7.34 сурет. Жарықшағы бар құбырда
жөндеуге арналған құрылғы сұлбасы:
1
жəне
4
— қалып жады эффектісі бар
материалдан жасалған элементтер;
2
—
құбыр;
3
— алынбалы қосымша; I, II, III —
жинаудың реттілігі
ұлпамен жақсы үйлесімділігін
жəне адам организмінің биология-лық
құрылымымен қабылдамау реакциясының
жоқтығын көрсетті.
Омыртқаның туа біткен, əдетпен
немесе ауру жағдайымен пайда болған түрлі
қисаюлары
жүру
кезінде
қатты
дифформацияға əкеледі, ол қатты ауруды
ғана туғызбайды, сонымен қатар ішкі
органдарға
кері
əсерін
тигізеді.
Ортопедиялық хирургиялық ота кезінде
омыртқаны түзетуді əдетте коррозияға берік
болаттан жасалған
Харинтон білігі көмегімен жүзеге асырады. Бұл əдістің кемшілігі – бастапқы түзетуші
күштің уақыт бойынша кішіреюі. Орнатқаннан кейін 20 минут өткенде түзетуші күш 20 %,
ал 10-15 күннен соң – бастапқыдан 30 %-ға дейін кішірейеді. Күшті қосымша түзету ауыр
отаны қайталауды қажет етеді жəне əрдайым мақсатына жете бермейді. Егер Харинтон
білігі үшін ҚЖЭ бар қоспаны қолданса, білікті бір рет қана орнатуға болады, отаны қайта
жасау қажеттілігі болмайды. Егер отадан кейін Харинтон білігін дене температурасынан
біршама асатын температураға дейін қыздырса, қажет түзеткіш күшті жасауға болады. Бұл
мақсат үшін, қалыпты қайта орнына келтіргеннен кейін 35...41 °С температура
интервалында жоғары иілгіштік көрсететін, мыс, темір жəне молибден қоспасы бар Ti—Ni
негізіндегі қорытпалар эффективті. Мұндай қоспалары бар түзеткіш құрылғылар,
құрылғының тірек нүктесінің жылжуына тəуелсіз, барлық емдеу кезеңінде омыртқаға əсер
ету үшін мөлшері бойынша тұрақты күш салады.
Сүйек сынуы кезінде медициналық көмек əдісі, коррозияға берік болат немесе Co—
Cr қоспаларынан жасалған пластинка көмегімен сыну аймағын сүйекке сығу күші əсер
еткендегі күйде бекітуден тұрады. Егер біріктіретін пластинка үшін ҚЖЭ бар қоспаны
қолданса, отадан кейін дене температурасынан біршама асатын температураға дейін
сырттай қыздыру арқылы сыну аймағын берік бекіту мүмкін болар еді, сонымен қатар ота
кезінде сүйекті бойлай сығуды жүзеге асыру қажеттілігі болмас еді.
Достарыңызбен бөлісу: