Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Борпылдак дәнекер үлпада
гистиоциттер үсақ қан тамырлары мен май клеткаларының жиылған жерінде
байқалады. Қабыну процестері кезінде гистиоциттер кабыну ошағына жиналып, бөгде денелер мен белоктарды
фагоцитоздап, лизосомалардын гидролиздеуші ферменттерішн көмегімен оларды корытады. Қабыну ошағыңда
гистиоциттер үлкейіп, есіп макрофагтарға айналады. Лимфалық жүйенін ретикулалық клеткаларымен косылып,


организмнің ретикулаэндотелийлік жүйесін қүрайды. Гистиоциттер қажет болған жағдайда псевдоподиялардың
көмегімен амебаша қозғалз алады, пішіні айнымалы. Цитоплазмасы фибробластікіне карағанда қанық боялады,
клеткаларға тән органоидтардың бәрі де болады. Пішіні түрақсыз болуына және физиологиялық қасиеттерІ түрліше
болуына байланысты гистиоциттер полибластлар, кезеген клеткалар т. б. деп аталады.
Май клеткалары немесе липоциттер ретикулалық клеткалар мен гистиоциттерден пайда болады. Цитоплазмасын-
да май жиналады. Сүткоректілер мен адамның май үлпасы ақ және қоңыр май үлпалары болып бөлінеді.
Ақ май үлпасы адамды қүрсақтың төменгі бөлігінде, санда, бөкседе, шарбыда, бүйрек майында болады. Қоңыр
май жаңа туған нәрестелерде және қысқы үйкыға кететін сүтқоректілерде байқалады. Қоңыр май үлпасы адам мен
сүтқоректілердің жауырын аймағьшда, мойынында, омыртқа жотасының бойьшда, төсте, қол белдеуінін
бүлшык еттерінің арасында орналасады. Май үлпасының бүл түрінің қоңыр түрі үсақ кан тамырлар торы мен
цитохром пигменттерінің көп болуьша байланысты. Май үлпасы тіршілікке қажетті энергия көзі болып табылатын
организмдегі май депосы рөлін атқарады. Ішкі органдарды соққыдан сақтайды, организмде жылудың сақталуына себепші
болады.
Толық клеткалар немесе үлпалық базофилдер (гепариноциттер) адам мен сүтқоректілердің борпылдақ дәнекер
үлпаларында, көмекей безінде, бауырында, алқым безіңде, жатыр қабырғасында, сүт бездерінде, асқорыту жольшың
кілегей асты қабатында, тілде байқалады. Осы органдарда толық клеткалар үсақ кан мен лимфа тамырларын бойлай
орналасады. Толық клеткалардың цитоплазмасында түйіршіктер болады. Олардың қүрамында қан үюына ке-дергі
болатын мукополисахарид гепарин болатыны анықталған. Сонымен бірге гиалурон және хондриотин күкірт
қышқылдары және физиологиялық активті заттар — гистамин мен серотонин болады. Үлпалар зақымдалған кезде
гистамин бөлінеді. Ол тамырлардың кеңеюін, бірыңғай салалы бүлшық еттердің жиырылуын тугызады және
асқазан селінің бөлінуіне себепші болады.
Плазмалык клеткалар немесе плазмоциттер көме-кей бездерінде, көк бауырда, лимфалық түйіндерінде,
бауырда, ішектің кілегейлі кабатында, сілекей без дерінін стромасында т. б. органдарда болатын пішіні жүмыр
немесе сопақша үсак клеткалар, ядросы клетканың бір жағына ауыса орналасқан. Плазмоциттер организмнің
иммундық жүйесінің маңызды компоненті антиденелерді бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет