1643 жылғы ұрыста қазақтар екі таудын арасына ор қазып, жоңғарларға
қарсы соғысты. Осы соғыста Жәңгір хан 6 мыңдай әскерімен 50 мың
жоңғарларға тойтарыс берді. Осы ұрыста Жоңғар ханға Самарқан билеушісі
Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскерімен көмекке келген.
Жәңгір хан 1652 жылы кезекті қазақ-жоңғар соғысында қаза табады.
XVII ғасырдағы қазақ хандығының тарихында Тәуке хан (1680-1718) да
айрықша орын алады. Тәуке хан тұсында
Қазақ хандығының астанасы
Түркістан қаласы болды.
Тәуке хан Қасым хан мен Есім ханның тұсында жасалған қазақтың әдет-
ғұрып, заң жораларын бірізге түсіріп, "Жеті Жарғы" зандар жинағын жасады.
Үш жүздің басын біріктіріп, олардың көшіп-қону конысын белгіледі. Әр
руға таңба үлестіріп, ұранын айқындады. Жыл сайын қазақ ру басыларын
жинап Күлтебеде кеңес өткізді.
Тәуке хан тұсында хан кеңесі, билер кеңесі сияқты органдар жұмыс
істеді.
Қазақ хандығына "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі
жолы", Тәуке ханның "Жеті Жарғысы" деп аталатын зандар болды.
Қасым ханның кезіндегі заңдар жинағы бес бөлімнен тұрды:
1.
мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері);
2.
қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу,
мал тонау, ұрлық)
3.
әскери заң (қосын кұру, аламан міндеті, тұлпар ат, қару жарақ);
4.
елшілік
жоралары
(шешендік,
халықаралық
қатынастарда
сыпайылық, әдептілік)
5.
жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер)
Қасым ханның қасқа жолы бір ғасырдай қолданған соң, тиісті
толықтырулар енгізіліп, Есім ханның тұсында "Есім ханның ескі жолы" деп
аталған.
Тәуке хан тұсында "қасқа жолдың" бұрынғы
бес тарауына тағы да екі
тарау қосылып, "Жеті Жарғы" деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау:
жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді.
1718 жылы Тәуке хан дүние салды да, Қазақ елі үшке бөлініп кетті. Бір-
бірімен алты бақан алауыз хандар бір қазақтың баласын үшке бөліп, береке-
бірлігін бұзды. Осындай қырқыс кезеңді Жоңғар ханы Сыбан Раптан қапы
жіберген жоқ. Көрші мемлекеттерден қару-жарақ сатып алып 80 мың
адамдық әскерімен Жетісу жеріне басып кірді. Болат, Сәмеке, Әбілқайыр
хандардың қырсығынан береке-бірліктен, күш қуаттан айырылып қалған
қазақтарды қатыгез жау қырғынға ұшыратты.
1724-1725 жылдары жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды
басып алып
тонады.
Осыған байланысты Ұлы жүзбен Орта жүздің көп бөлігі Самарқан мен
Бұқараға барып бас сауғалаған. Кіші жүз Хиуаға қарай көшті.
Ата-баба қонысынан, туған-туысқанынан, барлық байлық мал-жанынан
айрылған бұл 1723 жылғы қасіретті қазақ халқы "Ақтабан
шұбырынды,
Алқакөл сұлама" деп атады. Кіші жүзде оны "Сауран айналған" дейді.
Осы қазақ халқының басына төнген құдіретті жылдары 1 жарым
миллиондай адам қырғынға ұшырады.
Хандардың басы бірікпей алауыз болып жатқанда елін жаудан қорғау
үшін Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай,
Шапырашты Наурызбай,
Райымбек, Тайлақ, Саурық сияқты батырлар атқа қонды.
Қазақтың ер жүрек жігіттері әр жерден жауға тұтқиылдан тиіп, кек
қайтара бастады.
Қазақ халқы жауға қарсы азаттық соғысына, Отан соғысына көтерілді.
Үш жүздің билері, батырлары Шымкенттен 30 шақырым жердей Бадам
станциясынан 5 шақырым жердегі Ордабасы аталып кеткен төбе басында
күш біріктіріп, күреске шығуға тоқтамға келді.
Бас қолбасшылыққа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланды, Үш жүздің
біріккен күші 1728 жылы Бұланты өзенінің
бойында Шұбартеңіз көлінің
маңында жоңғарлар қолына соққы беріп, жеңіске жетті. Бұл жеңіс халықты
рухтандырып, жауға қарсы жаңа күреске шығуға, туған жерді жоңғарлардан
біржолата азат етуге бел байлатты. 1730 жылы көктемінде Балқаш көлінің
төңірегінде Аңырақай деген жерде Үш жүздің қазақ әскері басқыншы
жоңғарлар қолын тас-талқанын шығарып жеңді.
Бірақ бұл жеңіс ұзаққа бармады. Аңырақай
жеңісінен кейін-ақ өлген
Болат ханның орнына бас хандыққа талас басталды. Үміткерлер үшеу еді.
Біріншісі барлық қазақ әскеріне қолбасшылық жасаған және тамаша
жеңістерге жеткен Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, екіншісі - Болаттың інісі
Сәмеке, үшіншісі- Болаттың жас ұлы Әбілмәмбет.
Хан сайлаушылардың көпшілігі осы Әбілмәмбетке дауыс берген.
Осыған ызаланған Әбілқайыр Орынборға қарай көшті. Енді ол бүкіл үш
жүзге хан болу арманын Ресейге арқа сүйеу арқылы іске асырмақ болды.
Достарыңызбен бөлісу: