империясының Абылайды білген 1755 
жылдың өзінде-ақ, оны Қазақ елінің басшысы – ханы деп санағаны, сондай-ақ 
Қазақ хандығын дербес ел деп санағанын дәлелдейді. Бұл іс жүзінде Цин 
империясының қазақ елінің қоғамдық шынайы болмысын дұрыс тануы болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет