Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Д раб тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет50/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Д раб тілді ислам философиясы
5 3
Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мэдениетін таныстыруда үлкен 
рөл атқарды. Сондықтан да XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты 
Ибн Сина (980-1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқьшы ғана Аристотель ең- 
бектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы 
жазған екен. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ 
араб тіліне аударылып үлгерген-ді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір қүнды 
ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тэржімаланбағандықтан, үлы 
грек философының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да көп тілдерді жетік 
білген үлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндір- 
ме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мүраларын жаңсақ пікірлерден 
тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғы- 
лым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-әрекетін таныта білді. Сон- 
дықтан да Шығыс философтары оны «Ал муаллим ас-сани» - Екінші ұстаз деп 
атаған. Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз 
тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тіз- 
бесі», «Ізгі қала түрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Фи- 
лософияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың 
мэні туралы», «Әлеуметтік этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», 
т.б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның фило- 
софиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы 
күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психо­
логия, география, этика, т.б. гылымдар жайлы жазган еңбектерінің мәні ерекше 
зор. Тарихқа негүрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен 
ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін солгұр- 
лым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырган сол 
көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мэдениетінің бірлігін паш етіп ке- 
леді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатьша қосылады. 
Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениетгерінің жемістерін 
бойьша дарытты. Сондықтан да ол тайыз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары 
көтеріле біліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз 
заманындагы өнер-білімнің ең асыльш тандап ала біліп, өз дэуірінің шынайы эн- 
циклопедиясын жасап берді. Ол терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, 
данышпандық болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек, артық айт- 
қандық емес. Мэселен, Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар 
жайлы трактат» еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатьш 
тоғыз шарт жайлы ез пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
«Бірінші шарт философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрсе- 
ден түрады:
1 - философиялық бағытқа (ағымға) бас болған үстаздың аты-жөні;
2 - оның шыққан қаласы;
3 - философияға мекен (медіресе) болтан орынның аты;
4 — философиялық ағымды тудырған басты себеп;
5 - философиялық талдауға түскен мәселелер;
6 - философияның алға қойған мақсаты туралы;
7 - философияның практикалық мэні, нэтижесі».


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет