электролитпен тікелей байланысын болдырмайтын титан оксидінің берік пассивті қабықшасы
TiO
2
құрылады.
Титандағы оксидті қабықша ауадағы тотығу, анодты тотығу жəне тек күшті тотығу ғана
емес, сонымен қатар əлсіз қышқыл жəне бейтарап ерітінділердегі өздігінен пассивтену
кезінде пайда болады. Титанда ауада көп болудан кейін құрылатын оксидті қабықшаның
қалыңдығы əдетте 5...6 нм-ға жетеді.
Оксидті қабықшаның арқасында титан мен оның құймалары атмосферада, теңіз жəне
тұщы суда жемірілмейді. Ол кавитациялық коррозия мен қысымдағы коррозияға, сондай-ақ
органикалық қышқылдарға бекем.
Титан мен оның құймаларынан жасалатын бұйымдар өндірісінің технологиялық
ерекшеліктері бар. Еріген титанның жоғары химиялық белсенділігі үшін оны қорыту, құю,
доғалық балқыту жұмыстарын вакуумда немесе инертті газдар атмосферасында жасайды.
Титан құймаларының арнайы болаттарға қарағанда аз ыстыққа кішігірім төзімділігі бар.
Оларды қолданудың жұмыс температурасы 500.550°C-тан аспайды. Бұл температураны
асырған жағдайда титан мен оның құймалары оңай тотығады жəне газдарды қарқынды
жұтады (8.7 сурет).
Технологиялық жəне эксплуатациялық қыздыру кезінде титанды газға қанығудан қорғау
үшін шаралар қолдану қажет. Газдардан бөлек титан үшін зиянды қоспалар карбидтер
құратын оттек болып табылады.
Титан созылмалы əрі бөлме жəне жоғары температурада қысыммен оңай өңделеді. Титан
мен оның құймалары жоғары беріктік пен балқыту байланысының созылмалығын қамтамасыз
етіп, байланысты жəне доғалық балқытумен жақсы балқытылады. Кесу арқылы нашар өңделу
титанның кемшілігі болып табылады.
Титан құймаларын қоспалаудың негізгі мақсаты беріктікті, ыстыққа төзімділікті жəне
коррозияға беріктікті жоғарылату. Титанның алюминиймен, хроммен, молибденмен,
ваннадимен, марганецпен,
қалайымен
жəне
кейбір
басқа
элементтермен құймалары кең қолданысқа ие
болды. Темір негі-
Зіндегі құймалардағыдай қоспа-
лаушы элементтер титанның
полиморфты айналуына үлкен
ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: