Ж. С. Нурпеисова аж – дегі мәліметтер базасы



Pdf көрінісі
бет14/106
Дата27.10.2023
өлшемі3,46 Mb.
#188624
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   106
Байланысты:
Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы

Бақылау сұрақтар:
1.
Жергілікті архитектура дегеніміз не? 
2.
Файл-серверлік архитектура дегеніміз не? 
3.
Клиент-серверлік архитектура дегеніміз не? 
4.
Таратылған архитектура дегеніміз не? 
5.
Интернет-архитектура дегеніміз не? 
 
Дәріс 4. Деректерді ұсынудың модельдері 
Жоспары: 
4.1
Деректер модельдер ұғымы 
4.2
Деректердің иерархиялық моделі 
4.3
Деректердің желілік моделі
4.4
Деректердің реляциялық моделі 
4.5
Деректердің постреляциялық моделі 
4.6
Деректердің көпөлшемді моделі 
4.1 Деректер модельдері 
70-80 жылдардың соңында деректер базасын басқару жүйесінің дамуы 
негізінде деректерді ұсынудың әртүрлі 
модельдері
пайда болды. Әрбір 
модельдің өзінің 
ерекшеліктері
мен 
жетіспеушіліктері 
болды.
Деректер моделі
деп берілген талаптарға сәйкес мәліметтерді 
интерпретациялауды жүзеге асыратын құралдарды айтамыз. Сонымен қатар, 
мәліметтер моделі мәліметтердің мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін 
беретін абстрактілі ұғым болып табылады.
Мәліметтер моделі екі класқа бөлінеді: 
-
Мықты типтендірілген моделі
, мұнда барлық мәліметтер қандай да 
бір категорияға қатысты болады. 
-
Әлсіз типтендірілген моделі
, категорияға қатысты ешқандай 
болжамдармен байланысты емес. 
Деректер моделі деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер 
бүтіндігін шектеу және деректермен операциялар жасау әрекеттерін 
орындайды.
Жалпы айтқанда,
деректер моделі
- деректер құрылымы жиынтығы мен 
оларды өңдеу операциялары.
Классикалық деректер санына келесі деректер үлгілері жатады: 
-
иерархиялық, 
-
желілік, 
-
реляциялық. 
Бұдан басқа, соңғы жылдары деректердің келесі модельдері пайда болды 
және іс жүзінде неғұрлым белсенді енгізіле бастады: 


17 
-
реляциялықтан кейінгі, 
-
көп өлшемді, 
-
объектіге-бағытталған. 
Сондай-ақ, белгілі модельдерді кеңейтетін басқа да деректер үлгілеріне 
негізделген барлық мүмкін болатын жүйелер әзірленуде. Олардың қатарында 
объектілі-реляциялық, дедуктивтік – объктіге -бағытталған, семантикалық, 
концептуалды 
және 
бағытталған
модельдерді 
атауға 
болады. 
Бұл 
модельдердің кейбірі деректер базасын, білім базасын және бағдарламалау 
тілдерін біріктіру үшін қызмет етеді. 
Кейбір ДҚБЖ-де бір уақытта деректер модельдерінің бірнешеуі қолдау 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет