Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортагасырльщ философия



Pdf көрінісі
бет51/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

III тарау. Ортагасырльщ философия
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы 
- грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мекгебі. Бұл жерде Фараби ежелгі 
Грекиядағы негізі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін 
ортаға салады.
Екінші шарт - өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, 
мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығарма- 
ларды, яғни формалдық дәлел (логика), силлогизм, аналитикалық мазмұн мсн оқу 
ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт - философ болу үшін қажстгі ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт - философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Филосо­
фия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат - Жаратқан 
иені тану. Ол - өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық 
нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарггылығымен, хик- 
метімен, әділеттілігімен осы әлемге тэртіп беруші Алла тағаланы тану. Барлық 
философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол Жаратқанға 
ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғанды- 
ғын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау - қай кезде 
болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесінші шарт - философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде 
Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Соны- 
мен қатар философияны тек жаратылыстану ғалымдары арқылы ғана танып білу- 
ге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт - Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды 
талдай білу.
Жетінші шарт - Аристотельдің өз еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ 
сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ тү- 
рінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір гылыми түсініктерді те- 
рен, жүмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи 
қабілетін сынап, үйретуге түратынын немссе тұрмайтынын айыру. Екінші, фило­
софия ғылымын көрінген адамның бэріне бірдсй рэсуа қылмай, оны алып жүре- 
тіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, гылыми іздеу жолында адам бейнеттеніп, 
ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ 
(аллегория) қолданылады.
Сегізінші шарт - философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін жэне 
қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет 
екенін білу. Фараби бүл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын 
оқу тэртібіне келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл ойларды түиіндеп айта келген- 
де, Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап, өзіне 
дейінгі галымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын ай­
тады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын 
ең бірінші талап - ол адамның жан махаббаты, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз 
халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлы- 
ғы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене 
алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет