260 °С температурада фторопласт-4 өрт қауіпін туғызбайды, жанбайды, адам
организміне əсер етпейді, тек өртке оранған сілті металдар мен фтор ісерінен ыдырауы
мүмкін.Фторопласт-4 үйкелісі төмен болғандықтан, машина біліктерін жасауға қолданылады.
Біліктердің тозуын тежеу үшін фторопластқа 15...30 % толтырғыш (графит, дисульфит
молибдена, стеклянное волокно жəне т.б.) қосады.
Фторопласттар электротехника жəне радиотехника өнеркəсібінде химиялқық жағынан
төзімді құбырлар, көтергіш крандар, сорғыштар, біілктер, медицина техникасын, суық пен
жылуға
төзімді құралдар, құрал –жабдықтардың сыртына қаптамалар шығаруға
пайдаланылады.
П о л и а м и д т е р
(МОСТ 10589—87, МОСТ 17648—83) құрамына танымал термопласт
пластмассалар( найлон, капрог жəне т.б.) енеді. Қарастырылып отырған полиамидтердің
созылғандағы (400 МПа) беріктігі жоғарылығымен, соққыға төзімділігімен, тербелістен
түсетін күштерді жұтып қоятындығымен сипатталады. Полиамидтер үйкелу коэффициенті
төмен жəне майлау материалдарын қоспай біліктер жасауға қолдануға болады.
Полиамидтерді конструкициялық жəне
электр оқшаулау бұйымдарын, тығыздау
құрылымдарын, сырғанау біліктерін, сілті, қышқыл, маймен əсерлесуде төзімді техникалық
бұйымдар, мəдени-тұрмыстық жəне металды қаптайтын бұйымдар шығаруға
пайдаланылады.
П о л и ур е т а н д а р
— өнеркəсіпте кеңінен қолданылатын құнды
термопластар.Полиуретандар беріктігімен, тозуға төзімді, үйкелу коэффициенті жоғары, май
мен бензин əсеріне төзімділігімен сипатталады. Полиуретаннан жасалған бұйымдарды
температура -70 °С.-ге дейін төмендегенше пайдалана беруге болады. Полиуретан
талшықтарының химиялық төзімділігі жоғары. Оларды оқшаулау түтіктерін, парашюттар
матасына пайдаланады.
Органикалық шыны
(плексиглас) (МОСТ 9784—75, МОСТ 15809—70, МОСТ
17622—72) метакрилл қышқылының күрделі эфирлерін полимерлеу арқылы алады.
Әдетте
полиметилметакрилатты пайдаланады. Бұл термопласт мөлдір түсті (жарық тазалығы 92 % ға
дейін),тығыздығы төмен, атмосфераға төзімді, Әр алуан қосынды қышқылдар мен
сілтілердің, көмірсутек отыны мен майлау материалдарының əсеріне төзімділігі жоғары.
Органикалық шыныны қалыңдығы 25 мм –ге дейін болады.оның кемшілігі – бетінің беріктігі
өте төмен болады.
408
Поликарбонат - дифениолпропан мен фосген негізін құрайтын термопласт, оны
«дифлон»деген атпен шығарады.Поликарбонатардың су сіңіру қасиеті төмен, жақсы
диэлектрлік қасиеті бар, иісі мен дəмі жоқ, физиологиялық жағынан зиянсыз, түссіз, жақсы
боялады. 120 °С. дейін қыздырғанда тотықтырғыштар əрекетінен
болатын өзгерістерге
төзімді. Поликарбонат — металдың орнына қолдануға болатын соққыға төзімді
термопласттарды конструкциялық материал ретінде қолданылады. Поликарбонаттан көлемді
ыдыстар, машина біліктерін, қақпақтар, жеміс шырындарын, сүт жəне шарап таситын
ыдыстар жасайды. Оны сұйық газдар ортасында жұмысқа пайдалануға да болады.
Поликарбонаттың физикалық –механикалық қасиеттері оларға армирлеуші талшқытар
енгізгенде жақсара түседі.Мысалы, поликарбонатқа шыны талшықтарын енгізгенде (30
%дейін) оның серпімділік модулі тартылғанда 3 есе ұлғаяды, Бринелль бойынша беріктігі 1,5
есе ұлғаяды. Материалдың
жылуға төзімділігі де ұлғаяды, Ал ТСКК 3 есе азаяды,
материалдың шөгуі 2есе төмендейді. Армирленген эстеран түріндегі поликарбонаттар
машина бөлшектерін, мысалы, тербеліс біліктерін, жұдырықша біліктерді жасауға
қолданылады.Армирленген поликарбонаттар -200...+110 °С температура аясында өз
қасиеттерін сақтайды жəне пайдалану мерзімі де сенімді болады.
Ресейде шынымен толтырылған поликарбонаттан басқа,
шыны талшықтарымен
толтырылған полистиролдар мен өзге де термопластар кеңінен қолданысқа енген. Шыны
талшықтарымен толтырылған термопластардың механикалық қасиеттері жоғары жəне
жоғары температурада бұйымның пішіні өзгермеуін қамтамасыз ете алады. Мұндай
термопластарды шығару жыл сайын 25,30 пайызға ұлғайып отыр. Оларды өнеркəсіпте
электрондық жəне электотехникалық бөлшектер, автомобиль, тігін өнеркəсібінің
бұйымдарын шығаруға пайдаланады.
Төменгі температуралы техникада полиэтиленнен, полистиролдан, фторопластан,
полиамидтен жəне өзге де полимерлердің термопластары кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: