Титан никелидінің балқымасынан қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі парақшаларды,
сығымдалған шыбықшаларының диаметрі 110 мм-ге дейін болатын сымдарды жəне сыртқы
диаметрі 50 мм-ге дейінгі құбырларды жасайды.
Қ
АЛЫП ЖАДЫ ЭФФЕКТІСІ БАР ҚОСПАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
.
ҚЖЭ бар қоспаларды жиі,
көлік
құрылысы, авиағарыштық жəне зымырандық техника, құрал құрылысы, энергетика,
медицина жəне басқа түрлі салалардағы принципиалды
жаңа конструкциялар мен
технологияларды жасауға мүмкіндік беретін, интеллектуалды материалдар деп аталатын
топқа жатқызады. ҚЖЭ бар қоспалардың кейбір қолданыс объектілерін қарастырайық.
Таяу жəне қиыр ғарышты меңгеру орбиталық бекетердің пайда болуы мен ірі ғарыштық
құрылыспен байланысты. Күн батареялары жəне ғарыштық антенналар сияқты ауыр
объектілерді құрастыру қажет. 7.30 суретте құрылымы өздігінен айналатын антеннасы бар
ғарыштық аппараттың сұлбасы көрсетілген. Антенналар Ti—Ni
қоспасынан жасалған білік
жəне беттен тұрады, олар шиыршық түрінде оратылған жəне жасанды серіктің қуысына
орналастырылған. Жасанды серікті ұшырып, оны орбитаға
шығарғаннан кейін антенна
арнайы қыздырғыштың көмегімен немесе күн сəулесі əсерəнен қызады, нəтижесінде ол
ғарыштық кеңістікке шығады.
Түрлі техникалық объектілерді, тұрғын жəне өндірістік модульдерді орналастыру үшін
ашық ғарыштық кеңістік жағдайында үлкен платформаларды құрастыру қажет.
Ашық ғарышқа ауыр агрегаттарды техникалық
тұрғыда
кейін
монтаждау
жұмыстарын
жүргізетін бөлшектермен ғана жеткізуге
болады.
Көптеп
өндіруде
қолданылатын
бұйымдарды
біріктіру
əдістері
(балқытып
біріктіру, пісіру, жапсыру, шегелеу жəне
басқалар) ғарыштық жағдайда жарамсыз. Ерекше
жоғары қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге
айрықша талап қойылады.
Осы
ерекшеліктерді ескеріп, Ресейде ТН-1
қоспасынан жасалған муфтаны қолданып, ашық
ғарышта элементтерді біріктірудің бірегей
технологиясы жасалған. Бұл технология жалпы
ұзындығы 14,5 м жəне көлденең қимасы беті 0,5
м квадрат болатын аллюминий
Сурет 7.30. Элементтері өздігінен
өзгеретін ғарыштық аппараттың сұлбасы:
1
— антенна;
2
— күн батареясы;
3
—
энергия шашыратқыш;
4
—
механикалық стабилизатор
306
■■
Сурет 7.31. Құбырлы бұйымдарды қалып жады эффектісі бар металлдан жасалған муфта
көмегімен біріктіру:
а
— жинауға дейін;
6
— қыздырғаннан кейін;
1
— бұйым;
2
— муфта
қоспасынан жасалған ферма конструкциясын жинауда сəтті қолданылды. Ферма диаметрі 28 мм,
өзара қалып жады бар металлдан жасалған муфта көмегімен бірігетін (7.31 сурет),
бөлек
құбырлы бұйымдардан тұрған.
Муфтаны темір өзек көмегімен төменгі температурада, оның ішкі диаметрі біріктірілетін
элементтердің сыртқы диаметрінен үлкен болатындай қылып деформациялаған. Кері
мартенситті өзгеріс температурасынан жоғары қыздырғаннан кейін муфтаның ішкі диаметрі,
муфтаның кеңейтуге дейінгі диаметріне дейін қалпына келеді.
Бұл кезде бірқатар сығатын
реактивті күштер генерацияланды, біріккен элементтер иілгіштік деформацияланды, бұл
олардың берік байланысын қамтамасыз етті. Ферманы жинау жəне оны «Мир» орбиталы
кешенінің «Квант» астрофизикалық модуліне орналастыру 1991 жылы ашық ғарышқа барлығы
төрт рет шығу арқылы жүзеге асырылды жəне бырлығы бір тəулікке жуық уақыт алды.
Құрылыстың осындай қағидалары үлкен тереңдіктерде
ірі габаритті теңіз суасты
құрылымдарын монтаждау үшін қолдануға болады.
Құбырларды
термомеханикалық
біріктіруге арналған муфталарды көптеген
құрылымдарда қолданады (7.32 сурет). Оларды
F-14 реактивті жойғыштың гидрожүйесінің
құбыр желісін біріктіру үшін қолданады, айта
кететіні, май кетумен байланысты
қандай да бір
апат белгіленбеген. ҚЖЭ бар қоспадан жасалған
муфталардың, олардың жоғарғы сенімділігімен
қатар,
жоғары
температуралық
қызудың
(балқытып біріктіруге қарағанда) жоқтығы
артықшылығы болып табылады. Сондықтан
біріктіру маңында материалдардың қасиеті
Сурет 7.32. Қалып жады эффектісін
қолданып, құбырларды біріктіру
Достарыңызбен бөлісу: