60
сурет). Кілттік өрісті автоматты түрде анықтауға мүмкіндік берейік, ал өрістің
атын
Байланыстар
деп өзгертейік;
а)Кесте шеберінің 1-ші қадамы. ә) Кесте шеберінің 2-ші қадамы.
б) Кесте шеберінің 3-ші қадамы. В) Кесте шеберінің 4-ші қадамы.
Сурет 1.7–
Кесте шебері
көмегімен кесте құрудың қадамдары
3-қадам:
Кестені басқа кестелермен байланыстыру мүмкіндігін
беретін
сұхбаттық терезе ашылады. Программа барлық өрістерге кілттік өрістері
бойынша талдау жасайды. Егер олардың ішінде осы құрылып жатқан кесте
өрістерімен аттас өрістері бар кестелер кездессе,
онда оларды осы жаңа
кестемен байланыстырады. Ал, егер ондай кестелер табылмаса, онда бұл
терезеде олардың атаулары алдына байланыспаған сөзі тіркелген тізім көрінеді.
Кестелер арасындағы байланысты қолданушының өзі анықтауына болады. Ол
үшін
Байланыстар/Связи
батырмасын шерту керек. Байланыс жұмысы
аяқталған соң
Әрі қарай/Далее
батырмасы басылады;
61
4-қадам:
Шебер жұмысы аяқталғаннан кейін орындалатын келесі үш
режимнің бірі таңдалады:
1)
кестелер құрылымын өзгерту
– жаңа кесте үшін құрастырушы
режимі ашылады;
2)
берілгендерді кестеге тікелей енгізу
– жаңа кесте - кесте түрінде
ашылады;
3)
берілгендерді
Шебер көмегімен құрылған форма арқылы кестеге
енгізу
– жаңа кесте үшін шебер қарапайым пішім құрастырады.
Терезеде осы режимдердің
қажеттісі таңдалған соң
Дайын/Готово
батырмасы басылады (сурет 1.8).
Достарыңызбен бөлісу: