Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 2 III тарау. Ортағасырлык, философия



Pdf көрінісі
бет49/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

5 2
III тарау. Ортағасырлык, философия
еңбектердің белгілі бір мэдени негізде дүниеге келуі эбден табиғи нэрсе. Осынау 
саңлақтардың ішінде жалпьт әлемге әйгілі алып тұлға - әл-Фарабидің орны ерекше.
Әл-Фараби Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грекияның басқа да 
философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде дерек- 
тер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықгың жетелеуімен ол жас шағында, 
дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге, сірэ, ғажап эрі таңсық көрінетін кезде 
саяхат жасап, сол замандағы мәдени элемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, 
Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппода, Каирде (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп 
жылдарын ол Араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта 
өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады. Көрнекті 
ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп, өзінің білімдарлығы, ақылының алғыр- 
лығы жэне асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен 
абырой-беделге ие болады. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, 
күндей бастаған, әсіресе олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мэніне қарсы 
щытасян^ өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып-білуге, адам 
бақытын о дүниеден емес, бү дүниеден іздеп табуға меңзейтін еді. Ақыр соңында 
эл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің «Фусул ал-мадани» («Мемлекет 
қайраткерлерінің нақыл сөздері») деген соңғы шығармасында ол: «Адам ғылымға 
түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылымы өркен жайған елде тұ- 
руға тиіс», - дейді. Әл-Фараби өмірін александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғ- 
ни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшьш христиандар хүратын 
Дамаскіде өткізеді. Мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд 
ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс 
болды. Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шыгармалары ғана келіп жетті. Ол 
шығармалар ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық жэне 
ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері орасан зор.
«Мұсылман Ренессансы» деген атауға ие болған сол заманға тән белгіле- 
рі оның шығармаларынан белгілі бір дәрежеде өз орнын алды. Әл-Фарабидің 
шығармаларында антик замандағы дәстүрдің жэне «Бірінші ұстаз» деп Шығыста 
аталып кеткен Аристотельдің тарихтың барысында қалдырған әсері, неоплато- 
низмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның эсерімен Аристотель 
идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөз- 
сіз. Сол сияқты, ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын 
эрдайым тандап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы ол 
Аристотель ілімінің формалдық жағымен ғана шектелмейді, ол диалектика эле- 
менттеріне, мэселені қарама-қарсы қоюға белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы 
дүниемен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының 
іргетасы болып табылатынын дәлелдейді.
Әл-Фараби Аристотельдің, эл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылым- 
ның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мэселен, Фараби 
шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, тү- 
рік галымы А. Атеш 160, ал тэжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсете- 
ді. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Катего- 
риялар», «Метафизика», «Герменевтика» мен «Софистикасына» түсініктемелер 
жазды. Ол еңбеьсгері күні бүгінге дейін де мэн-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет