Қоспалардың сызықты кеңею коэффициенті алдын ала өңдеуге тəуелді. Инвардың а
коэффициентінің минималды мəні, нəтижесінде қоспалар қатты ерітіндіге өтетін, 830 °С
температурадан шынықтырудан жəне 315 °С температурадағы демалыстан кейін жетеді.
Салқын деформация да СКТК азаюына əсер етеді. Қос өңдеудің комбинациясы нəтижесінде
А
нөлге тең болады.
Никельдің бір бөлігін кобальттың сəйкес бөлігімен ауыстыру жəне мыстың аз
қосындыларымен қоспалау инвардың СКТК қосымша азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай
қоспаны
СУПЕРИНВАР
деп атайды.
Электрвакуумды газразрядты жəне жартылай өткізгіш аспаптарда, əйнек жəне керамика
сияқты диэлектриктер мен металлдың қосындысын кең қолданады. Қосындылардың
вакуумды тығыздығы мен герметикалығын қамтамасыз ету үшін экплуатациялық
температура интервалында біріктірілетін жұп материалдарының СКТК сəйкестігі қажет. Күш
салу мен жарықшақтардың алдын алу үшін қоспаның СКТК диэлектриктің СКТК
максималды жақындатылған жəне қатаң реттелген болуы керек. Металлдың əйнекпен
қосындысының жарамдылығын анықтау үшін сезімтал əдіс – қосындыдағы серпімді кернеуді
поляризацияланған жарықта өлшеу əдісін қолданады.
Әйнекпен дəнекерлеу жəне біріктіру үшін қоспалардың құрамын, əнекті жұмсартуға
дейінгі температураның барлық интервалында əйнек пен металлдың СКТК мəні бойынша
жақын болатындай етіп таңдалады. Коварды термотұрақты əйнектермен біріктіру үшін, ал
платинитті – электровакуумдық өндірісте қолданылатын қарапайым оңай балқитын
əйнектерге қолданады. 7.29 суретте екі түрлі сортты əнектер мен оларға сəйкес қоспалардың
сызықты кеңею сипаты көрсетілген.
7.14 кесте.
Достарыңызбен бөлісу: