С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет198/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

ЖЕЛІМДЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ
15.1. 
Желімдеуші материалдардың жалпы сипаттамасы 
Желімдеулер деп полимерлер негізде қатайған кезде ір алуан материалдарға жабысқыш
берік қабықтар түзетін күрделі заттарды айтады. Өз қосылыстар түрлерімен салыстырғанда 
(дəнекерлеу, жаму, механикалық бекіту) желмдеу қосылыстарының артқышлықтары бар. 
Желімдер əр алуан текті материалдарды (металл, керамика, пластмасса, ағаш) қосуға 
мүмкіндік береді. Желім тігістері атмосфераға төзімді, коррозияға ұшырамайды, 
қосылыстарда саңылау қалмауын қамтамасыз етеді. Құрылымның салмағы желімдеу кезінде 
ұлғаймайды, біліктердің, жамаулардың, шегелердің тесіктері қалып кетпейді. Көптеген 
жағдайларда металл жəне металл емес материалдарды желімдеп қосу құрылымның беріктігін 
сақтаудың бірден бір жолы болып есептеледі. Желімдер қосыылстардың беріктігін сақтай 
отырып, жоғары жəне төмен температураларға шыдамды болады. Желімдік қосылстардың
кемшілігі – салыстырмалы түрде алғанда ұзақ уақыт пайдаланғанда жылуға төзімділігі 
төмендейді жəне күш түсікенде ажырап кетуге бейімділігі. 
Желім қосылыстардың жұмыс қабілеттілігі адгезия жəне когезия үрдістеріне тəуелді.
Адгезия желім қабығыны ң желімделетен бетпен ілінісуінің (жабысу) беріктігін, ал
когезия желім қабатының өзінің беріктігін көрсетеді. 
15.2. 
Желімдеуші материалдардың құрамы және қасиеттері 
Желімдер дайындау үшін термопластты жəне термореактивті полимерлер
қолданады. Термопласт полимерлер негізді желімдер берік қосылыстар береді, шектеулі
пайдалнылады жəне əдетте бұндай желімдерді жылу əсеріне ұшырамайтын (қағаз, мата)
материалдарды желімдеуге қолданылады. Темперутура жоғыралған кезде желім қабаты 
жұмсарып, желімдеген беттер ыдырап кетеді.Термореактивті полимерлер негізді желімдерде 
қатайтқыштар мен қатаю процесін жеделдететін заттар болғандықтан, беркітігі басым 
қосылыстар береді. Бұл топтағы желімдер суықтай жəне ыстық күйінде қататын желімдер
болып бөлінеді. 
419 


Суықтай қататын желімлдында дер желімдеу қатайтындар мен қатаюды 
жеделдететіндермен араласады. Ыстықтай қатайтатын желімдер дайындаушы –зауытарда 
дайындалып, тұтынушыға дайын күйінде жеткізіледі жəне бірнеше айға дейін сақталады. 
Термореактивті қарамай құрамды желімдер тобына фенолформальдегид желімдер 
жатады. Олардың құрамында жеделдету процесін жасаушылар болса (сульфоконтакт), бұл 
желімдер бөлме температурасында бірнеше сағат ішінде қатып қалады (Б-3, Ф-9 жəне т.б. 
желімдер). 
Қалыпты ылғалды жағдайда жұмыс істейтін ағаш бұйымдарды желімдеу үшін
мочевиноформальдегид қарама 
дың судағы ерітіндісінен жасалған желімді, мысалы 
КМ -12 желімін пайдаланады. Бұл суықта қататын желімдерде жеделдеткіш ретінде аммоний 
хлоридін жəне мырыш хлоридін, сонымен бірге əлсіз органикалық қышқылдарды 
пайдаланады. Фенолформальдегидті желім қосылыстары суға төзімді. Фенолформальдегидті 
қарамай негізінде əмбебап желімдердің бірнеше түрі жасалған. олардың қатарына мына 
желімдер кіреді: БФ желімі (фенолформальдегидті қарамай, бутвармен түрлендірілген), ВК -
32 –ЭМ (фенольформальдегид пен эпоксидті қарамайдың өзара əрекеінің өнімі), ВК -32-200 
(фенолформальдегидті қарамай жəне синтетикалық каучук); ВС -350 (фенолформальдегидті 
қарамай, полиацеталь, полисиликон) жəне басқалар. 
Жоғырада аталған желімдер арасында 140... 150 °С температураға дейін желімдеуі
берік болатын желім фенолформальдегид –эпоксидті желімі қамтамасыз етеді. ВК-32-250, 
ВС-350 желімдері беріктікті қамтамасыз етуден жетекші орындардағы желімдер. Мұндай 
қосылыстар 250...300°С темперутураға дейін ұзақ уақыт бойы жұмыс жасай береді. 
Термореактивті полимерлер негізіндегі желімдерден кеңінен қолданысқа енгендері
эпоксидті қарамайдан жасалған желімдер. Оларды əр алуан металл жəне металл емес 
материалдарды желімдеуге қолданады. Эпиксидті желімдер үлкен температуралық 
диапозонда пайдаланыла береді. Желімнің жекелеген түрлері -253 до +1 000 °С. 
Темперутураға шыдамды болады. Эпоксид құрамды желімдер пайдалану кезінде ұзақ уақыт 
бойы беріктігін сақтайды жəне температураға төзімді болады. Олардың маңызды жетістігі + 
қатаю кезінде шөгудің өте төмен деңгейде болуы (2% ғана), ірі құрылымдық материалдармен 
адгезиясы жоғары, вакуумда газ бөлуі де аз болады. Бұл қасиеттер эпоксид құрамды 
желімдерді тоңазытқыштық жəне криогендік құрал –жабдықтарды желімдеуде кеңінен 
қолдануға мүмкіндік береді. 
420 


Суықта қатаятын эпиксид желімдерді метал мен ағаштарды, пластмассаларды, 
керамиканы жəне резеңкені желімдеу үшін қолданады. Ыстықтай қатаятын желімдерді 
металл құрылымдар мен шыныпластика бұйымдарды желімдеуге қолданады.
Толтырғышы бар эпоксид желімдерді металл құйманың, керамиканың ағаш 
кемшіліктерін тегістеу үшін қолданады. Желімдер сыртқы пішіні бойынша сұйық түрде, 
паста, көбіне полиамидті мата немесе өзге синтетикалық материалмен армирленген күйде 
кездеседі. Эпоксид құрамды қабықа желімдер кеңінен қолданысқа енді, олармен желімдеудің 
технологиялық жағынан жетістігі басым. Резеңке бұйымдарды желімдеу үшін жəне металл 
мен резеңкені біріктіру үшін резеңке (каучукты) желімдер қолданылады. Резеңке желімдер 
суықта вулканизацияланады жəне алынған желім қосылыстары беріктікті қамтамасыз етуімен 
ыңғайлы жəне май мен бензинде көп ісіне бермейді. 
Желімделетін беттер механикалық түрде тазалануы қажет, мысалы, үйкеу 
қағаздарымен (наждак), құммен өңдеу, майсыздану (спиртен сүрту, ацетонмен сүрту). Желім 
қабығының қалыңдығы 0,1....0,6 мм болуы керек. Егер желім қалыңдығы жұқа болса, 
қабықтың тегістігібұзылады, ал қалың болса – қосылыстың беріктігі азаяды. Желімдеу 
қосылыстарды төмен климаттық температурада, сонымен бірге қатты суықта да пайдалана 
береді. Оларды кеме жасау құрылысында, автомобиль жəне əуе өнеркəсібінде, ракета –
космостық техникада қолданады. Эпоксид желімдер гидротехникалық құрылыста, көпір 
салуда, өнеркəсіптік жəне азаматтық құрылыста қолданылады.Көпір салуда құрылыстың 
қоспаларын желімдейді, тоғысатын бөліктерін қосады, металл арматураларды созуда 
желімдеуге пайдаланады.желім қатайған кезде кезекті монтажды жүргізеді. Көпірді 
арматуралар көмегімен тұрғызғанмен, құрғақ тоғысқан бөліктеріне пайдаланудың маңызы 
бар. Жұмыс қарқыны ұлғаяды, еңбек шығыны 1,8-2 есе азаяды, тоғысқан жерлерінің сапасы 
артады. Мұндай желімдер ірі өзендер Днепрді, Оканы, Москва жəне т.б. өзендерге көпір 
салғанда желімдеу технологиясы қолданылған. Эпоксид желімді темір бетон 
конструкциялардың жарықтарын желімдеуге қолданады, мысалы, жер сілкінісі болған 
жерлерде оңалту, қалпына келтіру жұмыстарына пайдаланады. 

421 


нің
Желімдер мен дəстүрлі бекіту əдістерінің үйлесімі – дəнекерлеу, болт, бұрандалармен 
бекіту – металл мен вант( кеменің мачтасын бекітетін жуан темір) құрылымдары үшін
маңызды. Мұнда қосу, бекіту жұмыстары жақсарады, өрт болған жағдайда қауіптің төнуінен 
сақтану сенімділігі жоғары. Авиация техникасында стеклотекстолиттен, органикалық жəне 
силикат шынылардан жасалған бөлшектерді желімдеуге, металдарға жылуды оқшаулау
резеңке, пластмасса жəне өзге де материалдарды бекітуге əр алуан желімдер 
пайдаланылады. Ұшақ жасауда көбінесе эпоксидті байланыстырушылары бар беріктікті 
ұлғайтатын жəне бұйымның салмағын төмендететін көмір жəне борпластиктер қоспалары 
қолданылады. Авиация техникасында бекіту желімдері ретінде эпоксид жəне
фенолкаучукты полимерлермен модификацияланған жұқа сұйық желімдер пайдаланылады. 
Желімдерді ракета шығару техникасында да кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде
желімдік қоспалар ракета құрылымында, ғарышқа ұшатын аппараттарда
Қолданылмайтын жері жоқ. Желімдер жоғары температураға жəне терең суытуға 
төзімді жəне беріктігін сақтайды. Оларды криогенді сұйықтар резервуарларының 
жылуизоляциясын нығайтуға, ракетаның от жану бактарына, ғарыштық ұшу аппараттары 
детальдарын желімдеуге кеңінен қолданады. 
Желім қоспаларын пенопластың жылуизолициялау қабаттарын цистернаға бекуін
нығайту жəне табиғи газды тасуда пайдаланады. Оларды перфорирленген пластиналарда 
тиімді қолданады. Желім қоспалардың беріктігі мен вакуумдық тығыздығы əр алуан əсер 
ететін 77- тен 433 К-ге дейінгі температура ауысуында да сақтала береді. ( 15.1 кесте). 
Криогенді температурада да тығыздық көрсеткіштері жоғары эпоксидті 
армирленген жұқа желімдер қолданады. Армирлеуші матреиалдар ретінде əр алуан
синтетикалық маталар –полиамидті, шыны материалдар қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет