таңдап алады: майлар үшін скипидар, уайт-спирит; шайырлар үшін спирттер, ацетон, бензол
мен толуол секілді хош иісті көмірсутектер; целлюлоза эфирлары үшін ацетон қолданылады.
Еріткіштер кебу кезінде толығымен буға айналады. Жабындардың кебуін тездету үшін
каталитикалық тұрғыда əрекет ететін сиккативтерді қолданады.
Олар оксидтер немесе
кобальт, цинк, қорғасын, марганецтің өсімдік майларындағы тұздар болып табылады.
Пигменттерді
(немесе бояғыштар) лак-бояу материалдарына белгілі бір түс беру үшін
пайдаланады. Бір мезетте пигменттер адгезияны жақсартады, коррозияға қарсы қасиеттерді,
қабықтардың суға төзімділігін жоғарылатады. Олар химиялық құрамы бойынша оксидтер мен
металлдар тұзы (жоса,
темір жоса, цинктік жəне титандық ақ сыр),
алюминия, цинк жəне
элементар көміртек ұнтақтары (графит, құрым), болып табылады. Сонымен қатар,
жабындарға əдемі ашық рең беретін шығу тегі органикалық пигменттерді (алқызыл пигмент
жəне т.б.) пайдаланылады.
лак-бояу материалдарын арзандату үшін оларға толтырғыштар қосады. Толтырғыштар
ретінде бор, каолин, тальк жəне басқа заттар қызмет етеді.
Толтырғыш ретінде слюда мен
асбестті қолдану жабындардың термсотөзімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.
Құрамы мен қолданылуына қарай лак-бояу материалдарын лактар, бояулар (оның
ішінде эмальдар), грунттар мен бітеуіштер деп бөледі.
Лак
деп кепкен соң қатты, мөлдір, біртекті қабықша құратын органикалық
еріткіштердегі немесе судағы үлдіртүзгіш заттардың ерітіндісін айтады.
Лактарды беткі
бөлікті сыртқы ортадан қорғайтын мөлдір жабындар алу үшін қолданады. Кейде лактарды
бояу қабатына жабын көбірек жарқырауы үшін жағады.
Грунттар, бітеуіштер жəне бояулар деп пигменттелген лактар мен олифтарды (кебудің
шапшаңдатқышы саналатын сиккатив қосылған
кепкен майлар) атайды.
Лактардан жасалған
бояуларды эмаль деп,
олифалардан жасалған бояуларды майлы бояулар
деп атайды.
Грунттар
жабынның
төменгі
қабаты
саналады жəне боялатын
беткі бөлікпен тығыз
адгезияны қамтамасыз етеді. Грунттағы пигмент
ретінде хром қышқылының тұздарын, қорғасынды
немесе темір жоса, цинктік белила жəне т.б.
қолданады.
Бітеуіш
деп
байланыстырушы
заттағы
толтырушылары бар пигменттер қоспасынан
тұратын қою əрі тұтқыр массаны айтады.
Бітеуіштерді бұйым бетінің тегіс емес .
Достарыңызбен бөлісу: