1) тимусқа тәуелді лейкоциттер немесе тимо-циттер деп аталатын тимуста немесе алкым безінде
орналасқан лимфоциттер. Тимустан шыққаннан кейін бүларды Т — лифмациттер деп атайды. Т — лимфоциттер
клеткалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде клеткаларды, кемкетікті дамыған клеткаларды жойып
жібереді, патогендік вирустарға, саңырауқүлақтарға қарсы тұрады. Сонымен бірге қан жасалу бағытын анықтайды;
2) В — лимфоциттер. Лимфоциттердің бүл түрі алғаш рет Фабрицус бурсалары (bursa — дорба) деп
аталатьш құстың лимфоидтың мүшесінде байқалатындықтан аталған. В — лимфоциттер гуморальдық иммунитет
жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар антиденелерді бөліп, организмді бакте-риялық және қайталаушы
вирустық инфекциядан қорғайды. Моноциттер лейкоциттердің 2-ден 8 процентке дейінгі саньш қүрайды. 1 мм
3
қанда 200-ден 600-ге дейін болады. Лейкоциттердін ішіндегі ең ірісі. Цитоплазмасында жақсы жетілген Гольджи
аппараты, бос рибосомалар мен полирибосомалар, гранулалық эндоплазмалык ретикулум және біренсаран
митохондриялар болады.
Моноциттерге амебаша қозғалыс пен фагоцитоз тән. Моноциттер бактерияларды ғана емес, сонымен бірге
клеткалардың қалдығын, антигендер мен бөгде белоктарды да фагоцитоздайды. И. И. Мечников бүларды макрофагтар
деп атаған. Моноциттер трофикалық функция да атқарады. Дағдылы жағдайларда моноциттер қанда үш күндей бола-ды
да, содан кейін оны тастап шығып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: