Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет5/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
2 Тақырып 
Жасушаны зерттеу әдістері
Қазіргі кезде цитологияның зерттеу тәсілдері мен әдістері әр алуан. Цитологиялық әдістерді оптикалық, 
цитофизикалық, ультрақұрылымды зерттеу, цитохимиялық, гистохимиялық және т.б. әдістерге топтастыруға болады.
Клетка органоидтарының құрылысы, ультрақұрылымы мен функциясы жарық және электронды, қараңғы өрісті,
фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия және тағы басқа әдістер арқылы зерттеледі.
Цитологияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі – 
жарық микроскопы тәсілі
. Жарық микроскопия
әдістерінде объект арқылы жарық шоғы өтіп, объектив линзалар жүйесіне түсіп, алғашқы сурет пайда болады да,
окуляр линзаларының көмегімен ұлғаяды.
Оптикалық жүйе ретінде микроскоптың басты сипаты – шешушілік қасиеті, яғни бір-біріне жақын орналасқан
екі объектіні жеке-жеке көрсету. Микроскоптың шешуші қабілеті жарық толқынның ұзындығымен есептеледі:
толқынның ұзындығы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым шешуші қабілеті жоғары. Жарық микроскопта көбінесе
спектрдің көру облысындағы жарық көзі (400-700 нм) қолданылады, сондықтан бұл жағдайда микроскоптың
максимальді шешуші қабілеті 200-350 нм-ден жоғарыламайды (0,2-0,35 мкм). Яғни жарық микроскопының шешуші
қабілетінің соңғы деңгейі жарықты көру аймағын пайдаланғанда 0,2-0,3 мкм тең. Бұл әдіс тірі клеткаларды зерттеуде
жиі қолданылады.
Фазалы-контрасты (фазасы қарама-қарсы) микроскопия әдісі.
Клетканың кейбір бөліктері жұқа болғанымен,
бір-бірінен тығыздықтары мен жарықсындырғыштықтарымен ерекшеленеді, клеткалардың осындай қасиетіне
 фазасы
қарама-қарсы микроскопия
әдісі негізделген. Фазалы-контрастық микроскоптың объективіне арнайы пластинка
қондырылған, сол пластинка арқылы жарық сәулесі тербеліс фазасының қосымша жылжуын сезеді. Суретті
қалыптастыру кезінде бір фазада немесе қарама-қарсы фазада болатын, бірақ әр түрлі амплитудалы сәулелер өзара
қарым-қатынасқа түседі, соның салдарынан объектінің ашық қою түсті контрасты суреті пайда болады. Фазалы
контрасты микроскоптың ерекшелілігі – тірі клеткаларды, боялмаған объектілерді зерттеуге мүмкіндік береді. 
Интерференциялы микроскопия әдісі 
жарықтың екі полярланған сәулелерінің бірі объект арқылы, енді біреуі
объектінің қасынан өтуіне негізделген. Бұл жағдайда бірінші сәуленің фазасының кешігуі туындайды. Осы
сәулелердің қабаттасуы (интерференциясы) суреттің пайда болуын туғызады. Егер екі полярланған сәулелердің екі
толқынының аралығындағы арақашықтық толқын ұзындығының толық санына тең болса, сурет ақшыл өрісте қара
түсті дақ ретінде көрінеді, ал егер де екі толқын арасындағы арақашықтық жартылай толқындардың тақ санына тең
болса, сурет қараңғы өрісте ақшыл дақ ретінде суреттеледі. 


Трансмиссионды электронды микроскопта
электрондар жарық микроскопындағы объект арқылы өтетін жарық
секілді өтеді. Нәтижесінде, электрондар шоғы фотография тақтасында объектінің суретін көрсетеді. Электрондар
жақсы өту үшін объект кесінділері өте жұқа болуы тиіс. 
Микрохирургия әдісінде 
микроманипулятордың көмегімен клетканың жеке бөлімдерін алып тастауға, жаңа
бөлімдер қосуға немесе қандай да болсын өзгеріс енгізуге болады. Амебаның ірі клеткасының негізгі үш компоненті –
клетка мембранасы, цитоплазма және ядро бөліп алып, соңынан қайта жинап тірі клетка алуға болады. Осындай
жолмен амебаның бірнеше особінен жиналған құрамды клетка алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет