С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы


 Шынының негізгі қасиеттері



Pdf көрінісі
бет203/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

17.2. Шынының негізгі қасиеттері 
Шынының құрылымы мен қасиеттері оның химиялық құрамы, пісіру, салқындату жəне 
өңдеу шарттарымен айқындалады. 
Шыны – термоиілімді материал, қыздыру кезінде шыны біртіндеп жұмсарып, сұйыққа 
айналады. Балқыту белгілі бір температура интервалында өтеді, оның үлкендігі шынының 
химиялық құрамына байланысты. Шынылау температурасынан төмен шыны осалдыққа ие 
болады. Қарапайым силикаттық шыны үшін 
t , .
= 425...600°С. Балқыту температурасынан 
жоғары шыны сұйыққа айналады жəне шынымассаны бұйымдарға қайта өңдейді. Шынының 
тығыздығы 2,2.8 г/см
3
құрайды. Жоғары тығыздықтағы шынының құрамында қорғасын мен 
барий оксидтерінің біраз мөлшері бар. 
Шыны – қатаң, қатты, бірақ өте осал материал. Шыны сығуға жақсы қарсы тұрады (а
сж
= 400.600 МПа), бірақ (30.90 МПа) созылудағы сынамаларда төмен уақытша қарсыласумен 
сипатталады. Сілтілі емес жəне кварцтық шыны анағұрлым берік болып табылады.
Шынының механикалық қасиеттері термиялық жəне химиялық өңдеу кезінде 
жоғарылайды. Шыныны термиялық суару жұмсару нүктесіне жақын температураға дейін 
қыздыруда жəне беткі бөліктердің ауа ағыны мен майда жылдам біркелкі салқындауда болып 
табылады. Бұл кезде беткі қабаттарда сығылысу күшейедіжəне шынының беріктігі 2-4 есе 
өседі. Жоғары қысымда жұмыс істейтін құралдарды жасау үшін сынықсыз əйнек – триплекс 
пайдаланылады. 
Триплекс 
мөлдір, иілгіш қабықшамен желімделген, екі не одан да көп шыныққан 
қабаттарадан тұратын құрама шыны болып табылады. Химиялық өңдеу беткі қабатты еріткіш 
қышқыл ерітіндімен беткі ақауларды жою арқылы өңдеуден құралады. 
Шынының 
маңызды 
қасиеті 
көрінетін 
жарық 
толқындарының 
ұзындық 
диапазонындағы мөлдірлігі болып саналады. Қарапайым табақ шыны көрінетін жарықты 
90%-ға дейін өткізеді, шамамен 8%-ын бейнелейді, 1%-ға жуығын жұтады. Ультракүлгін 
сəулелерді терещелік шынылар толығымен жұтады деуге болады. 
Шынының агрессивті орталарда жоғары химиялық беріктігі бар (еріткіш қышқыл мен 
сілтілерден басқа). Су шыныны сілтілі ерітінділердің құрылуы салдарынан біртіндеп бқзады. 
Шыныдағы сілтілі оксидтердің температурасы мен концентрациясы жоғары болған сайын
судың əрекеті күштірек болады. Шыны техникалық материал ретінде өндірістің түрлі 
салаларында кеңінен қолданылады. Бұл физико-химиялық жəне механикалық қасиеттердің 
игі үйлесімімен, осы қасиеттерді шыны құрамы мен термиялық əчердің тəсілдеріне 
байланысты кең тұрғыда өзгертуге мүмкіндіктің болуымен түсіндіріліеді.. 
4 2 9


4
3
0
17.1 кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет