147
Батырын жерге батырдым,
Енді мені кім ұстар.
Есінен дүпшан ауысты,
Басар жолын тауысты.
Ажалменен кауышты,
Сөзге аузы келместен54, —
деп мұнда батырдың күш-қуаты, соғыс өнеріне жетік екендігі, ерлігі, қан майдан-
дағы шайқас көріністері жырланады. Сөйтіп, адамдарды, жастарды өз елін, жерін
қоргауга, батыр болып өсуге шақырады. Мүнда үлкен патриотизм, туған елге деген
сүйіспеншілік, достық пен махаббат, асқан ерлік көріністері басым көрсетіледі.
«Диуани лұгат ат-түрікте» М.
Қашқари тұрмыс-салт жырлары, түркі ха-
лықтарының фольклоры жанрларының ең көне түрлері жиі кездеседі. Мұнда
көпшілікке тэн төрт түлік мал туралы, ерте замандағы адамдардың дүниетанымып,
тұрмыс-тіршілігін, эдст-ғұрпын, салт-санасын, тотемдік түсініктерін танып
білеміз.
Ежелгі түркілердің
наным-сенімінен туған бэдік, бақсылар сарыны, бата-
тілек, бесік жыры, тойбастар, жар-жар, сыңсу, жоқтау, естірту жэне т.б.
жырлар
қазақ фольклорынан да кең орын алған. Қазақга ауыр қайғылы хабарды естірту
көбінесе тұспалдаи, жұмбақтап айтылатын болтан. «Диуани лүғат ат-түрік»
тұрмыс-салт жырларының барлық түрлеріне бай болды»55.
Мәселен, қазақтың жоқтау өлеңдерінде жау оғынан өлген батырларды тірі
кезіндегі жасаған ерліктері,
еліне жасаған жаңалықтары, батырлыгы, ақылдығы
жырланады. М. Қашқаридың сөздеріндегі осындай жоқтау өлеңдердің бірі - Алып
Ер Тұлга өлгендс айтылған жоқтау:
Еңіреген ер еді,
Ойы елге төр еді.
Адамның асыл зерегі,
Ажал оны әкетті.
* * *
Өртті қалай өшірген,
Басынан көп іс кешірген,
Шешендік сөзге көсілген,
Қайран ер ерте көз жұмды56, -
деп батырдың көзі тірісіндегі қасиеттерін айта келіп, оны қазаға қимайтынын
білдіреді. Бірақ тағдыр дәлдеп оқ атса, одан ешкімнің құтыла алмайтынын айтып
тағдырға мойынсынады. Бұл - Қашқаридың іінкі жан толғанысы. Ол қаһарман
- батыр, ер азаматтарды қазаға қимайды. Бірақ қанша батыр болса да, жау оғы
оны алып кетті деп өкінеді. Елі үшін эрі жері үшін жан берген қас батыр Махмұт
Қашқари өлендері арқылы мэңгілік жасайды. Автор қаза болтан батырлардың
өмірі онымен тоқтап қалмайтындыгын айтып, соңындагы тірі қалган азаматтарды
Достарыңызбен бөлісу: