Центрольдер сателлиттерімен
«аяқшалары»
арқылы жалғасады. Әр центрольдердің сыртында құрылымсыз немесе
жұка талшықты матрикс және центросфера құратын қосымша микротүтікшелер болады.
Жарық микроскопымен көрінетін клетка. орталығындағы сәуле тәрізді аймакты (центросфера)
электронды микроскоппен тексергенде оның микротүтікшелерден тұратыны анықталды. Интерфазада
микротүтікшелердің пайда болуына осы қосымша құрылыстардың (центросфера, матрикс, сателлиттер) маңызы зор.
Осы қосымша құрылыстардың көмегімен тубулиннен микротүтікшелер пайда болады.
Центрольдердің химиялық
құрылысы толық анықталған жоқ, өйткені олардан таза фракция алатын әдістер элі де жеткіліксіз. Бірак та тубулиннің
микротүтікшелердің құрамына кіретіні белгілі. Егер де колхицинді клеткаға жіберсек,
«аналық»
центрольдердің
сыртындағы микротүтікшелердің өсуі кенет тоқтайды. Талшықтардың құрылыстары да
осы центрольдің
құрылыстарына және химиялық құрамына ұқсас келеді. Клетка орталығы бөлінетін жасушаларда үршық жіпшелерін
қүруда үлкен қызмет аткарады. Центрольдердің көмегімен интерфазада жасушалардың полюстерін анықтауға болады.
Негізінде клетка орталығы Гольджи аппаратына такау орналасады және жасуша ядросымен тығыз байланыста болады.
Егер ядро фракциясын центрифуга әдісімен бөліп алатын болсак, оның кұрамында центрольдердің болатынына бірден
көз жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: