С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет202/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

1 2
 
3
 
4
Сурет 16.1. Лак-бояу жабыны жүйесінің 
сызбасы:
1- грунт; 2 – бітеуіш; 3 – эмаль; 4 – 
жабушы лак 


жерлерін тегістеу мақсатында пайдаланады. Бітеуіштер басқа лак-бояу материалдарына 
қарағанда айтарлықтай үлкен тұтқырлыққа ие. Бұл пигмент пен толтырғыштың анағұрлым 
жоғары концентрациясы себепті. 
Бұйым беттерін қорғаудың сенімділігі əдетте көпқабатты жабындарды қолдану арқылы 
қол жетізіледі. Кезекпен жағылған түрлі мақсаттарда қолданылатын лак-бояу 
материалдарының қабаттарының үйлесімі (грунт, бітеуіштер, бояулар, лактар) жабын жүйесі 
деп аталады (16.1 сурет). Қабаттардың жалпы саны 2-14 құрайды. Грунт, эмаль, лактың əрбір 
қабаттарының қалыңдығы 10...26 мкм, бітеуіш қабатының қалыңдығы 1 мм-ге дейін жетеді. 
Грунтты боялатын əрі жабушы материалды ескере отырып таңдайды. Жабушы материалды 
эксплуатация шартына жəне бұйымның талап етілетін сыртқы сипатына байланысты 
таңдайды. 
 
Бақылау сұрақтары 
1.
лак-бояу материалдарын қандай мақсатта қолданады? 
2.
лак-бояу материалдарының қандай арнайы қасиеттері бар? 
3.
Лактар мен бояулар неден тұрады? 
4.
Еріткіштер деген не? 
5.
Бітеуіш деген не? 
6.
лак-бояу жабынын жағу кезіндегі операциялар реті қандай? 


1 7 Т А Р А У
ШЫНЫ 
17.1. Жалпы мәліметтер 
 
Шыны – оксидтер балқытпасын қатайту кезінде алынатын біртекті аморфты зат. Шыны 
құрамында үш типті оксидтер болуы мүмкін: шыны құраушы, түрлендіруші жəне аралық. 
Кремний, бор, фосфор, германия, мышьяк оксидтері шыны құраушы болып табылады. 
Түрлендіруші оксидтерді енгізгенде шынынң балқу температурасы төмендейді жəне оның 
қасиеттері едəуір өзгереді. Оларға сілтілі (Na, K) жəне сілтілі жер (Ca, Mg, Ba) металлдар 
жатады. Аралық оксидтер алюминия, қорғасын, титан, темір саналады. Олар шыны құраушы 
оксидтердің бір бөлігін алмастыра алады. Шынының шыны құраушы каркасы үзілмейтін 
кеңістіктік тор болып келеді. Оның түйіндерінде иондар, атомдар немесе атомдардың 
топтары (17.1 сурет) орналасқан. 
Шынының химиялық құрамын кең шектерде өзгертуге болады, сондықтан шынының 
қасиеттері де түрлі болуы мүмкін. Шыны құраушы оксидтердің табиғатына байланысты 
химиялық құрамы бойынша шынының силикаттық, алюмосиликаттық, боросиликаттық, 
алюмоборосиликаттық жəне басқа да түрлері бар.
Модификаторлардың мөлшеріне байланысты шыны сілтілі жəне сілтілі емес болуы 
мүмкін.
Қолданылуына қарай құрылыстық (терезелік, шыныблоктар), тұрмыстық (шыны ыдыс, 
ыдыс) жəне техникалық (оптикалық, электротехникалық, химиялық жəне т.б.) шыны деп 
бөледі. 
Сурет 17.1. Шынының үзіліссіз құрылымды торының сызбасы: 
А – кварцтық; б - натрийсиликаттық
4 2 8




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет