ақпараттық жүйелер (АЖ) құрылады
Ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге
қолданылатын, бір – бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен
персоналдардың жиыны. Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс
істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.
Жалпы айтқанда ақпараттық жүйе деп ақпаратты өңдеудің кез келген
жүйесі айтуға болады. АЖ қолдану саласы бойынша
өндірісте, білім беруде, денсаулық сақтауда, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік,саудада және басқа салаларда қолданылатын жүйелерге бөлуге болады.
АЖ мақсатты функциясы бойынша шартты түрде келесі негізгі
категорияларға бөлуге болады:
басқарушылар, ақпараттық-анықтамалық, шешім қабылдауды қолдау. Ақпараттық жүйенің функциялары:
-
ақпаратты сақтау; -
ақпаратты енгізу және өзгерту; -
ақпаратты көру және іздеу; -
берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу; -
кез – келген формада есеп құжатын алу; -
ақпараттың дұрыстығын қадағалау; АЖ – нің бір түрі
деректер банкісі болып табылады. Қазіргі авторлар
"деректер банкі" және "деректер қоры" терминдерін синонимдер ретінде жиі
қолданады, алайда 1982 жылы шығарылған Ғылым және техника жөніндегі
мемлекеттік комитеттің деректер банкін құру жөніндегі жалпы салалық
басқарушы материалдарда бұл ұғымдар әртүрлі мағынаны білдіреді. Онда
деректер банкінің, деректер қорының және ДҚБЖ келесі анықтамалары
келтіріледі:
Деректер банкі (ДБн) — бұл деректерді орталықтандырылған
жинақтауды және ұжымдық көп мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге
арналған, арнайы түрде ұйымдастырылған деректер - деректер базасы,
бағдарламалық, техникалық, тілдік, ұйымдастыру-әдістемелік құралдар жүйесі.
Деректер банкі (БжД) жалпы жағдайда келесі компоненттерден тұрады:
-
деректер базасы (бірнеше база); -
деректер қорын басқару жүйесі; -
деректер сөздігі;
7
-
әкімгер; -
есептеу жүйесі; -
қызмет көрсетуші персонал.