С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы


Титан құймаларының механикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет151/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

Титан құймаларының механикалық қасиеттері 
Құйма маркасы
 
Құрылым 
бойынша класс
 
а , МПа
 
5, %,
 
кем емес
 
кси,
 
Дж/см
2

кем 
емес
 
Термиялық 
өңдеу
 
Қолдану облыы
 
Техникалық титан 
ВТ 1-0
 
а-құйма
 
390...540
 
20
 
100
 
Қыздыру
 
Химиялық өндіріс, криогенді қондырғылар
 
ВТ5
 
Солай
 
700... 950
 
10
 
50
 
Қыздыру
 
Криогенді жəне 450 °С дейінгі жоғары 
температураларда атқарылатын 
жұмыстарға арналған бөлшектер
 
ВТ5-1
 
»
 
750... 950
 
10
 
40
 
»
 
Солай
 
ОТ4
 
Псевдо-а- құйма
 
700... 900
 
12
 
40
 
»
 
»
 
ВТ6
 
(а + р) мартенситті 
класс құймасы
 
1 100... 1 150
 
14
 
40
 
Қыздыру,
 
суару,
 
тозу
 
400 °С температурадағы ұзақ жұмыс үшін 
балқыту құрылымдары, қысқа уақыт — до 
750 °С
 
ВТ14
 
То же
 
1 150... 1 400
 
6
 
50
 
солай
 
Солай
 
ВТ16
 
»
 
1 150... 1250
 
4
 

 
»
 
350 °С дейінгі температурадағы ұзақ 
жұмысқа арналған бөлшектер
 
ВТ22 
(а + р)-өтпелі 
класс құймасы 
1 100... 1 500 

» 
500 °С температурада жұмыс жасайтын 
бөлшектер 
ВТ15 
Псевдо-р-құйма 
1 300... 1 800 

» 
350 °С дейін ұзақ жұмысқа арналған 
бөлшектер, қықа мерзімге — 750 °С дейін 


Титан мен оның құймаларының қолданылуы. 
Қазіргі кезде титан ракеталы-
ғарыштық техникада, кеме құрылысы мен транспортты көлік құрылысында кең қолданылады. 
Мұнда жоғары беріктік пен коррозияға қарсылықпен қатар аз тығыздық маңызды рөл 
ойнайды. Титан құймаларынан фюзеляж қаптамасын, қатты жылдамдықтағы ұшақтардың 
қанаттарын, ракеталардың панелі мен шпангоуттарын, турбиналар дисктері мен қалақтарын 
жасайды. Титанның алғашқы қолданушысы авиациялық өндіріс болды. Түйіндер мен 
бөлшектер жасауда алюминий құймаларының орнына жоғары берік титан құймаларын 
қолдану дыбыстық бөгеттен өтетін ұшақтарды жасауға мүмкіндік берді. Аса дыбысты 
жылдамдықтарда планер қаптамасының беткі бөлігіндегі температура алюминий жəне 
магний құймаларының ыстыққа төзімділігінің мүмкін дəрежесінен айтарлықтай асып түседі: 
Аппараттың жылдамдығы, км/сағ ... 2 000 
3 000 4000 
10М* 
Планер қаптамасының 
бетінің температурасы, °С ... 75.110 210.290 380.580 
800.1000 
*10М — дыбыс жылдамдығынан 10 есе көп гипердыбыстық жылдамдық. 
Титан құймалары ұщу жылдамдығы шамамен 4000 км/сағ құрайтын ұшақ аппараттарының 
планерлерін жасауға жарамды. Титаннан лонжерондар, шпангоуттар, шасси бөлшектерін 
жасауға болады, бұл олардың массасын болат бөлшектерінің массасымен салыстырғанда 
40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Ракеталы ғарыштық жəне авиациялық техникада қазіргі кезде титан өндірісінің жалпы 
көлемінің 80%-ы қолданылады.
Теңіз 
суында 
коррозияға 
жоғары 
беріктігі, эрозияға жақсы қарсылығы мен 
кавитация арқасында титан мен оның 
құймалары кемелер мен теңіз құрылыстарын 
соғуға мінсіз сəйкес келетін материалдарға 
жатады (8.10 сурет). 
Бірінші кезекте титан құймалары жер 
асты 
қайықтарын 
жабдықтауда 
өз 
қолданысын тапты. 
Норвегия, АҚШ, Жапония мен Ресейде 
титан құймаларын мұнай мен газ алуға жəне 
Әлемдік мұхит түбінен темір марганецтік 
конкрециялар 
алуға 
арналған 
теңіз 
платформаларда қолдану бойынша жұмыстар 
жүргізілуде. 
Сурет 8.10. Титанның теңіз суы мен 
тұздықтарда коррозиялық беріктігінің 
диаграммасы: 
I — питтинг жəне саңылаулық коррозия; 
II —саңылаулық коррозия; III — коррозияға 
толық иммунитет 
339 


Титанның құрамында хлор бар қышқылдандыратын орталарға тұрақтылығы 
целлюлозалы қағаз өндірісіне жабдықтар жасау кезінде хром, хлораттар, хлор диоксиді, 
лимон қышқылы өндірісі үшін химиялық өндірісте оның кеңінен қолданылуына ықпал етті. 
Сонымен қатар, титан құймаларынан жасалатын жабдық жоғары төзімділігімен жəне 
ағымдағы жөндеуге кететін аз шығынмен сипатталады. Хлоридті əсерге жоғары беріктігінің 
арқасында титан контейнерлерін радиобелсенді шығындарды арнайы жер асты шахталары 
мен галереяларда көму үшін қолданған жөн. 
Түрлі орталарда жоғары коррозияға беріктік титан құймаларын тағам өндірісінде 
қолдануға ықпал етеді. Кейбір тағамдар болатпен байланыстан бүлінуі мүмкін, ал титан 
оларға бөтен иіс, түс немесе дəм бермейді. Төмен температураларда созылмалығы мен 
тұтқырлығына байланысты титан құймаларын мұздатқыш жəне криогенді техникада 
қолданады. 
Титан адам ағзасының тіндерімен биологиялық үйлесімділігіне байланысты 
медицинада қолданылады. Титан сүйек жəне бұлшықет тіндерінен шеттетілмей, оңай бітіп 
кетеді. Өзінің биологиялық инерттілігімен ол барлық белгілі коррозияға берік болаттар мен 
құймалардан асып түседі. Ортопедтік хирургияда титан құймаларын иық, бөксе, тізе 
буындарының протезі ретінде, сынықтарды қосып, жетілдіруде қолданады. Титан 
құймаларын жүрек-қан тамырлары қақпақшаларын жəне электронды стимуляторларды 
жасауға, жасанды тіс имплантаттары ретінде қолданады. 
Ресейде, АҚШ-та жəне басқа елдерде титаннан жасалған монументтік құрылыстар 
пайда болды. Ғарыштарды бағындырушыларға монумент пен Мəскеудегі Ю.Гагаринге 
ескерткіш көп танымал. 
Жапонияда шатырлардың, ішкі интерьердің сыртқы қаптамасы үшін жалпақ титан 
кеңінен қолданылады.
Титан бұйымдарында анодты қышқылдандыру əдісімен олардың беткі түстерін 
өзгертетін түрлі қалыңдықтағы оксидтер қабатын құруға болады. Кернеу деңгейі мен өңдеу 
уақытын реттеу арқылы қатты көк, ашық көк, сары, күлгін, көгілдір, жасыл түстерді алуға 
болады. Титан бұйымдарын азот атмосферасында суару немесе ионды-плазмалы өңдеу беткі 
бөлікте титанның алтын түстес берік нитридтерін құрастыруға мүмкіндік береді. Мұндай 
технология екерткіштерді жөндеуде жəне қайта тұрғызылатын шіркеулік ғимараттарда 
кірестер жасауда қолданылады. 
Титан құймаларының кеңінен енуі титанның көптеген элементтермен жоғары 
туыстығымен жəне оның табиғи бірігулеріндегі химиялық байланыстардың беріктігімен 
түіндіріледі. Өндірістің технологиялық процестерінің кемелденуі мен титан құймаларының
340 


түрлі салаларда қолданылуларының кең перспективалары олардың жақын болашақта 
маңызды конструкциялық материалдарға айналатынын нақты сенімділікпен айтуға мүмкіндік 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет