Ж. С. Нурпеисова аж – дегі мәліметтер базасы


файлдың жазу құрылымы онымен жұмыс істеген



Pdf көрінісі
бет8/106
Дата27.10.2023
өлшемі3,46 Mb.
#188624
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106
Байланысты:
Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы

файлдың жазу құрылымы онымен жұмыс істеген 
бағдарламаға ғана белгілі болғанын атап өту керек
, файлдарды басқару 
жүйесі үшін ол белгісіз. Сондықтан файлдан кейбір ақпаратты алу үшін битке 
дейінгі дәлдікпен файл жазбасының құрылымын білу қажет. Файлмен жұмыс 
істейтін әрбір бағдарлама осы файлдың құрылымына сәйкес болатын деректер 
құрылымы бағдарлама ішінде болуы тиіс. Сондықтан файл құрылымы өзгерген 
кезде бағдарлама құрылымын өзгерту талап етілді, ал бұл жаңа компиляцияны, 
яғни бағдарламаны орындалатын машиналық кодтарға аудару процесін талап 
етті. Мұндай жағдай бағдарламалардың деректерге тәуелділігі ретінде 
сипатталды. Ақпараттық жүйелер үшін әр түрлі пайдаланушылардың 
(бағдарламалардың) көп санының болуы тән болып табылады, олардың 
әрқайсысының бір файлдарда сақталатын ақпаратты өңдеудің өзіндік ерекше 
алгоритмдері бар. 
Бір бағдарлама үшін қажет файл құрылымын өзгерту осы 
файлмен жұмыс істейтін барлық басқа бағдарламаларды түзету мен 
қайта қалпына келтіруді талап етті.
Бұл файлдық жүйелердің бірінші елеулі 
кемшілігі болып, ақпаратты сақтау мен басқарудың жаңа жүйелерін құруға 
әсері болып табылды. 
Файлдық жүйелер әртүрлі пайдаланушыларға тиесілі файлдардың жалпы 
сақтаушысы болғандықтан, файлдарды басқару жүйелері файлдарға қатынауды 
авторизациялауды қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы түрде,
тәсіл осы есептеу 
жүйесінің әрбір тіркелген пайдаланушысына қатысты әрбір қолданыстағы 
файл үшін осы пайдаланушыға рұқсат етілген немесе тыйым салынған 
әрекеттер көрсетіледі.
Және ақпаратқа қол жеткізуді басқарудың 
орталықтандырылған әдістерінің болмауы ДББЖ әзірлеудің тағы бір себебі 
болды. 
Келесі себеп, сол файлдармен көптеген пайдаланушылардың тиімді 
параллельді жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігі болды. Жалпы жағдайда, 
файлдарды басқару жүйелері көп пайдаланушылық қатынау режимін 
қамтамасыз етті. Егер операциялық жүйе бірнеше режимді қолдаса, екі немесе 
одан да көп пайдаланушы бір уақытта бір файлмен жұмыс істеуге тырысатын 
жағдай өте шынайы. Егер барлық пайдаланушылар тек файлды оқитын болса, 
ештеңе болмайды. Бірақ олардың ең болмағанда біреуі файлды өзгертсе, осы 
пайдаланушылардың дұрыс жұмыс істеуі үшін, олардың файлға қатысты 
әрекеттерін өзара синхрондау талап етіледі. 


10 
Файлдарды басқару жүйелерінде әдетте келесі тәсіл қолданылды, файлды 
ашу операцияларында басқа параметрлердің арасында жұмыс режимі
көрсетілді. Егер бұл операцияны орындау сәтінде кейбір пайдаланушы 
PR1процессімен файл өзгерту режимінде басқа PR2 процессімен ашылса, онда 
жүйенің ерекшеліктеріне байланысты PR1 процессіне файлды ашу мүмкін 
еместігі туралы хабарланды, немесе ол PR2 процессінде файлды жабу 
операциясы орындалғанға дейін бұғатталды. 
Мұндай ұйымдастыру тәсілі кезінде файлдағы деректерді түрлендірумен 
байланысты бірнеше пайдаланушылардың бір мезгілде жұмысы іске 
асырылмаған немесе өте баяулаған. 
Бұл кемшіліктер ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерге ақпаратты 
басқарудың жаңа тәсілін ұсынуға мәжбүрлеген түрткі болды. Бұл тәсіл 
кейіннен деректер базасын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп аталған жаңа 
бағдарламалық жүйелер шеңберінде іске асырылды, ал осы жүйелердің 
басқаруында жұмыс істеген ақпарат қоймасының өздері деректер базалары 
немесе банктері (ДҚ және ДБ) деп аталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет