Құрамында 20% цинк бар деформацияланған жездердің теріс қасиеті аммиак іздерін
қамтитын дымқыл атмосферада жата жетілу кезінде шатынауға бейімділігі болып табылады.
Маусымды шатынау ерітінділердің біркелкі емес концентрациясының орындарында түйіндер
шекарасындағы коррозиямен шартталған. Бұл ақауды төмендету үшін деформациядан соң
жездерді қайта кристалдау температурасынан төмен температурада қыздырады (əдетте 250
°С).
Деформацияланған жездерден құбырлар, шыбықтар, тілмелер, сымдар жасайды.
Құйылмалы жездерді жерге, темірқорамға, қысыммен құяды, оларды арматура мен кеме
құрылысының бөлшектерін, жұмыстың күрделі жағдайларына арналған қысқыш
бұрандамалардың сомындарын, тығындар, астарлар мен мойынтіректер жасауға
пайдаланады.
Ликвидус жəне солидус сызықтарының арасындағы тар интервалдың арқасында
құйылмалы жездер ликвация мен отырғызылған кеуектілікке бейім емес.
Достарыңызбен бөлісу: