картоптың жапырағын жеген жәндіктің хитин қабығы
зақымданып, ол тез арада өледі. Адам организмінде хитин
болмайтындықтан хитиназа ферменті адамға зиян келтірмейді.
Генетикалық инженерия көмегімен микроорганизмдер арқылы жүздеген тонна адам гормоны
— инсулин және интерферон ендірілуде. Генетикалық инженерияның қалыптасуына
төмендегідей жаңалықтар
материалдық негіз болды. Микроорганизмдерден рестриктаза ферменті бөлініп алынды. Ол ДНҚ молекуласын белгілі
бір қажетті жерінен қиып тастайды. Өткен ғасырдың 60-жылдары ауру қоздырғыш бактериялардан R-фактор
анықталып, нәтижесінде терге төзімділігі артқан. R-фактордың бірінші бөлігі осы ДНК-ның екі еселенуіне жауап
береді. Екінші бөлігінде пенициллинді ыдырататын пенициллиназа ферментінің гені болады. Казірде R-факторларды
вектор ретінде, яғни бөтен организм гендерін тасушы ретінде қолданады. Генетикалық инженерияның зерттеу әдісі
төмендегідей: ғалымдар R-факторды алып, рестриктазалар көмегімен ДНК-ның
белгілі бір бөлігін қиып алады,
тек репликациягеніне тиіспейді. Содан соң лигазалар (фермент) көмегімен қажетті генді тігіп, жана гені бар векторды
зерттейтін бір организмге орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: