Нанокристаллды қоспалар үшін магнит индукциясының жоғарғы мəні
B
S
>
1,2 Тл мен
магнитті жұмсақ кристаллды жəне аморфты қоспалар дəрежесіндегі гистерезисті магнитті
қасиеттердің үйлесімділігі тəн. А-темірдің қатты ерітіндісінің нанокристаллдарының
құрамында шамамен 18...20% (ат.) кремний бар, сондай-ақ қатты ерітінді ішінара ретті күйде
кездеседі. Магнитті қасиеттер тұрғысынан, оптималды термиялық өңдеуден кейін (1 сағат
ішінде 530.550 °С температурада күйдіру ) аморфты фазаның көлемді бөлігі 20.40 % құрайды
жəне бастапқы аморфты қоспаның құрамымен салыстырғанда ниобий, мыс жəне бормен
байытылған.
Басқа нанокритсллды қоспалармен салыстырғанда Fe
73j5
Cu
1
Nb
3
Si
13j5
B
9
құрамды қоспада
ең жақсы магниттік қасиеттер бар, ол өндірістік ауқымда жасалады жəне пайдаланылады.
Өтандық өнідіріс орындары шамамен осындай химиялық құрамды 5БДСР қоспасын
шығарады.
Нанокристаллды қоспаларды, оларға қойылатын негізгі талаптар үлкен қанығу
индукциясы, қайта магниттелуде жоғалтулардың аз, өтімділік мөлшері жоғары болатын
құрылғыларда қолданады. Олар жоғары коррозияға шыдамдылыққа ие. Қарапайым көміртекті
болаттар наноқұрылымды күйде, арнайы коррозияға шыдамды болаттармен салыстырғанда,
аса жоғары анти коррозиялық қасиеттерге ие екендігін тəжірибелер көрсетті.
Наноқұрылымды нитинол айрықша жоғары серпімділік пен ҚЖЭ көрсетеді. Магнитті қатты
жəне магнитті жұмсақ материалдардың қасиеттері қарапайым кристалл күйдегі
аналогтарының сипаттамаларын айтарлықтай басып озады.
Көлемді
наноқұрылымды
материалдардың
механикалық
қасиеттері
ерекше
қызығушылық туғызады. Холла—Петча өрнегіне сəйкес наноқұрылымдарды қалыптау аса
берік күйге əкеледі. Металл түйірінің өлшемін 10 мкм-ден 10 нм-ге дейін кішірейту беріктікті
шамамен 30 ретке арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: