Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 0 0 V III тарау. Кдзак, философиясы



Pdf көрінісі
бет271/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

3 0 0
V III тарау. Кдзак, философиясы
керек. Ол мұнда Батые пен Шығыс мэдениетінің рухани казына көздеріне бас 
қойып, жаратылыстану ғылымдары салты бойынша да көптеген Еуропа 
ғалымдарының еңбектерімен таные болғандығына көз жеткіземіз. Ол көп нәрсе- 
нің сырын ұғып, өз дүниетаным қорытындысында Шэкэрім, біріншіден, затшыл- 
дық ғылым жолындағы танымды жэне екіншіден, дін жолындағы теологтардың 
дүниетанымын бірінші, екінші анық деп көрсетеді де:
Іздедім, таптым анығын,
Тастадым ескі танығын, -
деп өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы — үшінші анықгы ұстанады. 
Ол үшінші анығы - Абайда кеңінен сөз болтан мораль философиясындағы жан 
ғұмырына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблема. Мұнысы Шәкэрім- 
нің ұзақ жылдарға созылған ғылыми шығармашылық ізденіс үстінде келіп туған 
ой қорытындысы іспетті.
Шәкәрім айтады: «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтьшып ке- 
ле жатқан екі түрлі жол бар. Бірі — дене өлсе де, жан жоғалмайды, өлгеннен соң 
да бұл тіршілікке тіпті ұқсамайтын біртүрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана 
дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңгы өмірде жақсы болудың қамын пы­
лу керек дейді. Мұны ақырет өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі - бұл 
әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп 
жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді...121
«Енді осы екі жолдың анық қанығын тану зерделі адамдардың бэріне міндет. 
Біз ақиқатты танып біліуіміз қажет», - дейді122.
Шәкәрім дүниенің түпнегізі деп төрт нәрсені — от, су, топырақ, ауаны айта 
отырып, грек философтарының бұл жөніндегі пікірлерімен таныс екендігін біл- 
діреді. Сондай-ақ дүние бөлінбейтін түпнегіз атомдардан тұратындығын, оның 
арабша аты мадда немесе эсер екенін айтады.
Шэкэрім философиясының негізгі өзегі адам больш табылады. Адамның мәні 
оның дүниені таньш-білуінде, ол тек адамға гана, оньщ табиғатына тэн нәрсе дейді.
Ол «Үш анықта» «дүниенің жаратылуы, барлықтың бэрі өздігінен жараты- 
лып жатыр, оны былай қылатын жаратқан ие жоқ» деген жол бұрыннан айтылып 
келе жатса да бұл идея XVII-XIX ғасырларға дейінгі Еуропада кең таралып кел- 
геніне тоқгалады.
Осыған орай, Шәкәрім өз трактатында айтылып жүрген осы бес нақты дәлел- 
ді келтіреді. Олар мына төмендегідей:
1- 
дэлел: қайта айналыс жолы. Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар 
қуапы дене (сила вещества) - атом. Әр нэрсені өсіп-өндіретін сол дүниеде еш 
нәрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді.
2- 
дәлел: жаратылыс жолы. Мұқым барлықтың бэрін бар қылып тұрған жара- 
тылыс жолы. Сондықтан біліп жаратушы ие деген бекер сөз. Бұл дәлел Дарвиннің 
табиғи эволюциялық сұрыпталу теориясымен тікелей сэйкес келіп тұрса да, бірақ 
оны Шәкәрім Литерие деген философтың атымен байланыстырды.
121 Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. — Алматы, 1991. — 4-6.
,22С о н д а.-7 -6 .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет