Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет9/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Пластидтер
(грек тілінен 
plastides
- жасайтын, тузейтін) - эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары.
Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі.
Түсі бойынша жасыл 
пластидтер
, (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл. (хромопласттар)  және түссіз,
(лейкопласттар) ажыратылады. Пластидтер меристемалық жасушалардың пропластидалардан онтогенезде біртұтас
шығу тегі бар. Пластидалардың өзара айналулар мүмкін. 
1- тилакоид; 2-строманың ламеллалары; 3-түйіскен мембраналар бөлім|400px]] Пластидтер - өсімдіктер
жасушаларында (саңырауқұлақтар мен кейбір балдырларда болмайды) кездесетін органоид. Пластидтерді
пигменттерінің құрамына карай хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп үш түрге бөледі. Олар бір түрден
екінші түрге ауысып отырады.Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы Күн сәулесінің жарық
энергиясы арқылы бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездейді.  Бұл процесті фотосинтез деп
атайды. Фотосинтез реакциясын былайша көрсетуге болады:
С02+6Н20=С 6Н1206+602
Хлоропластардың кұрылысы митохондриялардың құрылысына ұқсас болғанымен де көптеген ерекшеліктері де
бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді, оның ұзындығы 5—10 мкм, ені 2—4
мкм. Хлоропластардың саны әр өсімдікте әр түрлі, жоғары сатыдағы өсімдіктерде 10—30 шамасында.
Хлоропластарды ішкі және сыртқы мембраналар қоршап жатады, олардың, қалыңдьғы 7 нм. Хлоропластардың ішіне
орналаскан стромалардың ламеллаларын құрайтын және тилакоидтардың құрамына кіретін мембраналарды байқауға
болады Строманың ламеллаларын құрайтын мембраналар Жалпақ қапшықтар тәрізді: олар хлоропластардың ішкі
мембранасымен тығыз байланысып, бір- біріне параллель орналасады. 16-сурет. Пластидтердің кұрылысы. Жалпақ,
жабық мембраналы қапшықтар — тилакоидтер бірінің үстіне бірі орналасып, граналар түзеді. Бір гранада 50-ге
дейінтилакоидтер бар. Хлоропластың барлық граналары өзара мембраналар арқылы байланыскан. Хлорофилл осы
граналарда шоғырланғандықтан, мүнда фотосинтез процесі жүреді.
Хлоропластардың матриксында нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) және рибосомалар орналасады.
Хлоропластардың рибосомалары ақуыз синтезін жүзеге асырады. Цитоплазма:  Тірек қимыл жүйесі (цитоқаңқа)
Клетка өзінің өмір сүру процесінде күрделі қимылдар жасайды. Ондай қимылдарға хромосомдардың полюстерге
жылжуы, жасуша органеллаларының көпіршіктерінің козғалуы, жасушаның үстіңгі бетінің козғалысы сиякты
қимылдарды айтуға болады. Кейбір өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының цитоплазмаларыныңкозғалыстарын
байқауға болады. Кейбір бір жасушалы организмдер ерекше қимыл қызметтерін талшықтары немесе қыл аяктары
арқылы іске асырады. Кейбір көпжасушалы организмдерде маманданған Бұлшық ет ұлпаларында ерекше қимыл
қызметтерін атқаратын миофибриллдер орналасады. Сонымен, барлық қимыл қызметтерін атқаратын құрылымдардың
жалпы ұқсас молекулалық механизмі болады. Сонымен қатар қимыл қызметтерін атқаратын жасушаларда қимыл
аппараттарынан басқа тірек қызметін атқаратыны туралы мағлүматтар жеткілікті. Бұл кұрылымдар XX- ғасырдың 50
жылдары электронды микроскоптың көмегімен толықтай ашылды деп айтуға болады. Иммунофлуоресценция тэсілі
арқылы жасушаның цитоскелетінің құрамы және оның динамикасы анықталды. Цитоскелеттің құрамы жіпше тәрізді
ақуыздар кешендерінен немесе филаменттерінен тұрады. Химиялық қүраімы, нәзік құрылысы және қызметтері
жағынан филаменттердің үш түрін атап өтуге болады. Ең жіңішке микрофиламенттер, олардың диаметрлері 6 нм
шамасында, құрамы актин белогінен тұрады. Екінші түрі - диаметрі 25 нм, құрамы ақуыз тубулиннен тұратын -
микротүтікшелер. Үшінші топтың құрамы - аралық филаменттерден тұрады. Олардың диаметрі 10 нм, негізінде
құрамы жағынан туыстас ақуыздар болып келеді. Осы айтылған үш құрылым үшеуі де жасуша компоненттерінің және
жасушалардың қимылдау және қаңқа қызметтерін аткаруда үлкен рөл аткарады. Эукариот
және прокариот жасушаларында жіпшелі құрылымдар цитокаңка қызметін аткарады. Бұл құрылымдар эртүрлі
жасушаларда эртүрлі болып келеді. Мысалы, эпидермистің құрамында аралық филаменттер кездессе, Бұлшық
еттердің құрамында - актин жіпшелері, меланоциттерде және жүйке жасушаларының өсінділерінде - микротүтікшелер
кезедеседі. Клетка каңқасының құрамына кіретін құрылымдардың жалпы ұксастығы кездеседі: біріншіден олар
ақуыздардан тұрады, екіншіден тарамдалмаған фибриллді (жіпшелер) полимерлерден, үшіншіден олар тұрғылықты
болмайды, полимерленеді және кері деполимеризацияға үшырайды. Осы кұрылымдардың тұрғылықты болмауының
салдарынан жасушалардың пішіні өзгеріп отыратыны байқалады. Цитокаңканы өзінің қасиеттері және қызметтері
жағынан екі топка бөлуге болады. Каркастың құрамды жіпшелер-аралық филаменттер, сонымен қоса тірек-қимыл
микрофиламенттері, мысалы актинді микрофиламенттер миозинмен қарым-қатынаста болады. Цитоқаңқаның екінші
тобына-микрофиламенттер мен микротүтікшелер жатады. Олардың қимыл қызметтерін эртүрлі тәсілдер арқылы іске
асады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет