С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет189/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

Бақылау сұрақтары 
1.
Полимерлерге қандай материалдар жатады? 
2.
Полимердің құрылымы қандай? 
3.
Полимер құрылымы оның қасиеті қандай əсерін тигізеді? 
4.
Полимердің негізгі физикалық –механикалық қасиеттерін атаңыз. 
5.
Полимердің ескіруі (тозуы) дегенді қалай түсінесің? 


1 3 Т А Р А У
ПЛАСТМАССАЛАР 
13.1. 
Пластмассалардың жалпы сипаттамасы 
Пластикалық массалар (бұдан əрі— пластмассалар) —негізгі синтетикалық полимерден 
тұратын, белгілі бір температурада пластикалық икемді күйге жəне қысыммен керекті 
пішінге айналатын жасанды материалдар. Пластмассалар тек қана полимерден тұруы мүмкін. 
Мысалы, кəдімгі органикалық шыны плексиглас - полиметилметакрилат полимерінен тұрады. 
Пластмассалар қасиеті олардың негізін құрайтын полимерлер қасиеттерімен анықталады. 
Пластмассалар бірнеше құрамнан тұрады: байланыстырушы заттардан, толтырғыштардан, 
пластификатордан жəне т.б. тұрады.
Байланыстырушы заттар
полимердің міндетті құрамы болып табылады. Полиэтилен 
секілді, қарапайым пластмассалар бір ғана байланыстырушы заттан тұрады.
Толтырғыштар ретінде
органикалық жəне органикалық емес қатты материалдар 
қолданылады. Толтырғыштар пластмасаларға беріктік, қаттылық, жылуға төзімділік, сонымен 
бірге арнайы қасиеттер береді.Сонымен бірге толтырғыштар пресстеу кезіндегі материалдың
шөгуін төмендетеді.
Пластификаторлар 
полимердің үлкен молекулаларын өзара жылжымалылығын 
арттырады, пластмассадан бұйымдары сығу арқылы өндіруді жөңілдетеді. Пластификаторлар 
пластмассаның 
иілімділігін 
(созылымдығын) 
арттырады 
(морттығын 
азайтады). 
Пластификаторлар - кіші молекулалы, жоғары температурада қайнайтын, аз ұшатын сұйық 
заттар сдибутилфталат, хлорпарафин). Пластификатор ретінде күрделі эфирлер, төмен 
молекулалы полимерлер қолданылады.Пластификаторлар пайдалану кезінде тұрақты болуы 
керек. Олардың болуы пластмассаның суыққа төзімділігін, отқа төзімділігін ұлғайтады.
Пластмасса құрамына тұрақтандырушылар (стабилизаторлар), тозуға қарсы тұратын 
заттар, бояғыш заттар кіреді.
Стабилизаторлар пластмассаның ұзақ мерзімге шыдас беруі үшін қажет болады. Жарық 
стабилизаторлары тотығудан, ал тотығуға қарсы заттар –термототығудан сақтайды. 
Қатайтушы заттар полимер құрылымын өзгертіп, пластмассаның қасиеттеріне əсер етеді. 
Полимерленуді жеделдететін қатайту заттары жиі қолданылады. Оларға бірқатар металл 
тотықтары, уротропин жəне т.б. жатады.
А р н а у л ы х и м и я л ы қ қ о с п а л а р д ы
ә р т ү р л і м а қ с а т т а
м ы с а л ы , к ү ш т і о р г а н и к а л ы қ у л ы з а т т а р
— фунгицидтер — 
пластмассаларды көгеруден, жəндіктердің жеп қоюынан сақтау үшін қосады.
 
401 


М а й л а у ш ы з а т т а р
(стеарин, олеин қышқылы) пластмассаның бұйым шығару мен 
пайдалануда құрал-жабдыққа жабысып қалуының алдын алады. 
Б о я у ш ы л а р
м е н
п и г ме н т т е р
п л а с т м а с с а ғ а
қ а ж ет
р е ң
б ер ед і . П л а с т м а с с а ғ а м ы н а д а й қ а с и ет т ер т ə н :

Т ө м е н г і т ы ғ ы з д ы қ ( ә д е т т е 1 . . . 1 , 8
г/см
3
, кей жағдайда 0,02...0,04 г/см
3
);
 

Коррозияға жоғары деңгейдегі төзімділік. Пластмассалар электрохимиялық 
коррозияға ұшырамайды, оларға əлсіз қышқылдар мен сілтілер əсер етпейді. Пластмассалар
қышқылдар мен сілтілер қоспасының əсеріне төзімді келеді. Пластмассалардың басым бөлігі
санитарлық тұрғыдан зиянсыз болады жəне мынадай қасиеттерге ие: 

Жоғары диэлектрлік қасиеттері бар; 

Кез-келген реңге боялады. Кейбір пластмассалар мөлдір, бірақ оптикалық қасиеттері 
бойынша шынылардан кейін тұрады; 

Механикалық қасиеттері кең аумақты қамтиды. Таңдалған полимерлердің табиғаты 
мен пластмасса толтырғыштарына қарай олар берік немесе иілгіш, майысқақ болуы
мүмкін. Пластиканың кейбір түрлері беріктігі жағынан шойын мен қоладан артық болады. 
Массалары бірдей болғанда пластмасса құрылым беріктігі жағынан болатқа сəйкес болуы 
да мүмкін; 

Шөгуге қарсы қасиеттер. Пластмассалар шөгуге қарсы құймалардың толыққанды 
орнын баса алады (қалайы баббиттер жəне т.б.) Мысалы, полиамидті біліктер ұзақ уақыт 
бойы майлаушы матриалдың қоспасын пайдаланбай жұмыс жасай береді.; 

Жоғары жылу өткізбеу қасиеттері. Барлық пластмассалар жылуды нашар өткізеді, ал 
пено жəне поропластарда қарапайым пластмассаларға қарағанда жылу өткізгіштік 10 есе 
төмен; 

Жақсы технологиялық қасиеттер. 
Пластмасса бұйымдарды қалдықсыз технология тəсілдерін қолданып дайындайды -
құю, пресстеу, вакуумде ұстау тəсілдерін қолданады. 
Пластмассалардың кемшілігі жылуға төзімділігінің аз болуында (100.120 °С). Қазіргі 
кезеңде кейбір пластмассалар үшін ең жоғарғы температуралық шектеу 300.400 °С. – дейін
көтерілді. Пластмассалар қалыпты төмен температурада (до -70 °С), ал кейде - криогенді
температурадаға шыдас береді. Пластмассалардың тағы бір кемшілігі – беріктігінің 
төмендігі, тозуға бейімділігі, сырғанақтығы, үлкен статистикалық жəне динамикалық 
жүктерге төзімсіздігі. Алайда пластмассалардың артықшылығы кемшіліген басым жəне жыл 
сайын олар молынан шығарылуда. 


Құрамындағы байланыстырушы заттар сипатына қарай пластмассаларды 
термопластикалық 
полимерлер 
негізінде 
алынатын 
термопластикалық 
жəне
термореакциялық деп бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет