С т е к л о т е к с т о л и т т е р ( ш ы н ы т е к с т о л и т т е р ) (МОСТ 10292—74, МОСТ
12652—74) деп шыны талшықты материалдар негізінде жасалған называют слоистые
пластики на основе тканых стекловолокнистых мпластиктерді айтады. Стеклопластиктер
жылу мен суыққа төзімді, қышқылдар мен өзге де химиялық белсенді реагенттер əсеріне
төзімдігімен сипатталды. Стеклопластиктерден ірі көлемді бұйымдар, радиотехника жəне
электр оқшаулау бөлшектерін дайындауда 200
0
С температурада ұзақ мерзімге, қысқа
мезімдік 250
0
С жұмыс жасай беретін пластиктер қатарына жатады.
Стеклопластиктер техниканың əр алуан саласында қолданылатын конструкциялық
материалдар (олардан темір жол вагондары, машина қораптары, қайықтың, кемелердің
қаптамалары, қораптары) жасалады.
13.2 кестеде кейбір реактопластардың қолдану аясы мен қасиеттері келтірілген.
Төтенше жағдайларда жұмыс жасау үшін стеклопластиктерден эпоксидті қарамайдан
тұратын беріктігі жоғары құрылымдар жəне əр алуан түрде тоқылған жоғары модульді
шыны талшықтар қолданылады.
Суыққа төзімді стеклопластиктерді шығаруда армирлеуші материал ретінде диаметрі 6...
7 мкм болатын механикалық беріктігі мен тығыздығы жоғары, адгезиялық қасиеті жоғары
жəне тығыздығы аз, сілтісіз алюминий борлы силикат шыныларды пайдаланады.
Шыны қаңқаға байланыстырушы заттар сіңеді жəне қатқаннан кейін өнімнің
монолиттігін қамтамасыз ететін жеке талшықтар мен толтырғыштар қабаты өзара
желімденіп қалады. Стеклопластиктердің физикалық –механикалық қасиеттерінің жоғары
болуы шыны талшықтар мен полимерлі байланыстырушы заттар арасындағы берік ілінісуге
(жабысуға) байланысты.
Эпоксидті қарамайлардың шыны талшықтарға адгезиясы жоғары жəне қатқан
кездегі шөгуі аз болғандықтан, криогенді жағдайларда монолитігін сақтайды.
Стеклопластиктерді ғарыш –космос техникасын жасауға кеңінен пайдаланады.
Беріктігі жоғары стеклопластиктерді - эпоксидті қарамай мен шыны – сұйық сутектерге
төзімді болғанықтан, олардан от жағу бөшкелерін дайындайды. Стеклопластик құбырлар
жылуды оқшаулау мен коррозияға төзімділік қасиеттеріне қарай таптырмас құрал болып
саналады.
413