Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет21/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
14 Тақырып 
Сүйек ұлпасы
Сүйек үлпасы тірек функциясьш атқарады, минералдық алмасуға катысады, ал сүйектін қызыл майы қашшң
пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйектердің тамы-ры мен майында макрофагтарға айнала алатын клеткалар
болады. Осыған байланысты олар қорғаныш қызметін де атқарады. Сүйек — клеткалар мен қатты негізгі заттан
түратын известелген дәнекер үлпасы. Негізгі затының 30% жуығы коллаген талшыктар түріндегі органикалық
қосылыстардан, ал калған 70% бейорганикалық заттардан түзілген. Сүйектің негізгі бейорганикалық компоненті гид-
роксиаппатит, сонымен бірге түрлі мөлшерде натрий, маг-ний, калий, хлор, фтор, карбонаттар мен нитраттар.
Сүйекте минералдық түздардың көп болуы оның мыктылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге кан мен
басқа органдардағы кальций мен фосфордың қалыпты мөлшерінің сақталуын камтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек
үлпасында организмде болатын барлық кальцийдің 97% дерлігі жинақталған. Кальций инертті материал емес.
Сүйекте үнемі күрделі өзгерістер жүріп жатады. Кальций жетіспеген жағдайда қанканың дамуывда елеулі
бүзылы-стар байқалады. Сүйектің қүрамында кеп мөлшерде су мен липидтер болады.
Сүйек үлпасының клеткалары остеобластлар, остеоциттер және остеокластлар. Остеоциттер жүлдыз пішінді көп
өсінділі клеткалар. Қалыптасқан үлпада остеоциттер бөліну қабілетінен айырылған, жоғары дәрежеде мамандалған
клеткалар. Негізгі затының тығыз болуына байланысты клеткалары ерекше қуыстырда орналасады. Қуыстардан
каналшықтар тарайды. Көршілес клеткалардың каналшықтары бір-біріне үласып, жалғасып жатады. Сүйек
каналшықтары мен сүйек қуыстары арқылы үлпа-ның метаболизмын қамтамасыз ететін үлпалық сүйық ағып түрады.
Клеткалар мен сүйек каналшықтары жүқа капсуламен қоршалған. Капсула белокпен қосылған полисахаридтен
және жіңішке коллагендік фибрилдерден түрады. Сүйектін клеткааралык затындағы коллаген талшықтарының орна-
ласуына байланысты сүйек үлпасының екі түрін ажырата-ды: ірі талшықты және пластинкалык сүйек үлпасы.
Үрықтар мен жаңа туған жануарларда сүйек үлпасының клеткааралық заттарының коллагендік талшыктары
ірі болады және түрлі бағытта орналасады, мүндай сүйекті
ірі талшықты сүйек деп атайды. Жануардың өсіп, даму кезінде ірі талшықты сүйек кұрамында жіңішке
параллель орналасқан коллагендік фибрилдер бар пластинкалардан түратын пластинкалық сүйекке айналады.
Пластинкалық сүйек ұлпасының қүрылысы күрделі. Оның негізін коллагендік фибрилдердің тығыз
шоғырларьшан түратын сүйек пластинкалары қүрайды. Шоғырлар калыңдығы бірдей болады және белгілі бағытта
орналасады. Шоғырлар арасывда остеоциттер жатады. Пластинкалық сүйек үлпасына тән ерекшелік көршілес екі
пластинканың фибриллалары түрлі бағытта орналасады, кейбіреулері бір пластинкадан екіншісіне өтеді, сөйтіп
олардың тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Сүйек заты кемік және тығыз болуы мүмкін. Екі жағдайдың
екеуінде де қан тамырларымен және нервтер-мен тығыз байланысқан түтас жүйе қүрайтын пластинкалардан түрады.
Кемік немесе трабекулалық сүйек трабекула (көлденең шабақ) деп аталатын, бір-бірімен байланысып жататын
жіңішке сүйек элементтерден түратын тор. Көлденең ша-бақтардың арасы майға толы болады. Трабекулалардың
орналасуы сүйекке әсер ететін салмактың бағытына сәйкес келеді. Кемік сүйек үрықтар мен өсуші организмдерге тән, ал
ересек организмде жіліктердің эпифиздеріңце сақталады. Тығыз сүйек қоршай орналасқан сүйек
пластинкаларьшан күралған көптеген цилиндрлерден түрады. Әрбір цилиндрдің ортасында Гаверс каналы деп аталатын
канал болады. Осы каналдар аркылы қан тамырлары өтеді.
Ортасында Гаверс каналы бар пластинкалардың барлық жүйесін Гаверс жүйесі немесе остеон дейді. Остеон —
сүйектің тығыз затының қүрылымдык бірлігі. Жілік сүйек бір-біріне жанаса орналасқан остеондардың көптеген сан-
ынан түрады. Сүйекте қан тамырлары көп болады. Сүйек пластинкаларының арасында сүйектің тірі клеткалары
остеобластлар болатын қуыстар болады. Остеобластлар сүйектің бейорганикалық заттарын бөледі. Гаверс каналында
борпылдак дәнекер үлпасына оралған нервтер мен лимфалық тамырлар орналасады. Остеондар арасында калған
аралықты аралық пластинкалар деп аталатын пластинкалар алып жатады.
Жілік сүйекті сыртынан сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі қаптап түрады. Сүйек қуысының ішкі беті ішкі
негізгі пластинкалармен астарланған. Оны жүқа дәнекер қабықша — эндост қаптап түрады. Негізгі және аралық
пластинкалардың орналасуы қан тамырларына байланысты емес.
Сүйек затында сүйек пластинкаларымен қапталмаған тамырлар да болады. Олардың біреуі сүйекке негізгі
пластинкалар аркылы өтеді, басқалары Гаверс каналдарын өзара жалғастырады.
Сүйекті сүйек қабықшасы немесе периост деп аталатын дәнекер үлпалық қабықша каптап түрады. Ол сүйек
тіршілігіңде үлкен рөл атқарады және екі қабаттан қүралады. ІшкІ және сыртқы.
Сүйек қабықшасының ішкі қабаты коллагендік және эластиндік талшықтардан түрады. Осы талшықтардың
арасында остеобластлар жатады. Бүлар, әсіресе, жас өсуші сүйектерде көп болады. Периостнын сырткы қабаты тығыз
келеді және коллагеңдік талшықтардың жуан шоғырларынан түрады. Осы қабат арқылы нервтер мен қан
тамырлары өтеді, олар Гаверс каналдарьшан өтіп, сүйекті қоректендіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет